Облыстың ашық су қоймалары су қорғау аймақтарының санитарлық жай-күйі және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу туралы

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 225 қаулысы Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 15 тамызда N 2439 тіркелді

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, жер бетіндегі судың ластануын, қоқысталуын болдырмау, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жай-күйде ұстау және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері:
      ашық су қоймаларының (Жайық, Қиғаш өзендері және басқа да ашық су қоймалары) жаға белдеуін, су қорғау аймақтарын және демалыс орындарын тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырып, жүргізсін;
      ашық су қоймалары бойындағы жағалық орман екпелерін қоқыстан тазалау жөніндегі шараларды алсын;
      жеке меншік жағажайлардың иелеріне оларға тиесілі аумақтарды тәртіпке келтіруді ұсынсын.
      2. Атырау облысы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті "Ерік-Мостовой" каналының арнасы мен жағалауын тазалау жұмыстарын жүргізу мәселесін шешсін.
      3. Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша):
      Атырау қаласының "Тұрғын үй қалашығы", "Авангард" аудандарындағы демалыс орындарында полиция бекеттерін ұйымдастырсын және қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережесіне сәйкес ашық су қоймаларының жаға белдеулері мен су қорғау аймақтарын, жағажайлар мен демалыс орындарын ластауды болдырмау жөніндегі шараларды алсын, жүруге тыйым салатын жол белгілерін орнатсын.
      4. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағын тазарту және пайдалану режимін сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін және апта сайын бірлескен рейдтік тексерулер жүргізсін.
      5. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) облыс әкімиятына ақпарат беру үшін Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне осы қаулының орындалуы туралы мәліметтерді 2005 жылғы 10 тамызға берсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С. Рысқалиевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі