Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-I "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"
Заңының
14 бабы 2 тармағының талаптарын орындау жолында, Алматы қаласы Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылған эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережесі бекітілсін (бұдан әрі "Ереже").
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді басылымдардың нарықтық мониторингін жүргізу және қосымшаға сәйкес Ережені бақылау жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Боқашқа жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы "11" сәуірдегі
N 2/199 қаулысымен бекітілді
Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді
баспа басылымдарын бөлшектеп сату
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
23 шілдедегі N 451-I "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"
Заңының
14 бабы 2 тармағы негізінде әзірледі.
1. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын басылымдарын бөлшектеп сату балалар мен оқу орындарынан, мемлекеттік мекемелерден, мәдениет, денсаулық сақтау және білім мекемелерінен, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштерден 300 метр қашықтықта оралған жылтыр орамдарда және арнайы бөлінген жабдықталған жайларда жүзеге асырылады.
2. Осы ереже эротикалық сипаттағы материалдарды басатын барлық мерзімді баспа басылымдарына, оның ішінде таяу және шығыс шет елдерден алынып келетін басылымдарға тарайды.
3. Эротикалық мазмұндағы өнімдерді осыған арналмаған жерлерде сату, тарату немесе жарнамалайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-П "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы"
Кодексінің
339 бабына сәйкес жауапкершілікте болады.
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы "11" сәуірдегі
N 2/199 қаулысына 2 қосымша
Ескерту. 2 қосымша өзгертілді - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 6/1068 қаулысымен .
Эротикалық сипаттағы материалдары басатын
мерзімді баспа басылымдарының нарықтық
мониторингін жүргізу жөніндегі комиссия
1. Сейдуманов Серік Алматы қаласы Әкімінің
Тұрарұлы орынбасары, комиссия төрағасы
2. Балаева Аида Алматы қаласы ішкі саясат
Ғалымқызы департаментінің директоры,
комиссия төрағасының орынбасары
3. Қожабекова Динара Алматы қаласы ішкі саясат
Асылханқызы департаментінің бұқаралық ақпарат
құралдары мониторингі және
ақпараттық саясат бөлімінің бас
маманы, комиссия хатшысы
4. Шорманов Ербол Алматы қаласы кәсіпкерлік және
Әлімқұлұлы өнеркәсіп департаментінің
директоры
5. Болманов Қыдырәлі Алматы қалалық мәдениет
Нұртайұлы Департаментінің директоры
6. Үкебаев Дастан Төлеұлы Алматы қалалық "Алматыпошта"
директоры (келісу бойынша)
7. Сәрсенбай Қали Алматы қалалық "Алматы Ақшамы"
Қошқарұлы газетінің бас редакторы
8. Пашина Эльмира Рахимовна Алматы қалалық "Вечерний Алматы"
газетінің бас редакторы
9. Зоров Михаил Геннадьевич Алматы қалалық "Аргументы и факты
Қазақстан" директорының қызметін
атқарушы (келісу бойынша)
Әкімдік хатшысы