Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы әкімиятының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 330 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет Департаментінде 2005 жылдың 10 қазанында N 3161 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481-2 СуКодексінің 39, 116 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 "Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" қаулысын орындау жолында, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын тиісті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, су бетінің ластануы, бүлінуі және тартылуына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі Қаулы етеді:
       1. Облыстың су айдындарын іргелес жатқан аумақтарда жер иелері мен жерді пайдаланушылардан жерлерін алмай суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын шарттардың қоса беріліп отырған тізілімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері:
      суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын ауыстыру, оларды белгілермен, аншлагтармен безендіру, жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізу және бұл жұмыстардың жүргізілуін ұдайы бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті бюджеттерде қажетті қаржы қаражаттарын сатылап бөлу жолдарын қарастырсын;
      су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және басқа да арнайы уәкілетті органдардың келісімі бойынша өзендердің ластануын, бітелуі мен тартылуын болдырмайтын тиісті пайдалану режимін сақтаған жағдайда, көлік мақсатында және басқа да арнайы мұқтаждар үшін суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды белгіленген тәртіппен жүргізсін.

      4. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне, ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық субъектілерінің басшыларына олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде пайдаланып отырған жерлерін тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар, Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті өз өкілеттіктері шегінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін.

      7. Ақтөбе облысы әкімінің 1997 жылғы 31 қазандағы N 206 "Облыс аумағында суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
N 330 қаулысына
1 қосымша

Облыс су қоймаларына іргелес жатқан аумақтарда суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені

      Әр жағалау бойынша су қорғау аймағының орташа көп жылдық межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі орташа көп жылдық деңгейі кезіндегі су жиегіне дейінгі ең тар ені (өзен жайылмаларын, жайылма жылғаларын, түпкі жағалауындағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептеліп, белгіленеді:

Түрі

Атауы

Ені (м)

Өзендер

Ырғыз, Ойыл, Ембі,
Елек, Қобда,Темір, Ор
және басқа да
облыс өзендері

500

      Су объектілері жағалауында орналасқан орман алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамаларына сәйкес су қорғау аймақтарына кіреді.
      Суару-суландыру каналдарының су қорғау аймағының ең тар ені (әр жағалау бойынша су деңгейі қалыпты болған жағдайда) - 300 м.
      Су құйылатын қоймалар мен көлдердің су қорғау аймағының ең тар ені:

Түрі

Атауы

Ені (м)

2 шаршы
километрден
асатын қөлдер
 

2 шаршы
километрге
дейінгі
көлдер

Шалқар, Соркөл, Әйке,
Қарасор, Сұлукөл,
Шалқар-Қарашатау және басқа
да облыс көлдері

Басқа да шағын
су қоймалары, ескі арналар,
тоғандар мен апандар, көлдер

500



 
 
 
300

      Арналы су қоймаларының су қорғау аймағының ішкі шекарасы қалыпты тіркелген деңгейі кезіндегі су жиегі бойынша, ал көлдер үшін судың орташа көп жылдық деңгейінің жағалау шегі бойынша өтеді.
      Ұзындығы 50 км - 20 м; 50-ден 100 км - 50 м дейін; 100-ден 200 км - 100 м дейін көл және су қоймалары үшін жағалаудағы су қорғау белдеулерінің ені белгіленсін.
      Су қорғау белдеулері шегінде межелік деңгей белгіленіп, жағалау қорғайтын орманды белдеулер қалыптастырылсын.
      Су қоймаларының су қорғау аймағының ең тар ені олар орналасқан өзендердегідей белгіленеді:

Түрі

Атауы

Ені (м)

Арналы
су қоймалары

Ақтөбе, Қарғалы,
Сазды, Әулие,
Жарлыбұтақ, Сүхін-
Ойсылқара, Қызылсу,
Мағаджан және т.б.

500

      Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін, жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамын қайта өңдеу болжамын есепке ала отырып айқындалады:

Су
объектілері
жағалауына
іргелес
алқаптар
түрлері

Дөндердің тік-еңістігіне қарай су қорғау
белдеуінің ең тар ені (м)

Жағалаудан
еңістігі
(нөлдік
еңістік)

Жағалауға
еңістігі 3
градусқа дейін

Жағалауға
еңістігі 3
градустан астам

Шабындық

Көгал,

Орман, бұта

Басқалары
(қолайсыз
алқап)

35

30

25



35

55

50

35



35

100

75

55



100

      Бағалы ауыл шаруашылығы жерлерінде су қорғау белдеулерінің ені өзен жағалауларында тал-теректі белдеулер немесе жағалауды бекітетін қорғаныс құрылғылары болған жағдайда 10 метрге кішірейтіледі.
      Су қорғау аймағы шегінде шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген су объектілері мен су шаруашылығы құрылғыларына іргелес, аумағының ені жиырма метрден кем емес су қорғау белдеулері ажыратылады.
      Ақтөбе қаласы және басқа елді мекендерде жағалауды бекітетін құрылғылар болған жағдайда су қорғау белдеулерінің шекараларын жағалау парапетімен біріктіруге болады.
      Қолданыстағы қызмет үлесі, жеке және заңды тұлғалардың үй маңындағы, саяжайлық және бақшалық учаскелері жерді пайдалану құқығына және су қорғау режимін сақтауға мемлекеттік пакеті болған жағдайда су қорғау белдеуі шеңберінде қалады.
      Су қорғау аймақтары мен белдеулерінен жаңадан жер беру осы салада қоршаған ортаны қорғау, жергілікті атқарушы органдар және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау, балық өсімін молайту және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың келісімі бойынша жүргізіледі.

Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
N 330 қаулысына
2 қосымша

  Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметтерін жүзеге асыруға тыйым салынатын жағдайлар тізбесі

      Су қорғау аймағы шегінде мыналарға:
      су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін бітелу мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, жаңа және жаңғыртылмаған объектілерді іске қосуға;
      тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетін құрылғыларды, өлген малдар көмілетін ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен құрылысын салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткізу, белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган су қорын пайдалану және қорғау саласындағы қоршаған ортаны қорғау, жергілікті атқарушы және басқа арнайы уәкілетті органдармен келісілген бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жобасы жоқ жұмыстар жүргізуге;
      мемлекеттік табиғат қорғау органдарының, су ресурстары басқармасының, жергілікті атқарушы және басқа да өкілетті органдардың келісімінсіз су көздеріндегі су жиегінен 2000 метрге дейінгі орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егілген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілдерін қолдануға;
      органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
      шамадан тыс мал жаюға;
      малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.

      Су қорғау белдеулері шегінде мыналарға:
      жер жыртуға, мал бағуға, тал-теректерді кесуге;
      палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малдың жазғы лагерлерін жасауға;
      су ұстайтын, су реттейтін, қорғаныс және басқа да арнайы мақсаттарға арналған құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
      мемлекеттік арнаулы уәкілетті органдарының келісімі болмаған жағдайда жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшін жер беруге;
      Ақтөбе қаласы мен елді мекендерде су өткізбейтін кресіндермен жабдықталмаған жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінде суаттардың ластануына жол бермейтін құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға тыйым салынады.