"Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4069

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабын басшылыққа ала отырып, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  32-бабы 15) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. мамыр, 62-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадырлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережеде:
      8-тармақта "5" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Комиссияның құрамында жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалым-заңгерлер болуы мүмкін";

      9-тармағындағы "нотариаттық палатаның келісімі бойынша" деген сөздер алынып тасталынсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

       Министр