Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N№С-22-6 "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысытық мәслихатының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 3С-12-27 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 14 маусымда N 3144 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  7 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  Заңына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Жер  Кодексінің  күшіне енуіне байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2003 жылдың 20 қаңтарында N 1503 тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N С-22-6 "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы"  шешіміне  келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспе бөлігінде "Қазақстан Республикасының Жер туралы" Заңының 7 бабының 6,3 тармақтарымен" сөздері "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11 бабының 1 тармағымен" сөздерімен ауыстырылсын. 
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат                Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы              хатшысы