Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4145

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына едәуір қатысуға рұқсат беру туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің  мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Зейнетақы қорлары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының           
2006 жылғы 25 ақпандағы     
N 64 қаулысымен бекітілген   

Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе
сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына
қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы
Ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру тәртібін көздейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қорлар Заңның  41-бабының  3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда еншілес ұйым құруы, заңды тұлғалардың жарғы капиталына немесе акцияларына қатысу үлесін сатып алуы мүмкін.

      2. Уәкілетті орган Қорға еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға рұқсат беретін тізілімді жүргізеді, сондай-ақ осы  Ереженің  1 және  2 қосымшаларына  сәйкес нысандағы заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат береді.

      3. Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат жекелей тіке немесе жанама иеленуді ниеттенген немесе бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың жиырма және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) тікелей және жанама иеленуді ниеттенген, не заңды тұлға акцияларының жиырма және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі болған Қорға беріледі.

      4. Заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесі) жанама иелену Қордың жарғы капиталындағы қатысу үлесін иелену арқылы заңды тұлғаның (қатысушының) акционері болып табылатын заңды тұлғаның жиырма және одан артық проценті мөлшеріндегі акцияларына немесе жарғы капиталына қатысу үлесі бар Қорды иелену арқылы анықталады.

  2-тарау. Қордың еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына
қомақты түрде қатысуға рұқсат беру тәртібі туралы

      5. Қор Заңның  41-1-бабының  3-тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, еншілес ұйым құрады немесе сатып алады.

      6. Қор еншілес ұйым құру немесе сатып алуға рұқсат алу үшін Заңның  41-бабының  4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға ерікті нысанда өтініш береді.
      Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің  3-қосымшасына  сәйкес беріледі.
      Қор аудиторлық ұйымның есебін және аудиторлық ұйым қол қойған сатып алынып отырған ұйымның қаржылық есеп беруін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін береді.

      7. Қор заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның  41-1-бабының  4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, ерікті нысанда өтініш береді.
      Қор қомақты түрде қатысып отырған заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің  4-қосымшасына  сәйкес беріледі.

      8. Уәкілетті орган Қорға рұқсат береді немесе еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ өтініш бергеннен кейін үш айдан кешіктірмей заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат береді.

      9. Уәкілетті органның Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартуы Заңның  41-1-бабының  5-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

      10. Уәкілетті орган Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіні бас тартудың негіздемелері туралы жазбаша хабардар етеді.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда уәкілетті орган Қорға Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.

      12. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорына
                                      еншілес ұйым құруға немесе
                                     сатып алуға, сондай-ақ заңды
                                     тұлғалардың жарғы капиталына
                                     қомақты түрде қатысуға рұқсат
                                         беру туралы Ережесіне
                                               1-қосымша

        Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға
       немесе сатып алуға берілген рұқсаттарды есепке алу
             жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы 

Еншілес ұйымның атауы 

Еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы деректер

Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына жинақтаушы зейнетақы қорына  берілген рұқсаттардың күні және нөмірі

Еншілес ұйым қызметінің түрі 

1.

 

 

 

 

 

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорына
                                      еншілес ұйым құруға немесе
                                     сатып алуға, сондай-ақ заңды
                                     тұлғалардың жарғы капиталына
                                     қомақты түрде қатысуға рұқсат
                                         беру туралы Ережесіне
                                               2-қосымша

    Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысу
   үлесіне жинақтаушы зейнетақы қорына берілген рұқсаттарды
        есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

N

Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы 

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның атауы 

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы деректер 

Заңды тұлғаның жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру күні және нөмірі 

Жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты түрде қатысуы бар заңды тұлғаның қызмет түрі

1.

 

 

 

 

 

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорына
                                      еншілес ұйым құруға немесе
                                     сатып алуға, сондай-ақ заңды
                                     тұлғалардың жарғы капиталына
                                     қомақты түрде қатысуға рұқсат
                                         беру туралы Ережесіне
                                               3-қосымша

     Еншілес ұйымдардың басшы қызметкерлері туралы ақпарат

      1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні 

Оқу орнының аты

Мамандығы

 

 

 

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі 

Жұмыс орны 

Қызметі

 

 

 

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот атауы 

Соттың тұратын жері 

Жаза түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы 

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні 

 

 

 

 

  

 

      9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган 

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы 

Шешім қабылдау күні

 

 

 

 

 

  

      Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                                (баспа әріптерімен)

Күні ___________________________
Қолы ___________________________

                                     Жинақтаушы зейнетақы қорына
                                      еншілес ұйым құруға немесе
                                     сатып алуға, сондай-ақ заңды
                                     тұлғалардың жарғы капиталына
                                     қомақты түрде қатысуға рұқсат
                                         беру туралы Ережесіне
                                               4-қосымша

  Жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты түрде қатысып отырған
      заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат

      1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні 

Оқу орнының аты

Мамандығы

 

 

 

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі 

Жұмыс орны 

Қызметі

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот атауы 

Соттың тұратын жері 

Жаза түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы 

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні 

 

 

 

 

  

 

      9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы 

Шешім қабылдау күні

 

 

 

 

 

 

      Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                                (баспа әріптермен)

Күні ___________________________
Қолы ___________________________