Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы
N 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64-п "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3874 болып тіркелген, 2005 ж. 22 қарашадағы N 152 (776) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығы ;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 16-6/100п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда N 3970 болып тіркелген, 2005 ж. 27 желтоқсан
N 178 (802) "Заң газетінде" жарияланған).
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының
2006 жылғы 8 ақпандағы
N 16-6/11п бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстары және басқа да су жануарларын
пайдаланушының рейтингтік бағасын
анықтау ережесі
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс жеңімпазын анықтау үшін балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының (бұдан әрі - Пайдаланушы) рейтингтік бағасын есептеуге қажет іс-әрекеттердің тізбектілік тәртібін және механизмін белгілейді.
2. Пайдаланушының рейтингтік бағасы Рейтингтік бағаны санау парағына (осы Ережеге қосымша) сәйкес пайдаланушыға қойылатын біліктілік және басқа да талаптар тұрғысынан анықталады.
3. Рейтингтік бағаны санау парағын толтырғанда келесі жағдайларды орындауын қамтамасыз ету қажет:
1) 100 пайызға тең етіп алынатын максималдық бағалау көрсеткіші біліктілік және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінеді (3 баған);
2) ең көп/ең жақсы көрсеткіші бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша максималдық бағалау көрсеткіші беріледі;
3) пайдаланушылардың көрсеткіштерінің саны ұсынылған өтінім мен осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттарға сәйкес белгіленеді (4 баған);
4) конкурстық комиссия мүшесінің бағасы 10 және 5-баллдық жүйе бойынша белгіленеді (5 баған);
5) пайдаланушының рейтингтік бағасы (R) максималдық бағалау көрсеткішін (3 баған) 10-баллдық жүйе бағасына (5 баған) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;
R= (3 баған x 5 баған : 100).
Осы рейтингтік баға сондай-ақ пайдаланушыларға балық пен басқа да су жануарларын аулауға квоталарды бөлу кезінде қолданылады.
Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланушының
рейтингтік бағасын
анықтаудың ережелеріне
қосымша
Рейтингтік бағаны санау парағы
Пайдаланушы____________________________________________________
р/с |
Көрсеткіштің |
Макси- |
Көр- |
10-және |
Пайдалану- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Балық өсімін молайту |
10 |
|||
2. |
Балық өнімін мұздату, |
10 |
|||
3. |
Балық пен басқа да су |
10 |
|||
4. |
Балық аулау флотының |
5 |
|||
1) өздігінен жүретін, |
|||||
2) шағын көлемді, |
|||||
5 |
Аулау құралдарының |
5 |
|||
6 |
Көліктік флоттың |
5 |
|||
7 |
Балық пен басқа да су |
5 |
|||
1) 100% |
5 |
||||
2) 75%-дан 100%-ға |
1 |
||||
3) 75%-дан төмен |
0 |
||||
8 |
Аталған су тоғанының |
10 |
|||
1) 1 жылдан аса |
10 |
||||
2) келесі жылға |
5 |
||||
3) бекітілген жоқ |
0 |
||||
9 |
Табиғатты қорғау |
5 |
|||
10* |
Балық өнімдерін |
5 |
|||
11** |
Жануарлар дүниесінің |
10 |
|||
12** |
Дамыту жоспарына |
10 |
|||
13** |
Балық өсімін молайту- |
10 |
|||
Барлығы: |
100 |
* балық өнімдерін экспорттаушылар үшін
** қаржы бүкіл бекітіп беру кезеңіне жоспарланады.