"Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы N 406 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4082. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 342 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы N 406  бұйрығына , Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қазанда тіркелген, тіркеу N 3213, мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде":
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Авторлық қадағалау жүргізуге арналған шығындар құрылыстың сметалық құнында ескеріледі.".

      2. Сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау басқармасы:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Комитет төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы N 406  бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 160 бұйрығының күші жойылсын.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға