"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы 14-бабының 2 тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату жөніндегі сауда орындарының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса тіркелген облыс аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасы бекітілсін.
2. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері:
1) эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға арналған тұрақты-үй жайларды белгілесін;
2) бір ай мерзімінде әкімияттар жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын баспасөз басылымдарын сату Қағидасын сақтау жөніндегі комиссияларды құрсын.
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымын бөлшек саудада сату Қағидасы
1. Осы Қағида "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының 14 бабы 2 тармағы негізінде әзірленген және Қарағанды облысының аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымының бөлшек саудада сатылуын реттеуге бағытталған.
2. Осы Қағида эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға қолданылады.
3. Осы Қағидада келесі түсініктер қолданылады:
1) эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын, мерзімді баспасөз басылымы - толықтай және жүйелі түрде секске қызығушылықты туғызатын басылым;
2) тұрақты үй-жай - тірек конструкциясына залал келтірмесе орнынан қозғау мүмкін емес іргетасы бар күрделі құрылыс, ғимарат, жай немесе оның бір бөлігі.
4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымы, әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда ғана бөлшек сауда сатылады.
5. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымы бөлшек саудада мөлдір ораммен буылған күйінде сатылады.
7. Көрсетілген баспасөз басылымдарын:
1) он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдерге;
2) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, оған 100 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;
3) сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, көпшілік демалатын орындарда, дүңгіршектерде, шатырларда, дүкеншіктерде, қолдан, жаймадан, авто көліктен сатуға тыйым салынады.
8. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымын, қарастырылмаған орындарда сату мен таратушы тұлғаларға, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексіне сәйкес жауапкершілік жүктеледі.