"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2007 жылғы 14 желтоқсанда N 5-1-73 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 26/4 шешімімен

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 377-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасында:
      "министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын" деген сөздер "министрліктер мен агенттіктердің штат саны лимиттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары ведомстволардың штат санындағы өзгерістерді Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Республиканың Президенті Әкімшілігімен келіссін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті