Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 ақпандағы N 141-1 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымына:
      "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгі" деген 2-бөлiмде:
      2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сәулет және қала құрылысы департаментi (басқармасы)";
      "6. Тұрғын үй департаментi (басқармасы)";
      мынадай мазмұндағы 1-1, 15-1 және 17-1-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы)";
      "15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы)";
      "17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)".

      2. Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324  қаулысымен бекiтілген штат санын лимиті шегiнде осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі