2005 жылдың 16 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "
2004 жылдың
4 қазанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 141-1 және 2005 жылдың 24 ақпанындағы "Алматы қаласы Әкімдігінің қаулылары мен Алматы қаласы Әкімінің шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1/104, сонымен қатар 2005 жылдың 4 сәуіріндегі Алматы қаласы Әкімдігінің Мемлекеттік мекеме "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Ережесін бекіту туралы" N 2/180 қаулысына сәйкес Алматы қаласы бойынша тұрғын үй қатынастарын бақылау мен мемлекеттік басқару қызметтеріне өкілетті тұрғын үй Басқармасы болғандықтан және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментінің жойылуына байланысты, Алматы қаласының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
2004 жылдың 12 қарашасындағы Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң "2004 жылдың 1-ші
қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету ережесін бекіту жөніндегі" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928
қаулысына
, (Әділет департаментінде 2004 жылдың 7 желтоқсанында N 627 болып тіркелген және 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы N 249 "Вечерний Алматы" мен 2004 жылдың 14 желтоқсанындағы N 142 "Алматы ақшамы" газеттерінде басылып шыққан) келесі өзгерістер енгiзілсін:
"Алматы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаменті" Мемлекеттік мекемесі", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаменті", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментімен", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Департаментіне" деген сөздердің орнына бүкіл мәтін бойынша "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасы" Мемлекеттік мекемесі", "Тұрғын үй Басқармасы", "Алматы қаласының тұрғын үй Басқармасымен", "Тұрғын үй Басқармасына" деп өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.Заяцқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімдік хатшысы