Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы

Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 5/823 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2006 жылы 24 қаңтарда N 693 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы"  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"  Кодексінің  22 бабының нормаларын назарға ала отырып, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне оңтайлы басқару мен билік жүргізу мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) Ережелері (бұдан былай - Ережелер) бекітілсін.
      2. Алматы қаласының қаржы департаменті (А.Н. Әбдіқадырова) мына төмендегілерді қамтамасыз етсін:
      1) заңмен белгіленген тәртіпте Ережелердің Алматы қаласының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу;
      2) Алматы қаласының заңды тұлғаларының (мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар) шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, соның ішінде жекешелендірілуге жатпайтын, мемлекеттік меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде Ережелерді орындау.
      3. Шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары  коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) кезінде:
      1) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың осы қаулымен бекітілген Ережелерді орындауын қамтамасыз етсін;
      2) Ережелермен көзделген жайлардың жалдау төлемін есептеу тәртібі және қолданылатын коэффициенттер мөлшеріне сәйкес жалдау төлемінің ең аз мөлшерлемесін анықтасын.
      4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мүлікті жалға берудің барлық қолданыстағы шарттары бойынша Ережелерге сәйкес жалдау төлемінің қайта есеп айырысуын ескере отырып, жалға алушылармен қосымша келісімдер жасауды қамтамасыз етсін.
      5. Алматы қаласы бойынша салық комитетіне (Қ.Е.Байеділов) жалдау төлемі қаражаттарының жергілікті бюджетке түсуін бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

       Алматы қаласының әкімі

      Әкімдік хатшысы

Алматы қаласы әкімдігінің    
2005 жылғы«12»желтоқсандағы   
N 5/823 қаулысымен бекітілді  

Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік)
нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелері

 
      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , " Қазақстан  Республикасының«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Мемлекеттік  кәсіпорындар туралы" Заңдарына, ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 "Жекешелендіруге жатпайтын, мемлекеттік меншік нысандарының тізбесі туралы"  қаулысына , сондай-ақ өзге нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Ережелер Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға берудің негізгі қағидалары мен тәртібін белгілейді.

  2. Негізгі ұғымдар мен ережелер

      Осы Ережелерде мына төмендегі ұғымдар қолданылады:
      1)  уәкілетті орган  - Алматы қаласының әкімдігі;
      2)  мүліктік жалға беру  - бір тараппен (жалға берушімен) екінші тарапқа (жалдаушыға) мүлікті уақытша иеленуі және пайдалануы үшін төлемге беру;
      3)  жалға беруші -  мүліктің меншіктенушісі болып табылатын немесе меншік иесі атынан әрекет ететін, жалгерлік шартындағы тарап;
      4)  жалгер  (жалдаушы) - белгіленген төлемге мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алушы, жалгерлік шартындағы тарап;
       5)  жалгерлік шарты  - жалға беруші жалгердің мүлікті уақытша меншіктенуі және пайдалануы үшін төлемге мүлік беру жөнінен міндеттеме алған шарт;
       6)  нысан  дегеніміз коммуналдық мүлік (бұдан әрі мүлік), сонымен қатар:
      жылжымайтын мүлік, оралымды басқару құқығындағы коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорындардың жайлары, ғимараттары, құрылымдары, ғимараттары;
      сәулет, тарихи және мәдениет ескерткіштері болып табылатын  ғимараттар мен құрылымдар;
      Алматы қаласы қаржы департаментінің оралымды басқару құқығындағы немесе өзге де заңды әдіспен оның қарамағына енген жайлар, ғимараттар, құрылымдар мен ғимаратта.

      2. Коммуналдық мекемелердің мүлкін жалға беруді аталмыш мекемелердің ұсынысы бойынша Алматы қаласының қаржы департаменті (жалға беруші) жүзеге асырады. Бұл ретте, мүлікті жалдаудан түскен қаражаттар (жалдау төлемі) толығымен жергілікті бюджетке аударылады.
      Алматы қаласының қаржы департаменті алдағы уақытта жалға беру үшін мүдделі тұлғалардың назарын аудару мақсатымен әр жарты жылдық сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, үшінші тұлғалардың құқығынан ерікті, мүлік жөніндегі хабарламаның мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      3. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың және шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық кәсіпорындардың мүлкін жалға беруші ретінде қаржы департаменті әрекет етеді.

      4. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мүлкін үш жылға дейінгі  мерзімге жалға беру кәсіпорынды өз шешімімен қабылдайды.
      Коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың оралымды басқаруындағы мүлікті үш жылдан асатын мерзімге жалға беруді кәсіпорын, уәкілетті органның келесімімен жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүлкін жалдаудан түскен қаражаттар түсімінің есебін жүргізу және оларды тиімді пайдалану мақсатында, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, әр жарты жылдық сайын Алматы қаласының қаржы департаментіне 1 қосымшаға сай нысан бойынша жиынтықталған есеп тапсырады.

      6. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мүлкін жалға беруден түскен жалдау төлемі, уәкілетті органмен бекітілген, "Жалдау төлемі" кіріс көзі бойынша шығыстар сметасымен көзделген, сомалардың шегінде кәсіпорынның пайдасына жұмсалады.
      Сметадан тыс түскен табыс, жергілікті бюджетке аударылуы тиіс.

      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорынмен мүлікті жалға беруден түскен ақша қаражаттары  кәсіпорынның табысына жіберіледі және кәсіпорынның өзі дербес пайдаланады.

      8. Жалға беруші ретінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар әрекет ете алады.

      9. Мүлікті жалға беру құқығы кепілге салынатын зат және жалға берушінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жарғылық капиталына салынатын  салымы бола алмайды.

  3. Коммуналдық меншік нысандарын жалға алу
өтініштерін қарастыру

      Мүлікті жалға алу өтініштері мүдделі тұлғалар арқылы 2 қосымшаға сай нысанда жалға берушіге беріледі.
      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
      мүлкі оралымды басқару құқығында тіркелген, коммуналдық мекеменің келісім-хаты (қажеттілік пайда болған жағдайда);
      Құрылтайшы құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
      жеке кәсіпкердің тіркелімі туралы куәлігінің, төлқұжатының көшірмелері (жеке тұлғалар үшін);
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      бюджет алдында берешегі жоқ екендігі жөнінен мәліметтер.

      11. Мүлікті жалға беру туралы өтінішті қарау бір айлық мерзімде жүзеге асырылады.

      12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша және тапсырылған құжаттардың негізінде жалға беруші мына төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      нысанды мақсатқа сай пайдалану бойынша жалға беру туралы;
      жалға берушінің осы мүлік бойынша тендерлік іріктеуді өткізу туралы;
      мүлікті жалға беруден дәлелді бас тарту.

  4. Мүлікті жалға беру бойынша тендер өткізу тәртібі

      13. Өтініш берушілерге қойылатын талаптарға сай, екі немесе одан да көп өтініштер бар болған жағдайда, мүлікті жалға беру тек бәсеке сауданың қорытындылары бойынша ғана мүмкін болады.

      14.Бәсеке сауда өткізу жөніндегі шешім қабылданған жағдайда, жалға беруші:
      1) оның өткізілетін күні мен орнын, шарттарын, сондай-ақ тендер жеңімпазын таңдау өлшемдерін белгілейді.
      2) тендерлік құжаттаманы бекітеді;
      3) тендерлік комиссияны қалыптастырады;
      4) кепілдік жарналарды қабылдап алады;
      5) тендерлік комиссия отырысының хаттамаларын бекітеді;
      6) тендер жеңімпазымен мүліктік жалдау шарты жасалуын қамтамасыз етеді;
      7) тендер аяқталған соң, осы Ережелердің 29 тармағында көзделген  жағдайларды шегеріп тастағанда, оның қатысушыларына кепілдік жарналарын  қайтарып береді;
      8) тендер өткізуге қажетті өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      15. Бәсеке сауданың ұйымдастырушысы ретінде тендерлік комиссия (бұдан былай - Комиссия) әрекет етеді. Жалға берушінің бұйрығымен бекітілетін комиссия құрамына жалға берушінің өкілдері, сондай-ақ мүлікті оралымды басқару құқығындағы иеленуші коммуналдық мекеме өкілдері кіреді.

      16. Комиссия келесі қызметтерді жүзеге асырады:
      1) жалға берушімен белгіленген мерзімде, оның нысан туралы берген мәліметтерінің негізінде, ең негізгісі болып осы Ережелердің 7 бөліміне сәйкес белгіленген, жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесінен төмен бола алмайтын, жалдау төлемінің бастапқы мөлшерлемесі;
      2) тендер құжаттамалары мен тендер жариялауға қажетті өзге де құжаттарды даярлайды;
      3) тендер өткізеді;
      4) қажеттілік пайда болған жағдайда, мамандар мен сарапшыларды тендерлік және өзге де құжаттамаларды даярлауға, өтінімдерді жинау және талдау жұмыстарын өткізуге тартады;
      5) тендер жеңімпазын анықтайтын қорытынды бар немесе тендердің қорытындылары бойынша өзге де қабылданған шешім мазмұндалған, Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді;
      6) осы Ережелерде көзделген, өзге де қызметтерді атқарады.

      17. Тендерлік құжаттаманы даярлаудың нақты тәртібін, құрамы мен шарттарын жалға беруші анықтайды.

      18. Жалға беруші тендер өткізу жөніндегі хабарламаның, оның өткізілуіне дейінгі 15 күндік мерзім бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.

      19. Тендер өткізу жөніндегі хабарламада келесі мәліметтер болуы тиіс:
      1) тендер нысанының қысқаша сипаттамасы;
      2) жалдау мерзімі;
      3) кепілдік салымның мөлшері, салу мерзімі мен тәртібі;
      4) тендердің шарттары мен жеңімпазды таңдап алу өлшемдері;
      5) тендер өткізу күні, уақыты және орны;
      6) тендерге қатысуға берген өтінімдерді қабылдау мерзімдері, мекенжайы;
      7) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібі туралы мәліметтер;
      8) тендерге қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі;
      9) тендердің құжаттамасын алу және тендер нысанымен танысу  мекенжайы, мерзімдері мен шарттары;
      10) жалға берушінің қарауы бойынша өзге де ақпарат.

      20. Тендер құжаттамасы Комиссия белгілеген тәртіпте, тендерге қатысушының жазбаша сұрау салуы бойынша жиынтықта беріледі;

      21. Тендер құжаттамасында келесі негізгі бөлімдер болуы тиіс:
      1) тендер нысаны туралы мәліметтер;
      2) өтінім мазмұны бойынша қойылатын талаптар және онымен бірге ұсынылатын құжаттар;
      3) тендер өткізу шарттары мен тәртібі;
      4) тендер жеңімпазын таңдау өлшемдері;
      5) мүліктік жалға беру (аренда) шартының жобасы;
      6) тендерге қатысуға берілетін өтінімнің нысаны.

      22. Тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарландырудың жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және тендер өткізудің басталуына дейінгі үш күн бұрын аяқталады.

      23. Тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жалға беруші тендерге қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың нысандар мен тендер өткізу ережелері туралы ақпаратқа еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

      24. Тендерге қатысуға ниет білдірген үміткер жалға берушімен белгіленген мерзімдерде мына құжаттарды тапсыруы тиіс:
      1) үміткердің тендерге қатысуға берген келісімі бар және оның тендер шарттарын орындау және  мүліктік жалдау шартын жасасу жөнінен алған  міндеттемелері мазмұндалған өтінім;
      2) жабық конвертте берілген тендер шарттары бойынша ұсыныстары;
      3) заңды тұлғалар үшін - Жарғының, заңды тұлғаны тіркеу куәлігінің, статистикалық карточканың көшірмелері және олардың өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
      4) жеке тұлғалар үшін - төлқұжат немесе жеке басын растайтын өзге де құжат;
      5) кепілдік салымның аударылғандығын растайтын, төлем тапсырмасының көшірмесі;
      6) бюджет алдында берешегі жоқ екендігі туралы мәліметтер;
      7) хабарламада аталған өзге де құжаттар.

      25. Нысандарды мүліктік жалға беру жөніндегі өтінімдерді кез келген заңды және жеке тұлғалар бере алады. Өтінімдер жалға берушіге беріледі.

      26. Тендерге қатысушылар кепілдік салымды сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда аталған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жалға берушінің депозиттік шотына салады. Кепілдік салымның мөлшері хабарландыру жарияланғаннан кейін өзгертілуі мүмкін емес. Жалға беруші кепілдік салымды алушы болып табылады.

      27. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (жалға берушінің қарауы бойынша) бір айлық жал төлемінің 1-ден 5-ке дейінгі мөлшерлемелерінің көлемінде белгіленеді.

      28. Кепілдік салымы тендер қатысушысының келесі міндеттемелерін қамтамасыз етеді:
      1) тендер қатысушысын жеңімпаз деп тану жағдайында тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) тендер нәтижелері бойынша хаттамаға сәйкес мүліктік жалға беру (аренда) шартын жасасу;

      29. Тендерде жеңіп шыққан және мүліктік жалдау шартын жасасқан қатысушының кепілдік салымы мүліктік жалдау шарты бойынша төленуге тиеселі төлемдердің есебіне жатқызылады.

      30. Кепілдік салым мына жағдайларда жалға берушімен қайтарылмайды:
      1) тендер қатысушысына - егер ол, тендер өткізілуіне дейін үш күннен аз мерзімде жазбаша түрде тендерге қатысудан бас тартқан жағдайда;
      2) жеңімпазға - тендер жеңімпазының ұсыныстарына сәйкес шарттарымен мүліктік жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайда.
      Барлық қалған жағдайларда кепілдік салымдар тендер аяқталған күннен кейінгі 10 банкілік күннен аспайтын мерзімдерде, тендер өткізілгеннен кейін жалға берушінің шотына ақша түскен кезде - олардың түскен күнінен кейінгі 10 банкілік күннің ішінде қайтарылады.

      31. Тендердің қатысушылары кепілдік салымдардың кез келген мөлшерін салуға құқылы, бұл ретте бір кепілдік салым бір нысан үшін тендерге қатысу құқын береді.

      32. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілген құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.

      33. Тендердің қатысушысы мына төмендегілерге құқылы:
      1) тендерге жеке өзі немесе сәйкес үлгіде ресімделген сенімхат негізінде, өзінің өкілдері арқылы қатысуға;
      2) қосымша мәліметтерді, тендерге қойылған нысан бойынша  анықтамаларды ақысыз алуға;
      3) алдын ала нысанды қарап шығуға;
      4) өзінің құқы бұзылған жағдайда сотқа шағынуға;
      5) тендерге қатысуға берілген өз өтінімін, оның басталуына дейін үш күн бұрын, бұл жөнінде жалға берушіге жазбаша хабарлап, кері қайтарып алуға.

      34. Тендер өткізілетін күні, отырыста Комиссия тендер қатысушыларының ұсыныстары бар конверттерді ашып, олардың мазмұнын жариялайды. Конверттерді ашу алдында Комиссия олардың тұтастығын тексереді, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында тіркеледі.
      Конверттерді ашу және ұсыныстарды жариялау кезінде тендер қатысушылары немесе олардың тиесілі түрде уәкілетті өкілдері қатыса алады.

      35. Комиссия берілген ұсыныстардың тендер құжаттамасында мазмұндалған талаптарға сәйкестігін тексереді. Егер, берілген ұсыныстар аталмыш талаптарға сай болмаған жағдайда, аталған ұсыныстар бұдан әрі қарастырылуға жатпайды және осындай өтінім берген тұлға тендер қатысушысы мәртебесінен айырылады, бұл Комиссия хаттамасында тіркеледі.

      36. Конверттер ашылып, ұсыныстар жария етілгеннен кейін Комиссия осы ұсыныстарды талқылау және бағалау үшін мәжіліске шығып кетеді.
      Тендерге қатысушылар (немесе оның өкілдері) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезінде қатысуға құқығы жоқ.

      37. Комиссия шешімдері отырыста қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жай басым дауыс беруі қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      38. Комиссия отырыстары, егер онда Комиссия мүшелерінің 2/3-тен аз емес саны қатысып отырған болса, заңды күші бар деп танылады.

      39. Ұсыныстары  тендер құжаттамасындағы барлық талаптарға жауап беретін және нысан үшін Комиссия шешімі бойынша жалдау төлемінің ең үлкен сомасын ұсынған қатысушы, тендер жеңімпазы болып танылады.

      40. Тендер жеңімпазын анықтайтын Комиссия қорытындысы немесе тендер қорытындылары бойынша қабылданған өзге шешім, барлық Комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделіп, жалға берушімен бекітіледі.
      Тендер жеңімпазын анықтайтын хаттамаға, сондай-ақ тендерде жеңіп шыққан тұлға да қол қояды және оны бекіткен күннен кейін 3 жұмыс күнінің ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысымен келісіледі.

      41. Хаттамада келесі мәліметтер болуы тиіс:
      1) комиссия құрамы;
      2) нысанның аталуы;
      3) нысанның техникалық сипаттамасы;
      4) тендер шарттары;
      5) тендер қатысушылары туралы мәліметтер және олардың ұсыныстары;
      6) тендерге қатысушылардың тізімі;
      7) жалдау төлемінің ұсынылып отырған мөлшерлемелері;
      8) тендер жеңімпазы;
      9) мүліктік жалдау шартына қол қоюшы тараптардың міндеттемелері;

      42. Тендер нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі жеңімпазға беріледі және оның мүліктік жалдау шартын жасасуға құқығы бар екендігін растайтын құжат болып табылады.

      43. Тендер қорытындылары туралы хаттаманың негізінде, тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда, жеңімпазбен мүліктік жалдау шарты жасалады.

      44. Жеңімпаз өзінің ұсыныстарына жауап беретін шарттарда, тендер нысанына мүліктік жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайларда, жалға беруші қалған тендер қатысушыларының ішінен (егер қалғандарының саны екеуден кем болмаған жағдайда) басқа жеңімпазды анықтауға құқылы.  

  5. Мүліктік жалға беру (аренда) шартын ресімдеу тәртібі

      45.   Мүліктік жалға беру (аренда) шарты осы Ереженің 3 қосымшасына сай үлгілік нысанда, тендер хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі  немесе жалға берушімен мүлікті мақсатына сай жалға беру туралы шешім қабылданғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жалға беруші мен жалгердің арасында жасалады.

      46. Жалға беруші тарапынан мүліктік жалға беру (аренда) шартының жобасы бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Шартқа тек тараптардың Шарттың барлық маңызды шарттары бойынша келісімге келген жағдайда ғана қол қойылады. Жасалған Шарт мүліктік жалға беру (аренда) шартының үлгілік нысанына сәйкес болуы тиіс.

      47. Осыдан кейін 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, жалға алынатын мүлік, оралымды басқару құқығында тіркелген мемлекеттік мекеме немесе жалға алынатын мүлік, шаруашылық жүргізу құқығында тіркелген  коммуналдық кәсіпорын, қабылдап алу-табыстау актісі бойынша жалгерге аталмыш мүлікті табыстайды. Қабылдап алу-табыстау актісі жалға берушімен бекітіледі.

      48. Жалгер жалдау төлемі мен коммуналдық қызмет көрсетулер төлемдерін мүліктік жалдау шартын жасаған күннен бастап төлейді. Жалдау төлемін төлеу шарттары мен тәртібі мүліктік жалға беру (аренда) шартында көрсетіледі.

      49. Бір жылдан астам мерзімге жасалған мүліктік жалдау шарты мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс.

      50. Мүліктің мүліктік жалға беру (аренда) шартының бар болуы, уәкілетті органның шешімінің негізінде сәйкес жер телімін жалдау шартын жасасуға негіздеме болып табылады.

      51. Мүліктік жалға беру (аренда) сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін берген кезде мүліктік жалға беру (аренда) шартына, нысанның сәулет, тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақталуына бағытталған, ережелер қосымша енгізіледі.

      52. Жалгермен мүліктік жалға беру (аренда) шарты талаптарының орындалуына бақылауды Алматы қаласының қаржы департаменті және жалға беруші жүзеге асырады.

      53. Өз міндеттемелерін тиеселі түрде орындаған жалгердің, жасалған мүліктік жалға беру (аренда) шартының мерзімі өткеннен кейін, өзге де тең жағдайларда, егер де өзгелер заңмен немесе шарттың өзімен белгіленбесе, басқалардың алдында мүліктік жалдау (аренда) шартын жаңа мерзімге жасасу құқығының артықшылығы болады.

      54. Мүліктік жалдау шартын жаңа мерзімге жасасу өтініш бұрынғы мүліктік жалға беру (аренда) шартының мерзімі аяқталғанға дейінгі 30 күн бұрын жалға берушіге берілуі тиіс.

  6. Нысанды мүліктік жалға табыстау тәртібі

      55. Нысанды мүліктік жалға табыстау жалға берушінің және жалгердің және осы мүлік оралымды басқару құқығында тіркелген, мемлекеттік  мекеменің өкілдерімен қабылдап алу-табыстау актісі бойынша жүргізіледі, бұл актіде мына төмендегілер көрсетіледі:
      1) актіні құрастырған орын және күні;
      2) тарап мүдделерін ұсынуға уәкілетті өкілдер негізге алатын   құжаттардың аталуы және деректемелері;
      3) нысанды табыстау үшін негіз болатын мүліктік жалдау (аренда) шартының нөмірі және қол қойылған күні;
      4) айқындалған ақауларының тізбесі бар, табысталатын нысандардың техникалық жағдайы;
      5) мүлікті жалдау мерзімі;
      6) тараптардың мөрлерімен расталған, өкілдердің қолтаңбалары.

      56. Қабылдап алу-табыстау актісі үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушіде сақталады, екіншісі жалгерге беріледі, ал үшіншісі, осы мүлік, оралымды басқару құқығында тіркелген мемлекеттік мекемеде сақталады.

      57. Жалға беруші нысанды мүліктік жалдау шартына қол қойылған күннен кейінгі бір айдан аспайтын мерзімде жалгерге табысталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      58. Мүліктік жалға беру (аренда) төлеміне коммуналдық қызмет көрсетулер төлемі, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына аударымдар, нысанға қызмет көрсету төлемдері енгізілмейді. Бұл төлемдерді Жалгерлер тікелей ведомстволық күзетке, пайдалануға беру, коммуналдық, санитарлық және өзге де қызметтерге тікелей төлейді.

      59. Қабылдап алу-табыстау актісі үш данада жасалады, оның біреуі жалға берушіде, біреуі осы мүлік жедел басқару құқығында тіркелген мемлекеттік мекемеде және енді біреуі жалгерде сақталады.

  7. Жалдау төлемінің мөлшерлемелерін есептеу

      60. Жалдау төлемін есептеу тәртібі және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері:
      1. Жылына 1 шаршы метрге белгіленген мүліктік жалдау мөлшерлемесі ағымдағы жылдың айлық есеп көрсеткішінің коэффициент мөлшеріне, сонымен қатар, нысанның орналасқан жері мен жайлылығын ескеретін коэффициентті көбейту арқылы белгіленеді.

       А.Е.К. х К.М. х О.Ж.К х Ж.К. = Мүлікті жалдау мөлшерлемесі.

      АЕК - айлық есеп көрсеткіші
      КМ - коэффициент мөлшері
      ОЖК - орналасқан жерінің коэффициенті
      ЖК - жайлылығының коэффициенті
      2. Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі жайлардың мүліктік жалдау төлемін есептеу үшін, айлық есептік көрсеткішіне белгіленген коэффициент: 

N№

Жалға алушының аталуы,қызмет түрі

Жылына 1шаршы метр сомасы (коэффициент мөлшерлемесі)

1

Тауар өнімін өндіру үшін пайдаланылатын жайлар(цех,қойма)

3

2

Жоғары,орта және мектепке дейінгі білім беру, спорт секциялары,оқу курстары

2

3

Сауда

10

4

Қызмет көрсету кәсіпорындары, сонымен қатар денсаулық сақтау,сұлулық салондары, техникалық қызмет көрсету стансалары

6

5

Мәдениет нысандары, сонымен қатар мұражайлар, кітапханалар, Ұлттық мәдени орталықтар, өнер шеберханалары, көрме залдары

1

6

Коммерциялық емес ұйымдар

2

7

Мейрамханалар, кафе, арақ-шарап бұйымдарын сататын дәмханалар

10

8

Мемлекеттік мекемелердегі қоғамдық тамақтандыру 

0,4

9

Қоғамдық тамақтандыру

4

10

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер 

0,3

11

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

1

12

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

0,3

13

Басқалары(валюта айырбастау пунктері, ломбардтар, дәріханалар және тағы басқа)

10

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік қорғау және спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жалдау төлемінен босатылады.
      3. Нысанның орналасқан жерін ескеретін коэффициент:
      1) Әл-Фараби даңғылы, Қажымұқан көшесі (солтүстік жағы) - Қожамқұлов көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Луганский көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 2; 
      2) Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Әуезов көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) Қожамқұлов көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент- 1,4;
      3) Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Розыбақиев көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Әуезов көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 1,2;
      4) Түрксіб ауданында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 0,9.
      4. Нысанның жайлылығын ескеретін коэффициент: 
      1) Жер асты жайлары және күрделі жөндеуді қажет ететін жайлар үшін - 0,7.
      2) Орталық жылусыз жайлар немесе ғимаратта орналасқан суық, ыстық сумен, кәрізбен жабдықталынбайтын жайлар - 0,9.
       Ескерту. 60 тармақ өзгертілген - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі  N 2/561  қаулысымен

       Әкімдік хатшысы

Алматы қаласының мемлекеттік  
коммуналдық меншік (мүлік)   
нысандарын мүліктік жалдауға  
(жалға) беру тәртібі туралы   
Ережелеріне 1 қосымша     

     Ведомстволық бағыныстағы коммуналдық кәсіпорындармен өздерінің шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруындағы мүлікті мүліктік жалға ұсыну жөнінен
      ______________________________, жиынтықталған есеп
        (атқарушы органның аталуы)

N

Кәсіп
орынның аталуы, басшының аты-жөні

Мүлік
тік жал шарттарының саны

Жайдың алаңы (ш.м.)

1ш.м. құны (теңге
мен)

Айлық есеп
құны
(теңгемен)

1-ші жарты жылдық төлемі

Берешек

Ес
кер
ту

      _______________________        _________________
       (басшының аты-жөні)                (қолы)
      _______________________        _________________
              күні                       мөр орны

Алматы қаласының мемлекеттік  
коммуналдық меншік (мүлік)   
нысандарын мүліктік жалдауға  
(жалға) беру тәртібі туралы   
Ережелеріне 2 қосымша     

       Кімге __________________________________________
      ________________________________________________
      (Жалға берушінің толық аталуы, басшының аты-жөні
       және лауазымы көрсетіледі)

      Кімнен __________________________________________
             (заңды тұлғаның толық аталуы немесе жеке
              тұлғаның аты-жөні, орналасқан жері немесе
              тұрып жатқан мекен-жайы көрсетіледі)

      СТТН_____________________________________________

      Тел: _______________________________
             (заңды немесе жеке тұлға)

Нысанды мүліктік жалға өтініш

       Сізден осы өтінішке қоса беріліп отырған
      құжаттарды қарауыңызды және төменде көрсетілген
      мекен-жай бойынша орналасқан мемлекеттік қордың
      тұрғын үйге жатпайтын жайларын мүліктік жалға беру
      туралы шешім қабылдауыңызды сұраймын:
      ________________________

      жалпы көлемі_________________ш.м.____________ үшін
      __________________________________________________
               (қызмет түрі көрсетіледі)

      "___"________ 200__жылдан«"___"»________ 200__жылға
      

      _______________ "___"________200__жылға д. мерзімге
      (басшының қолы
       және заңды тұлға
       мөрі немесе жеке
       тұлғаның қолы)
      __________________________________________________
      Ескерту: мүліктік жалдау өтінішіне мына құжаттар
      қоса беріледі:
      Салық төлеушінің куәлігі, заңды тұлғаның
      мемлекеттік тіркелімі туралы куәлігінің және
      статистикалық карточкасының көшірмесі, заңды
      тұлғалар үшін - төлқұжат немесе жеке басын
      куәландыратын басқа да құжаттар және олардың
      көшірмелері, ал жеке меншік кәсіпкерлер үшін
      аталғандармен қоса тағы басқа да құжаттар және
      олардың көшірмелері.

Алматы қаласының мемлекеттік  
коммуналдық меншік (мүлік)   
нысандарын мүліктік жалдауға  
(жалға) беру тәртібі туралы   
Ережелеріне 3 қосымша     

      Үлгілік нысан   

Мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)
ШАРТЫ

      Алматы қаласы        200__ жылғы «___» _______

      Алматы қаласының қаржы департаменті Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 1/18 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етуші бұдан былай "Жалға беруші" болып табылатын директоры Әбдіқадырова Айман Нұрқасымқызы атынан, бірінші жақтан және ____________________________________________________________, жарғы негізінде әрекет етуші бұдан былай "Жалға алушы" деп аталатын _________________________________________________________ атынан, екінші жақтан төменде көрсетілгендер туралы мүлікті мүліктік жалдау (жалгерлік) шартын (бұдан былай  -  Шарт) жасасты:

  1. Шарттың пәні

      1.1. Жалға беруші табыстайды, ал жалға алушы жалпы көлемі _________ш.м., _________________________________________________ мекен-жай бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті (бұдан былай - Шарт) уақытша иелікке және _____________________________________ қолдану үшін қабылдап алады.
      1.2. Көрсетілген мүлік Жалға алушыға, мүлікті табыс етудің қабылдау-табыстау актісіне қол қойылған күннен бастап, _________________________ дейінгі мерзімге беріледі.
      1.3. Мүлікті жалдау құқығы кепілге салынатын зат, сондай-ақ Жалға алушының кәсіпорындар мен ұйымдардың жарғылық капиталына салым бола алмайды.
      1.4. Жалға алушының Мүлікті толығымен немесе ішінара қосалқы жалгерлікке беруге құқығы жоқ. 

        2. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      2.1. Жалға беруші мына төмендегілерге құқылы:
      2.1.1. Кез-келген уақытта жалгер жалға алған мүлікті осы мәміленің талаптарына сәйкес пайдалану тәртібіне тексеруді жүзеге асыра алады;
      2.1.2. Егер жалгер жалға алған Мүлікті дер кезінде немесе уақытында қайтармаса, мерзімінен кешіктірген барлық уақытқа жалдау төлемін төлеуді және мүлікті дереу табыстауды талап ету;
      2.1.3. Жалдау төлемінің есеп айырысуының жаңа әдістемесін бекіту кезінде, сондай-ақ негізгі қаражаттарды қайта бағалау немесе қолданылатын коэффициенттердің өзгеруі кезінде, сондай-ақ басқа да негізделген дәйектемелер бойынша жалдау төлемінің тарифтік мөлшерлемесінің көлемін бір жақты тәртіпте қайта қарау.
      2.1.4. Жалгерден осы шарттың басқа талаптарын тиісті орындауды талап ету.
      2.2. Жалға берушінің міндеттері:
      2.2.1. Қабылдап алу-табыстау актісі бойынша осы шартқа қол қойылған күннен кейінгі бес күндік мерзімнің ішінде жалға алынған жайды (алаңды) Жалгерге табыстау, бұл қабылдап алу-табыстау актісінде Мүліктің жалға беру сәтіндегі техникалық күйі және жалға берілетін жайлардың көлемі толығымен аталуы қажет.
      2.2.2. Осы шарттың мерзімі біткен кезде мүлікті Жалгерден Мүлікті тиісті техникалық және санитарлық күйіне сәйкес қабылдап алу.
      2.2.3. Жалгерге жал мерзімі өтуіне байланысты, я болмаса осы шартпен немесе қолданыстағы заңнамалармен көзделген басқа да негіздемелер бойынша екі апталық мерзімде жазбаша хабарлама беру.
      2.2.4. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Жалгерге жалға алынған жайлардың (алаңдардың) пайдаланылмаған мерзімінің жал төлемін қайтарып беру.
      2.2.5. Бір апталық мерзімде, егер бұл Шартқа өзгерістер енгізуді қажет ететін жағдайда (2.4.4. тармақ), Жалгерге жалдау төлемінің тарифтік мөлшерлемелері өзгеруі жөнінен хабарлама беру.
      2.3. Жалгер мына төмендегілерге құқылы:
      2.3.1. Осы шартқа және қабылдау-табыстау актісіне қол қойылғаннан кейін Жалға берушіден Мүлікті дер кезінде табыс етуді талап ету.
      2.3.2. Егер осы шарт бойынша өз міндеттерін тиісті орындаған жағдайларда және басқа тұлғалардың алдында басқадай тең талаптар бойынша жалдау мерзімі біткеннен кейін, егер заңнамалармен басқалары көзделмеген болса, онымен жаңа мерзімге шарт жасасуды талап ету.
      Жалгер осы шарттың әрекет ету мерзімі біткенге дейінгі бір айдан кеш қалмай Шартты жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініммен Жалға берушіге жазбаша жүгінуге міндетті.
      2.3.3. Жалға берушіден осы Шарт талаптарының тиісті орындалуын талап ету.
      2.4. Жалгер мына төмендегілерге міндетті:
      2.4.1. Жалдау заты болып табылатын Мүлікті, қабылдап алу-табыстау актісі бойынша осы Шарттың 2.2.1. тармағымен көзделген мерзімдерде Жалға берушіден қабылдап алу.
      2.4.2. Жайды тек осы Шарттың 1.1. тармағында аталған мақсатқа ғана сәйкес пайдалану.
      2.4.3. Жалға алынған жайды Жалға берушіге табыстау (қайтару) сәтіне дейін тиісті техникалық және санитарлық күйлеріне сай ұстау, өз есебінен жалға алынған Мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ кезек күттірмейтін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты тазалықта ұстау.
      2.4.4. Жалға берілген Мүлік үшін дер кезінде, әр айдың бірінен кеш емес мерзімдерде алдын ала төлем жүргізіп, әр айға __________ немесе жылына __________ мөлшерінде жалдау төлемін төлеп отыру және төлемдердің түсуін растау мақсатымен өтеу туралы құжаттарды ай сайын Алматы қаласының қаржы департаментіне ұсынып отыру. Төлем 0000809000 шотына, ҚР ҚМ Казынашылық комитетінің ББІК 195301070 кодына Мүліктің орналасқан жері бойынша Салық комитетіне төленеді. Алушы: нысанның орналасқан жері бойынша Салық комитеті; операция түрі 201504 - коммуналдық меншік нысандарын жалға беруден түсетін кірістер.
      Жер телімін жалдау үшін төленетін есеп айырысулар, коммуналдық қызмет көрсетулер мен өзге де шығыстар (суық, ыстық су, электр қуаты, орталық жылыту, күзет және т.б.) Мүлікті жалдау төлеміне енгізілмейді. Коммуналдық қызмет көрсетулердің төлемін жүргізу тәртібі Жалгермен, коммуналдық қызметтермен жасасқан жеке шарттармен белгіленеді.
      Жалгер жер телімінің жал төлемі мен тұтынған коммуналдық қызметтер құнын дер кезінде және толық төлеп отыруға міндетті.
      2.4.5. Тарифтік мөлшерлемелер өзгерген жағдайда, жал төлемінің өзгерген мөлшерін төлеуге қабылдап алу.
      2.4.6. Осы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа бір тұлғаға беру, Мүлікті өтеусіз пайдалануға табыстау, Мүліктің мақсатты бағытын өзгертуді жүзеге асыру, жақсарту бойынша (жаңғырту, қайта орналастыру және т.б.) жұмыстарды Жалға берушінің тек жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.
      2.4.7. Жалға берушіге барлық меншік иесінің құқығы бұзылуы жөнінен және үшінші тұлғалар тарапынан Жалгердің құқығы бұзылуы жөнінен тез арада кешіктірмей хабарлауы тиіс.
      2.4.8. Жалдау шартының мерзімі өткеннен соң, сондай-ақ Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, шарттық қатынастардың тоқтатылу сәтінен кейінгі екі апталық мерзімде, жайларды ақаусыз күйінде қабылдау-табыстау актісі бойынша тапсыру.
      2.4.9. Ұстап отырған жайды Мүлікті Жалға берушіге табыстау сәтінен бастап қабылдау-табыстау актісі бойынша 15 күн ішінде босату.
      2.4.10. Жалға беруші өкілдерін жалға алынатын мүлік жайының техникалық жағдайын және мақсатқа сай пайдаланылуын тексеру үшін еш кедергісіз жіберу, сұраған құжаттарын ұсыну, ескертілген мерзімде тиісті құжаттарды, сонымен қатар осы Шартты құрастыруға (өзгертуге) қатысу.

  3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Жалға алынған жайды қайтару мерзімін бұзған жағдайда Жалға алушы Жалға берушіге кешіктірген уақыттың барлығына жалгерлік төлем төлейді және Жалға берушіге жалгерлік төлемдерді өтемегендігінен келтірген залалдардың орнын толтырады.
      3.2. Егер белгіленген мерзімде жалгерлік төлемдер төленбесе Жалға алушы 0,5 % көлемінде мерзімі өткен сомадан әр өткізіп алған күнге тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.
      3.3. Осы шартпен көзделген басқа да міндеттемелерді орындамағаны үшін Жалға алушы жылдық жалгерлік төлем сомасынан 5 % көлеміндегі тұрақсыздық айыбын төлейді.
      3.4. Жалға беруші осы Шартты жасасу кезінде ескерткен жалға берілген мүлік кемшіліктері немесе Жалгерге алдын-ала белгілі болған кемшіліктер үшін жауап бермейді.
      3.5. Осы шартпен белгіленген айыппұлдарды төлеу Жалға алушыны шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан немесе заңдылықтың бұзылуын жоюдан босатпайды.
      3.6. Жалға алушы жалға берушінің келісімімен немесе келісімінсіз жайды жақсартуға жұмсаған шығыстарды (жаңғырту, қайта жоспарлау, күрделі жөндеу) жалға беруші өтемейді.

  4. Шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және бұзу

      4.1. Баға мен инфляцияның өсу қарқынына байланысты төлемнің өзгеруі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес екі жақтық келісімімен Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге алып келуі мүмкін.
      4.2. Жалға берушінің бастамасымен мынадай жағдайларда жалгерлік шарт біржақты тәртіппен бұзылуы тиіс, ал жалға алушы жайдан шығарылады:
      - құрылыс немесе жайларды (толығымен немесе оның бөлігін) мақсатқа сай пайдаланбау;
      - 2 немесе одан да көп ай бойы жал төлемін дер кезінде төлемеу;
      - Егер Жалгер жайдың күйін қасақана іс-әрекеттерімен немесе абайсыз бүлдірген болса;
      - Жалгер осы шарттың 2.4. тармағының 2.4.5. тармақшасын жал төлемінің тарифтік мөлшерлемесі өзгеруіне орай орындаудан бас тартса;
      - Жалға берушінің келісімінсіз, мүлікті (толығымен немесе оның бөлігін) қосалқы жалға берген жағдайда;
      - Жалгер белгіленген тәртіпте банкрот деп танылса немесе оның қызметі таратылса;
      - негізінде осы Шарт жасалған, мемлекеттік органның актісінің өзгеруі немесе күшін жоюы;
      - мемлекеттік мұқтаждықта;
      - Қазақстан Республикасының заңнамаларымен немесе Шартпен көзделген өзге жағдайларда;
      4.3. Шарттың мерзімінен бұрын бір жақты бұзылуына сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін. Сот шешімінің күшіне ену сәтіне дейін Мүлік Жалдаушының қарамағында сақталады, ол Шартқа сәйкес жал төлемін төлеп отыруы тиіс.
      4.4. Тараптар енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларын жазбаша түрде беріп, шарт жасасқан тараптардың қолы қойылған жағдайда, осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне құқылы.

  5. Ерекше шарттары

      5.1. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешілуі тиіс.
      5.2. Осы Шарттың негізінде пайда болған дау-дамайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қарастырылады.
      5.3. Осы Шарт, әрқайсысының бірдей заңдық күші бар, 3 данада құрастырылды.

       6. Жалдау төлемі есебінің кестесі

р/н
 N

Пайдалану мақсаты көрсетілген, жалға алынған жайлардың құрамдас бөліктерінің аталуы 

Алып отырған  алаңның көлемі

1 шаршы метрге белгіленген тарифтік мөлшерлеме 

Бір айға төленетін  төлем сомасы 

Жылына төленетін төлем сомасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Тараптардың пошталық және банкілік
деректемелері, телефондары мен қол қоюлары

      Жалға беруші:                  Жалгер:
      050000, Алматы қаласы,       _____________________
      Абылай хан даңғылы, 97      ______________________
      тел. 61-66-77               ______________________
      Алматы қаласының қаржы      СТТН _________________
      департаменті                Заңды мекен-жайы______
                                  ______________________

      Департамент директоры:
      ________ А. Әбдіқадырова    ______________________
                                  (лауазымы, тегі, есімі,
                                   әкесінің есімі) (қолы)

      М.О.                         М.О.