Алматы қаласының коммуналдық мемлекеттiк мүлкiн шығарып тастау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 2/116 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 02 наурызда N 586 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы N 1/104 қаулысымен

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2004 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға арналған мақсатты трансферттердiң сомаларын бөлу бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi ұсынған денсаулық сақтау объектілерiн пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссияларының актiлерi және денсаулық сақтау объектiлерiн қабылдау туралы жергілiктi атқарушы органдардың шешiмдерi негiзiнде мақсатты трансферттердi облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
      2) eceпті тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнген мақсатты трансферттердi пайдалану туралы есептi ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 9 ақпандағы
N 154 қаулысына   
қосымша       

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау
объектiлерін ұстауға арналған мақсатты трансферттердiң
сомаларын бөлу

__________________________________________________________________
Р/c|                    Атауы                       |  Сомасы,
N |                                                | мың теңге
__________________________________________________________________
1.  Атырау облысы                                     17805
2.  Жамбыл облысы                                     10868
3.  Батыс Қазақстан облысы                            10194
4.  Қарағанды облысы                                  55495
5.  Қызылорда облысы                                  34297
6.  Павлодар облысы                                   43091
7.  Солтүстiк Қазақстан облысы                        23249
8.  Оңтүстік Қазақстан облысы                         84846
9.  Алматы қаласы                                     60271
10. Астана қаласы                                     98771
    Барлығы                                          438887
__________________________________________________________________