"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 3 наурыздағы
N 12/4 шешіміне
қосымша
Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникациялық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ағыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады.
4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға тұрмыстық-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін, тұрғын үй көмегін тұтынуға ақы төлеу нақты шығындары осы мақсатқа шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады. <*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімімен.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен.
6. <*> (алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімімен).
6.1. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемнің арттырылуына өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген адамдары бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілерімен келісіліп бақыланады.
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі әзірлеген кесте бойынша, тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушы отбасылары қайта аттестаттаудан өткізіледі. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі. Алдыңғы тоқсанның коммуналдық қызмет ақысының бөлігі төленсе немесе төленбесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
13. Егерде, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет нормативтері және тарифтері нақты заң тәртібімен анықталмаса, белгіленген коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінен арттырылмай, шығын өтемі нақты шығындар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар алдындағы тоқсандағы немесе ақырғы тоқсанның нақты шығындары бойынша қызметтерді пайдалану нормативтері арттырылмай, есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, толық көлемде көрсетілгенде анықталады. Сәуір айында алынатын шығын есептері, сәуір айының түбіртегіне сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқықтарын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынады.
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылитын пәтерлер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне эквивалентті есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
1) арыз беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады;
2) арыз беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарын бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
3) арыз берушінің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) арыз беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны ресімдеу үшін ұсынады:
1) барлық коммуналдық қызметке және байланыс қызметіне ақы төлеу туралы түбіртектер (өткен тоқсанға);
2) стационарлық емес газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондар алғандары туралы анықтамалар (өткен тоқсанға);
3) белгіленген үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қоса:
отбасы табыстары туралы анықтама және басқа да мәлімделген табыстар (өткен тоқсанға), жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама, жұмыс істемейтіндер үшін (тоқсан сайын);
жеке басының куәлігінің көшірмелері (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да болса өзгерістер болған жағдайда, тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да болса өзгерістер болғанда), немесе жал шарты (жалдау), азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет келесі жылдық аттестаттау немесе қандай да болса өзгерістер болғанда). <*>
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен.
19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
21. Электрмен, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үйді ұстауға және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның газға берілген түбіртектері, анықтамалары бойынша, тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифттерге қызмет көрсету бойынша шығындар коммуналдық қызмет көрсетушілер тарифы бойынша коммуналдық қызмет ақысы толық төленгенде және есепші болған жағдайда ақы төлеу дерегі бойынша және қызмет көрсетушілердің коммуналдық қызметке қайта есеп айырысқанда алынады.<*>
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен.
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестаттау белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестаттаудан өтетін отбасылары, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында кестелер бойынша қайта аттестаттаудан өтпеген отбасыларына тұрғын үй көмегі өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады.
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлауы керек.
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті.Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгерлік (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу тұжырымы:
П=МСПЖ-(t х д),
П-тұрғын үй көмегінің мөлшері,
МСПЖ-тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем,
t-тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=15%),
д-отбасының жиынтық табыстары.
Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік нормалар қолданылсын:
1) алаңдар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін-35 шаршы метр;
2 адамнан тұратын отбасы үшін-45 шаршы метр;
3 адамнан тұратын отбасы үшін-55 шаршы метр;
4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 15 шаршы метр, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
2) тұрғын үйді ұстау шығындары 1 шаршы метрге 12 теңге; <*>
3) газды шығындау нормасы айына 1 адамға-6,5 кг.;
4) электр қуатын тұтыну нормасы:
1 адам тұрса-84 кВт;
2 адам тұрса-125 кВт;
3 және одан артық адам тұрса-әрқайсысына 50 кВт-тан, бірақ 300 кВт-тан артық емес;
сондықтан тамақ даярлау үшін электр қуаты шығынының нормасы электроплиталар бар болған жағдайда газды шығындау мөлшерінің құнына теңбе тең.
Тұтыну нормативтері және олардың сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, канал жүргізу, қоқысты шығару, лифтіге қызмет көрсету және үйді ұстау бойынша тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады. <*>
Ескерту. 26-тармақ толықтырылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімімен, 2-тармақшасына өзгеріс енгізілді - 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен
4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу
27. Жиынтық табыстарының есептелуі азаматтың (отбасының) табысын белгілеуге тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органмен жүргізіледі.
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде отбасы мүшелерінің өтініш беру кезіне тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу және бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынады. Отбасының табысында алынған шағын несиелердің сомалары есептелмейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі. <*>
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімімен.
29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
30. Қала тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғанда жеке қосалқы шаруашылығының табысы (саяжай учаскелерінен, аулалық учаскелерден, бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда)тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, егерде үлкен мал басы екі және одан да көп болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
31. Жиынтық табысын есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
32. Құжаттамалары расталған табыстар түрлеріне еңбекпен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егерде төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
33. Әділет органдарының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген адамдарды ағымдағы заңдарға сәйкес отбасы құрамында деп есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт істесе, отбасының жиынтық табысында, оның тоқсанда жұмыс істеген уақытының табысы есепке алынады.
35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
36. Өтініш берушілер Қазақстан Республикасы Заңдары белгілеген тәртіппен ұсынған мәліметтердің күмәнсіздігіне жауапты.
5. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбастарына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбастарына тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
41. Көмір сатып алу маусымдыққа байланысты болғандықтан, көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанның үш айы бір мезетке алынады.
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
43. Электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару бойынша өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша отбасының орташа табысы алынады.
44. <*> (алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен).
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландырылуы мен төлемі
45. Тұрғын үй көмегі қала бюджетінің есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына енгізу жолымен екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі тиісті банктер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты (қалалық) "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиісті банктер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Қалалық мәслихаттың хатшысы