Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 82-ө "Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болу тұрғысында тексеру жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы"
өкімін
жүзеге асыру үшін, Алматы қаласының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы Әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 2/116 "Алматы қаласындағы коммуналдық мемлекеттік мүлікті алып тастау тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
қаулысына
(Алматы ақшамы мен Вечерний Алматы газеттерінде жарияланған Нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің N ____ реестрінде тіркелген):
Аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласындағы коммуналдық мемлекеттік мүлікті алып тастау тәртібі жөніндегі нұсқаулықта:
6 тармақ мынадай редакцияда берілсін: "Мемлекеттік мекемелердің мүлкін алып тастау Алматы қалалық Қаржы департаментінің келісімімен жүзеге асырылады (бұдан әрі-Департамент)";
9 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда берілсін: "Комиссия, сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша, мүлікті қалпына келтіруге және оны одан әрі пайдалануға келмейтінін анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5 тармағында белгіленгеніндей, алып тасталған мүліктің кейбір тетіктерін, бөліктерін пайдалану мүмкіншілігін айқындайды, оларды бағалайды, оның алдын ала істен шығуына кінәлі тұлғаларды анықтайды және акт жазады"
2) Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 12 қарашадағы N 4/928 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 923 "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын облыстардың, Астана қаласы мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тұрғындарға жүзеге асыру жөніндегі ережесін бекіту туралы"
қаулысына
(Нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 627 реестрінде тіркелген, Алматы ақшамы 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 142 мен Вечерний Алматы 20004 14 желтоқсандағы N 249 газеттерінде жарияланған) Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы N 2/258 қаулысымен енгізілген өзгерістерін қоса: (Нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің 2005 жылғы 7 маусымында N 661 реестрінде тіркелген):
Аталған қаулының қосымшасындағы ипотекалық несиелеу және тұрғын үй құрылысына жинақтау жолымен жүзеге асырылатын тұрғын үйлерді ресімдеу бөлігіндегі:
5 тармақтың 5) тармақшасының күші жойылсын;
8 тармақтың күші жойылсын.
2. Алматы қаласы Әкімдігінің 2002 жылғы 4 сәуірдегі N 2/118 "Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі пайдаланбайтын нысандарды шағын кәсіпкерлікке олардың таңдауы бойынша жалға немесе шағын кәсіпкерліктің одан кейін меншігіне беру үшін сенімді басқаруына беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы "
қаулысының
күші жойылды деп танылсын (Нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің 2002 жылғы 14 мамырдағы N 453 реестрінде тіркелген, Вечерний Алматы 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 98 газетінде жарияланған)
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Р.Ш.Шамсутдиновке жүктелсін.
Алматы қаласының
Әкімі И.Тасмағамбетов
Әкімдік хатшысы К.Тәжиева