БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2477 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж. N 31-36, 870-құжат , Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерімен бірге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3633 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. шілде, N 16, 122-құжат, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген,"Заң газетінде" жарияланған, 2005 ж. 2 қыркүйек, N 160-161 (894-895)) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі жөніндегі ережеде:
12-тармақтың 5) тармақшасының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі, оқу орнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралы құжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы)".
18-тармақта "Еуропалық өңiрдегi (Лиссабон, 1997 ж., сәуiр)" деген сөздерден кейін "Өңірлік Конвенцияға азиялық-тынық мұхит өңіріндегі оқытуды, жоғары білім берудің дипломдарын және дәрежелерін тану туралы (Бангкок, 1983ж.)" деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақтың 5) тармақшасының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі, оқу орнының мөрімен расталған жалпы орта білім туралы құжаттардан басқасы (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы)".
46-тармақ алынып тасталсын.
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы