БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан
Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3310, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы
N 69
- тіркелген N 3662 бұйрығымен өзгерістер енгізілген)
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
«Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
"мектептер мен мектеп-интернаттар оқушыларының асханада тамақтануына ақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 қаулысына сәйкес егер мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген болса, мектеп асханаларына азық-түлік өнімдерін сатып алу.
Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды басқа заңды тұлға шарт бойынша іске асырады және бұл шығындар 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";
140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:
146 "Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеу ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағанда:
"жұмыстарды орындау" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Үй-жайларды жайластыру үшін қажетті тауарларды сатып алу (бра, шамдар, люстралар, перделер, күнперделер және т.б.) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі.";
"көрсетуге және ұстауға қажетті"»деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"бір бірлігінің құны 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және қызмет уақыты бір жылға дейін";
"және жабдықтарға арналған басқа да шығыс материалдарын сатып алу 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздер "жабдықтарға және желілер жүргізуге арналған басқа да шығыс және желілік материалдар (кабель, коннекторлар) 139-ерекшелік бойынша көрсетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеу" деген ерекшелікпен толықтырылсын:
"« |
148 |
Мемлекеттік
|
Әлеуметтік бағдарлама-
|
»". |
149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағандағы "147" деген сан "148" деген санмен ауыстырылсын.