"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4130. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жолаушылар, теңдеме жүк және жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттарды беру тәртібін және беруден бас тарту үшін негіздемелерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2558 нөмірімен тіркелді, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы N 43-48, 895 беті; ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 3 тамыз 2004 жылғы  N 139 ; 12 қаңтар 2005 жылғы  N 4 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту Ережелерінде:
      2 тармақты келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жеке мақсаттағы немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін тек қана өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығындары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты емес рейс.";

      5-тармақта:
      Бірінші абзацтағы "уәкілетті" деген сөзі алып тасталсын;
      он төртінші абзац алып тасталсын;
      мына мазмұнда келесі абзацтармен толықтырылсын:
      "қазақстандық пайдаланушылардың тиісті реквизиттері бар, билеттер бланктері бойынша жолаушыларды қайта ұшыру міндеттемесі жөніндегі хаттамалық кепілдеме;
      қазақстандық пайдаланушы орналастырған және бір-бірімен байланысты бірнеше тұрақты емес ұшуларды (төрт және одан да көп) орындаған кезде шығарылған жолаушылардың, теңдеме жүк және/немесе жүктердің қайтадан әкелуіне қажет болу мүмкіндігіне байланысты барлық шығындарды төлеу үшін қажет депозит сомасы туралы банктің анықтамасы.";

      6 тармақтың 2 абзацындағы "2 (екі) жұмыс күнінен" деген сөздерді "1 (бір) жұмыс күнінен" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      7 тармақтағы "уәкілетті" сөзі алып тасталсын;

      8 тармақтың екінші бөлігіндегі "немесе олардың" сөздерден кейін "уәкілетті" деген сөзі алып тасталсын;
      8 тармақ мына мазмұнда келесі абзацтармен толықтырылсын:
      "Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде рұқсаттар беріледі.";

      11 тармақтың үшінші абзацындағы "пайдаланушы куәлігі" сөздерінен кейін "(болған жағдайда)" деген сөздерімен толықтырылсын;

      12 тармақтың екінші абзацындағы "көмек көрсету" деген сөздерден кейін ", чартерлік рейсті жеке мақсатта немесе қызметтік сапарда орындауы" деген сөздермен толықтырылсын;

      келесі мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:
      "12-1. Егер шетел пайдаланушысы Қазақстан Республикасына тұрақты емес ұшуларды орындау барысында Ереженің 11 тармағында бекітілген құжаттар көшірмесі берілген болса және ұшудың жоспарланған күні аяқталмаған жағдайда өтінімнің түсу мерзімі қысқартылуы мүмкін.";

      14 тармақтың 3 тармақшасындағы үшінші абзацы былайша жазылсын:
      "чартерлік рейстерді жеке мақсатта немесе қызметтік сапарда пайдалану;";
      14 тармақтың 4) және 5) тармақшалары мына мазмұнда жазылсын:
      "4) егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушы әуе кемесінде басқа бір мемлекет кез келген бағыт бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жолаушыларды тасымалдау, чартерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдаулардан басқа тұрақты емес ұшу жоспарланса;
      егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушының әуе кемесінде  басқа бір мемлекет кез келген бағыт бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жүк тасымалдау тұрақты емес ұшу жоспарланса, мына жағдайлардан тыс болса:
      көмек көрсету үшін тасымалдау ұшудың мақсаты болып табылса;
      жүк өзіндік салмағы және габариттік сипаттамасы бойынша қазақстандық пайдаланушылардың әуе кемелерінде тасымалдануға болмайтын жағдайда;
      5) егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушы әуе кемесінде  Қазақстан Республикасынан басқа бір мемлекетке бағыты бойынша коммерциялық мақсатта жолаушыларды тасымалдау, чартерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдаулардан басқа тұрақты емес ұшу жоспарланса;
      егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушының әуе кемесінде  басқа бір мемлекет кез келген бағыты бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жүк тасымалдау тұрақты емес ұшу жоспарланса, мына жағдайлардан тыс болса:
      көмек көрсету үшін тасымалдау ұшудың мақсаты болып табылса;
      жүк өзіндік салмағы және габариттік сипаттамасы бойынша қазақстандық пайдаланушылардың әуе кемелерінде тасымалдануға болмайтын жағдайда;";

      мына мазмұндағы 17 тармақпен толықтырылсын:
      "17. Бекітілген рұқсат арнайы орнатылған байланыс арналары бойынша өтінім берушінің мекен жайына, сондай-ақ "Қазаэронавигация"  Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және ұшу/қону әуежайларына жіберіледі.
      Пайдаланушының немесе оның өкілінің сұрауы бойынша рұқсат қосымша ағылшын тілінде рәсімделуі мүмкін.".

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      "Келісілген"
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда министрлігі
      Сауда және туризм қызметтерін реттеу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      2006 ж. 28 ақпан