Аудан әкімінің Бұқар-Жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау Ережелеріне толықтыру енгізу туралы ұсынысын қарастырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-ші тармағының 8-ші тармақшасына, сонымен қатар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 3-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2009.07.21 N 7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Бұқар-Жырау аудандық Мәслихатының 20 сессиясының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 7 "Бұқар-Жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 31 мамырда N 888 нөмірімен тіркелген, аудандық N 22 "Сарыарқа" газетінде 2003 жылғы 31 мамырда жарияланған) төмендегі толықтыру енгізілсін:
1) кіріспедегі "30.01.2001 ж. ҚРЗ N 155-ІІ" күні мен нөмірі алынып тасталсын;
2) көрсетілген шешіммен бекітілген "Бұқар-Жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау ережелері" осы шешімнің қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сессия төрағасының міндетін
атқарушы, Мәслихат хатшысы А. ЖҮНІСПЕКОВ
Бұқар-Жырау аудандық
мәслихаттың 20 сессиясының
2005 жылғы 26 қазандағы
N 4 шешіміне
қосымша
Бұқар-Жырау аудандық
мәслихаттың 20 сессиясының
2002 жылғы 10 шілдесіндегі
N 7 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Бұқар-Жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау ережелері
1. Осы Бұқар-Жырау ауданындағы елді мекенді аумақтарды көркейту, жас көшеттерді күту және қорғау ережелері (бұдан әрі – Ереже) аудан аумағында тұратын немесе өз қызметтерін осы аудан аумағында жүзеге асырып жүрген барлық жеке және заңды тұлғаларға меншік нысанына байланыссыз, міндетті болып табылады.
2. Объектілердің және көркейту элементтерінің сақталуын, инженерлік инфрақұрылыммен, көк қорды, коршаған ортаны қорғау, санитарлық күймен қамтамасыз етуді қадағалануын жүзеге асыру тиісті уәкілдік мемлекеттік органдарымен жасалады.
3. Осы құжаттың ережелері, заңды және жеке тұлғалармен бұзылса, қолданып жүрген заңдарға сәйкес, жауапкершілікке тартылады.
4. Аудан аумағын санитарлы тазарту және көркейту үшін, жыл сайын көктемде және күзде, санитарлық күндер мен айлықтар өткізіледі.
5. Коммуникацияның бүкіл түріне қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар коммуникацияға қатысты жөндеуді уақытымен жүргізу, жөндеуден кейін бұзылған жамылғылар мен элементтерді қалпына келтіріп жасауға міндетті.
6. Жеке және заңды тұлғалар жол жамылғының, тротуарлардың, көгал алаңының және басқа да көркейту объектілері мен элементтерінің, инженерлік ғимараттарының бұзылуына, ескі құрылысты бұзу мен бөлшектеуге байланысты, тек қана сәулет өнері мен құрылыс жөніндегі уәкілдік органның берген жазбаша рұқсат (ордері) қолда бар болса ғана, жұмыс жүргізе алады.
7. Жұмыстары адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаның күйіне әсер ететін жағдайда, жұмыс өндіруші, жұмыс өндіруді бастар алдында тиісті уәкілдік мемлекеттік органдарының берген рұқсатынан кейін тіркеуге міндетті.
8. Төтенше жағдайда, ерекше маңызды объектілердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, аварияны дереу жоюға, өкілетті органның рұқсаты бойынша, (ордерді) рұқсатты ресімдеусіз, ұйым өкілдерінің қатысуымен, келісім берушілермен, 24 сағат ішінде жұмысқа рұқсат берілуін ресімдеумен аварияны жоюға кірісуге жіберіледі.
9. Жұмыс өндіру барысында бүлінуге, бұзылуға шалдыққан объекті, көркейту элементі немесе инфрақұрылымы, жұмыс мерзімінің аяғына дейін, рұқсатта көрсетілгендей, тиісті қалпына келтірілуі керек. Мерзімін өткізіп алған рұқсаттар бойынша атқарылған жұмыстар өз бетімен орындалған деп саналады. Рұқсатты ұзарту, осы Ережелерді бұзған кінәлілер жауапкершілікке тартылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс өндіруші жұмыс бастамас бұрын, мыналарды орындауға міндетті:
қауіпті жұмыс аумағы шекаралары бойынша, қажетті қоршаулар мен сақтандыру белгілерін орнату;
жаяу жүретін жерлерге құрылыс нормалары мен ережелері талап ететін құралдар орнатуға және қазылған жер учаскесін, түнгі уақытта жарықпен қамтамасыз ету;
механизмдер атқаратын жұмыс аумағында егілген ағаштар бар болса, оларды қорғауға кепіл болатын саңылаусыз қалқандармен қоршау;
көлік өтетін немесе жаяу жүретін жерлерді жабу қажеттігі болса, айналып өтетін жолдарды дайындап және оларды тиісті белгілермен анық белгілеу қажет.
10. Жұмыстың өндірілуі, осы әрекеттегі ережелер мен нормаларға, сонымен қатар ордерде көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі.
11. Құрылыстық материалдарды сақтау желмен тозаңдатылмайтындай және таратылмайтындай, белгіленген мерзімде сақтаумен жасалады. Жұмыс кезінде әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып қалған материалдар, жұмыс барысында сыртқа тасылып шығарылады. Жас көшеттерді, жер астындағы құрылыс құдықтарының қақпақтарын, суағар торларды, науаларды құрылыс материалдарымен және топырақпен көміп тастауға тыйым салынады. Аталмыш құрылыс элементтерін қорғауға, люктер мен құдықтарға өтуді қамсыздандыратын ағаш қалқандар мен қораптар қолданылуы керек.
12. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға, аудан тұрғындарына:
тұрмыстық қоқыс қалдықтарын, балшық және небір қалдықтарды, құрылыстық қоқысты, сонымен қатар қар мен мұзды, канализациялық, су құбырлық, жылулық жүйелерін қарайтын және бақылайтын құдықтарға, фонтанға, су қоймаларына, өзендерге, гүлзарларға, жас көшеттерге, алаңдарға, гүлбақтарға, автокөлік өтетін жерлерге, көпшілік көлік аялдамасына, арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерге лақтырып үюге;
ауланың, гулбақтың, саябақтын және басқа да көпшілік пайданылатын жерлердің жабдықтарын сындыруға, құрылыстық материалды және басқа да заттарды аулаларға, алаңдарға, көшелерге, арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерге үюге болмайды.
13. Көлік құралдары арқылы тасылынатын, көшені ластайтын сусымалы және басқа жүктердің үсті көшені ластамау үшін мұқият жабылуы қажет.
14. Инженерлік жүйеде авария болған жағдайда және қалпына қайта келтіру жұмыстарын кідіртпей өндіруін талап ететін кезде, жол жамылғысын ашу, көшелерді, алаңдарды және басқа да көпшілік пайданылатын жерлерді қопарыстыруы осы ереженің "Жалпы ережелер" 5 тарауына сәйкес жүргізіледі.
15. Егер қопарыстыру барысында жобада көрсетілмеген жер астындағы коммуникация айқындалса, онда жұмыс өндіруші бұл туралы осы коммуникацияның қайсысына жататын өкілетті орган мен мекемеге хабарлауға міндетті.
16. Жер жұмыстарын өндіргеннен кейін, қазылған жерлерді қатты тығыздамайтын заттармен (құммен, қиыршық таспен) көму тек қана өкілетті органнан рұқсат алғаннан кейін, орындалады.
17. Көшенің жүретін жерлерінде қазылған жер жамылғысын қалпына келтіру жамылғының ені 4,0 – 7,5 метр құрайтын, жүретін бөліктің бүкіл жерінде орындалады, ал жамылғының ені 7,5 метр болғанда жамылғыны қалпына келтіру қазылған ордың бойымен және құрылыс механизмдерінің жұмыс істейтін аймағымен орындалады. Көркейту элементтерінің және жамылғының бұзылған жерін қалпына келтіру, топырақпен қайта көму бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін, екі тәулік өтпей кешіктірілмей, басталуы керек.
18. Жұмыс жүргізілетін жерлерде ақпаратты қалқандар (өндірістің, объектінің аты) болуға тиіс.
19. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға, аудан тұрғындарына:
айқындалмаған жерге қоқыс түсіруге;
қағаздарды, темекі тұқылын және басқа да қоқысты көлік құралдарын шашып тастауға;
автокөлікті белгіленбеген жерде жууға;
аудан аумағын және көркейту ережелерін бұзуға, сонымен қатар инфрақұрылым объектілерін сындыруға;
сәулет өнері, көркейту мен құрылыс жөніндегі уәкілдік органның рұқсатынсыз жол аймағына және жол жиегіне жеңіл автокөлік тұрағын орнатуға жол берілмейді.
2. Инженерлік коммуникацияның жер үстіндегі және астындағы жүйесі.
20. Көркейту инженерлік жүйенің техникалық күйі және құрылысы бұзылудан аман болу үшін, мамандырылған кәсіпорындардың үнемі жүйелі бақылауында болады, олар:
аумақты су басуын жібермеуді;
құдықтар мен камералардың санитарлық жайын, нөсер канализацияларының торлары жол жамылғының деңгейінде болуын және үнемі жөнделген күйінде болуын байқауға;
құдықтардың қыс мезгілінде қай жерде орналасқанын дереу анықтау үшін оларға белгілеу жасауға міндетті;
жер астындағы жолдардың қатты және топырақты жамылғысының жайын қадағалау қажет, өйткені қайта көму және пайдалану монтаж ережелерін сақтамағанда бұзылуы мүмкін.
21. Елді мекен аумақтарын жарықтандыру, сыртқы жарықтандыруды орнатумен қамсыздандырылады.
22. Сыртқа орнатылған жарықтың ұстауы және қызмет етуі мынадай шаралардан тұрады:
сыртқа орнатылған жарықтың техникалық түзу қалпын ұстауы, олардың сапалы және санды көрсеткіштері берілген мөлшерге сәйкестігі, шамды және шырақтардың ішіндегі істен шыққан жарық шашыратқыштарды ауыстыру, шырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейін өлшеп есепке алу;
сыртқа орнатылған жарықтың жұмыс тәртібін реттеп қамсыздандыру, атқару өкіметінің жергілікті органның бекіткен шешімімен кесте бойынша уақытымен жануын, жартылай немесе толық сөнуін бақылау, істен шыққан, жанбайтын шырақтарды анықтау және оларды шұғыл жою.
23. Жарықтандыру тіректеріне хабарландыру қағаздарын жапсыруға болмайды.
3. Сәулетті-көркемдік безендіру.
24. Сыртқы көркейту бекітілген тәртіп бойынша негізгі жоспармен (бас жоспардың сызбасымен) аумақты толық жоспарлау және салу жобасымен орындалуы керек.
25. Сәулет өнері және табиғат ортасымен сыртқы көркейтудегі жүйесінің бірлесу элементтері, сыртқы көркейту элементтерін орналастыру барысында аумақты белгілеуде сыртқы көркейту элементтерінің функционалды сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
26. Тұрғын, әкімшілік және басқа ғимараттардың сәулеттік келбетін сақтау және жақсарту үшін олар аумағына барып тірелетін сауда өндірісін орналастыру барысында, халыққа қызмет көрсету пункттері бойынша офистер және басқа до объектілерге аталмыш объектілердің иелері объекті қасбетін және көркейту аумақтарына барып тірелетіндерді ресімдеу бойынша, олардың жасаған жобасына сәйкесті шаралар жиынтығын орындауға тиіс.
27. Шаралар жиынтығына жобамен алдын-ала қарастырылған мынадай жұмыс көлемдері енгізіліп, орындалады:
объектінің қасбетін әрлеу (әр түрлі шикізаттармен және тағы басқа қаптау, бояу);
кіре берісті күнқағармен ғимараттың жалпы стиліне пандустарына сүйеніш тетіктеріне сәйкесті орнату, қарт адамдар мен мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіруге қолайлы болуын қамтамасыз ету;
аумақты көркейту үшін тротуарларды, кіреберіске және автокөлік тұрақтарына алаңдар, жас көшеттердің гүлзарларын орнату жұмыстарын орындау;
қоршау, урна, орындықтарды көркейту элементтерін орнату;
сыртқа жарықтандыру (жарық жарнама) ғимаратқа барып тірелетін аумаққа жарықтандыру жететіндей орнату,
шамалы қажетті ақпаратпен жалпы стилде әдемілеп ашық түрде орындап, жарнамаларды орнату.
28. Автокөлік тұрағы бекітілген жобалы-сметалық құжаттамамен өндіріліп және рұқсатты құжаттар негізінде ұйымдастырылады.
Автокөлікті қоюға алдын-ала бөлек орын қарастырылады. Автокөлікті қоюға тұрақтар мен бөлек орындар жол белгілерімен және жол жабылған жамылғымен белгіленуі керек. Тұрақтың кірер алдында, тұрақтың аты және жұмыс тәртібі көрсетілуі керек.
29. Сәулеттік келбетін, санитарлық және экологиялық нормаларды бұзбау үшін, арнайы осы мақсатпен бөлінбеген жерлерге (құжаттары сай ресімдеусіз) дүнгіршек, дүкенше, павильон орнатуға жол берілмейді.
Хабарландыруларды, жарнамаларды, плакаттарды және басқа да көрнекі ақпарат нысандарын тұрғын үйлердің қас бетіне, су ағар трубаларға, жарықтандыру бағандарына, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар қондырғыларына және басқа да, жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты жоқ жерлерге немесе тиісті объект иесінің рұқсатынсыз ілуге болмайды.
4. Объектілерді жекелеу аумағымен тазарту.
30. Аумақты жекелеу объектілерінде (базарлар, жағажайлар, саябақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық эпидемиологиялық станциясының келісімінсіз, санитарлы ғимарат құрылысын және қайтадан жабдықтау құруға, қоқыс қалдықтарын жинауға, автокөлікті жууға, бос ыдысты және отынды бөлінбеген жерлерде сақтауға, жол берілмейді.
31. Көпшілік орындарда аумақтарды жинау (көпшілік пайдаланатын демалыс аймағына) келушілер саны аз кезінде (түнгі және таңғы кезде) жүргізіледі.
32. Жаз мезгілінде көлік жүретін жолдан және тротуардан шаң, балшық, түскен жапырақтарды алып тастау, көшенің қоқысы (сыпырынды) жиналып, суағар құдықтары тазартылады.
33. Елді мекендердің аумақтарын жазда тазарту сыпырудан, суарудан тұрады.
34. Қоңыр күз кезінде түскен жапырақтарды тек қана көшенің жүретін бөліегінен, тротуарлардан, желмен әкеліп үйілетін жерлерден дер кезінде жинау керек. Жиналған жапырақтарды арнайы бөлінген учаскілерге апару керек. Адамдар тұратын құрылыс аумағында жапырақтарды, саябақтарда, гүлбақтарда өртеуге тыйым салынады.
35. Қыстық тазарту екіге бөлінеді: мерзімді (ішінара қар жауғанда) және жүйелі (қар жауған кезде және содан кейін).
36. Жас көшеттер алаңындағы мұз сынықтарын бір жерден екінші жерге апарып, ауыстыруға, қарды ластауға және тағы сол сияқтыларға жол берілмейді.
37. Жер пайлаланушы міндетті:
қазіргі санитарлық мөлшермен және осы Ережелермен, бөлінген және тіркелген аумақтарды, инженерлік жүйені және элементтерді (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос станциялары, жылу пункттері, қосалқы трансформаторлық станциясы) анықталған тиісті күйінде сақталып, санитарлық төлкұжаты болу керек;
белгіленген қоқыс төгетін жерлерге тұрмыстық қатты қалдық қоқыстарын шығарып көміп тасталуын қамтамасыз ету;
өз аумағында қажет болғанда (шыбындарды, тарақандарды, тышқандарды, егеуқұйрықтарды жоюға) дезинфекция және дератизация жасау керек;
мұзтайғаққа қарсы шаралар қарастыру қажет.
38. Адам және көлік өтетін жерлерді, көк отырғызылған гүлзарларды ласты қармен және мұзбен үйіп тастауға болмайды.
39. Көшелерде, аулаларда және басқа көпшілік пайдаланатын жерлерде, сауда аяғында жәшіктерді, бос ыдыстарды және басқа да жылмымалы саудалық жабдықтарды, жиналған қоқысты және басқа да қалдық қоқыстарды қалдыруға болмайды.
40. Саудамен айналысатын ұйымдар және жеке кәсіпкерлер жағажайларды, саябақтарды, демалыс аймақтарын тазалауды жүйелі түрде, рұқсат етілген қоқыс тастайтын жерге шығарумен жүргізеді.
41. Кооперативтік гараждардың, шаруашылық қоралардың, жерқоймалардың саяжай қоғамының аумақтарын және жас көшеттермен аумақтарға бекітілген кіреберіс жолдардың күтілуі және тазартылуы меншік иелерінің өз күштерімен жүргізіледі.
42. Жекелеу аумақтарында тез арада бұзылмайтын азық-түліктерін, көкөністер мен жемістерді сатуға шатырлар, дүңгіршектер құру, санитарлық эпидемиологиялық станциялармен келісіп жасалу керек.
43. Зират аумақтарын күту және тазалау жұмысы шарт бойынша орындап жүрген кәсіпорындармен жүргізіледі.
5. Осы Ережені бұзғандар үшін жауапкершілік.
44. Осы Ережені бұзған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 300, 310, 387 баптарымен қарастырылған санкциялары қолданылады.