Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п бұйрығымен .
_________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы
N 102 қаулысымен бекітілген балық шаруашылық су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 2 тарауы 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3874-мен тіркелген, "Заң газеті" және "Юридическая газета" ресми баспасөз басылымдарында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелеріндегі:
қосымшасында:
5 бағандағы "10-балдық" деген сөздер "10-баллдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1 жолының 2 бағанындағы "мың тнг." деген сөздер "(қорықшылық қызметті құру және ұстауына жаратылған қаражаттан басқа) мың.тнг." деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4 жолының 2 бағанындағы "өздігінен жүретін, 50 а.к. жоғары" деген сөздер "өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышпен), 40 а.к. және одан жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6 жолының 2 бағанындағы "75%-дан 100%" деген сөздер "75%-дан 100%-ға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.