Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11075 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) «Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы № 406 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3213 болып тіркелген);
      2) «Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы № 406 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4082 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов
 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі 
№ 342 бұйрығымен бекітілген

Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жаңа объектiлер салу, бар объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерiн, коммуникацияларын) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу) үшін авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз құрылыс жобасын әзірлеуге және іске асыруға жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі жүзеге асыратын авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авторлық қадағалау журналы – жобаны әзірлеушінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшының құрылыс объектісіне барғанын есепке алуды және бару нәтижелерінің жазбаларын жүргізуге арналған журналы;
      2) жоба – жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны іс-жүзінде іске асыру мүмкіндігін ашатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
      3) жобалау саласындағы сарапшы – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
      4) жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі – жобаны және объектілер құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген, шарт негізінде авторлық қадағалауды жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      5) құрылыстың ұзақтығы – құрылыс алаңында жұмыстардың басталуынан құрылыс объектілерін пайдалануға бергенге дейінгі уақыт кезеңі;
      6) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы – объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
      7) мердігер – қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен немесе құрылыс саласындағы инжинирингтік ұйыммен жасалатын мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кұрылыс саласында мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк көрсетілетін қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
      9) тапсырыс беруші – өзінің немесе мемлекеттің мұқтажы үшін не болмаса коммерциялық мақсатта кәсіпорын, ғимарат, құрылыс салу бойынша жобаны іске асыруға инвестор (не өзі инвестор болып табылатын) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға.
      3. Авторлық қадағалау сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс шығындары осы мақсаттарға объект құрылысы құнының жиынтық сметалық есептерінде көзделген шеңберде айқындалады.

2. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      5. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
      6. Жобаны авторлық қадағалау авторлық қадағалау жүргізуге құқығы бар тапсырыс беруші мен жобаның авторы және (немесе) әзірлеушінің не сарапшының арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Объектінің құрылысы басталуға екі ай қалғанда тапсырыс беруші жобаның авторына және (немесе) әзірлеушісіне авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарттың жобасын жібереді.
      7. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі шарттың жобасын алғаннан кейін бір ай ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) шарттың жобасына қол қояды және оны тапсырыс берушіге жібереді;
      2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар және тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестатың нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі бар сарапшыға объект құрылысына авторлық қадағалау жүргізу (жүзеге асыру) құқығын береді, ол туралы тапсырыс берушіге жазбаша хабарлайды.
      Осындай жағдайда авторлық қадағалау жүргізуге арналған шарт тапсырыс беруші мен сарапшының арасында жасалады.
      8. Жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі, сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізуге құқық берілген сарапшылар авторлық қадағалауды құрылыстың барлық кезеңінде құрылыс объектісіне бару бойынша әзірленген жоспар-кестеге сәйкес объектіге бару осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша авторлық қадағалау журналын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
      9. Әрбір бару және оның қорытындылары авторлық қадағалау журналында тіркеледі және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның жеке мөрімен куәландырылады.
      10. Құрылыс объектісіне алғаш рет барған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі құрылыс нормаларына сәйкес авторлық қадағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың сәйкестігін белгілейді.
      11. Құрылыс объектісіне кейінгі бару кезінде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі немесе сарапшы орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылыс жобасына сәйкестігін белгілейді.
      12. Орындалған жұмыстардың сәйкессіздігі анықталған кезде жобаның авторы және (немесе) әзірлеушісі не авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшы журналға белгі қояды және ескертулер анықталған сәттен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде ол туралы тапсырыс берушіге, мердігерге және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына жазбаша нысанда хабарлайды.
      13. Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) бекітілген нормативтік құқықтық актінің белгіленген нысанын сәйкес орындалған жұмыстың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды не теріс қорытынды береді.

Авторлық қадағалауды ұйымдастыру
және жүргізу Қағидаларына  
1-қосымша         

Нысан

Авторлық қадағалау бойынша жоспар-кесте

Авторлық қадағалау шарты бойынша жұмыс кезеңдерінің атауы

Орындау мерзімі (басталуы және аяқталуы)

Авторлық қадағалаудың бару күні

Жұмыс кезеңдерінің бағасы, мың теңге

1

2

3

4





Авторлық қадағалау тобының
басшысы
_________________________
_________________________
(лауазымы, Т.Ә.Ж., қолы)


Тапсырыс берушінің өкілі
________________________
________________________
(лауазымы, Т.Ә.Ж., қолы)

Авторлық қадағалауды ұйымдастыру
және жүргізу Қағидаларына  
2-қосымша         

Нысан

Авторлық қадағалау журналы

1 Нысан. Авторлық қадағалау журналының титул беті

Авторлық қадағалау № ____ журналы

Құрылыс объектісінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Объектінің мекен–жайы _______________________________________________

Объект құрылысының толық сметалық құны
_____________________________________________________________________

Тапсырыс беруші _____________________________________________________
                      (мекеменің атауы, пошталық мекен-жайы)
Бас жобалаушы (жобалаушы) ___________________________________________
                            (мекеменің атауы, пошталық мекен-жайы)

Журналдың басталды _________________________ (күні, айы, жылы)
Журналдың аяқталды _________________________ (күні, айы, жылы)

Бас жобалаушының (жобалаушының) бастығы _________        ____________
                                         (Т.Ә.Ж)    МО      (қолы)

Тапсырыс берушінің бастығы ______________________        ____________
                                   (Т.Ә.Ж)          МО      (қолы)

2 Нысан. Авторлық қадағалау журналдың бірінші парағы

Бас мердігер (мердігер)______________________________________________
                           (ұйымның атауы, пошталық мекен-жайы)

Қосымша мердігер (жұмыстың бөлек түрлерін орындаушылар):
1)___________________________________________________________________
   (ұйымның атауы, пошталық мекен-жайы, орындалатын жұмыстың атауы)
2)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3 Нысан. Авторлық қадағалау журналдың екінші парағы

Авторлық қадағалау тобының құрамы

Аты, жөні, әкесінің аты

Лауазымы, жұмыс орны

Авторлық қадағалау жүргізілетін жұмыс

Датасы және авторлық қадағалау тобының құрамына енгізілгені туралы бұйрықтың номері





4 Нысан. Авторлық қадағалау журналдың үшінші парағы

Авторлық қадағалау тобы мүшелерінің объектіге баруын тіркеу парағы

Аты, жөні, әкесінің аты

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Телефонның номері

Датасы

келуі

кетуі






5 нысан. Авторлық қадағалау журналының есепке алу парағы

Есепке алу парағы № ____

Датасы

Құрылыс саласында мемлекеттік нормативтердің талаптары мен қағидаттарын бұзғаны және жобадан ауытқудың анықталуы

Ауытқуды және (немесе) бұзушылықты түзету туралы нұсқау және талап етілетін орындалу мерзімі


Жазба жазушының, авторлық қадағалау тобы мүшелерінің фамилиялары, аты жөні, жазбаның жазылу датасы


Жазбамен танысқан лауазымды тұлғалардың фамилиялары, аты жөндері, танысқан датасы


Нұсқауды орындағаны туралы белгі (фамилиясы, аты, жөні, лауазымы, датасы)
 
 






Мердігердің (қосымша мердігердің) өкілі


Тапсырыс берушінің өкілі


Мердігердің (қосымша мердігердің) өкілі
 
 

Тапсырыс берушінің өкілі


Авторлық қадағалау тобының мүшесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9