Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №С-22-6 "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысытық мәслихатының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 3С-12-27 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 14 маусымда N 3144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 5С-32-10 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 12.12.2014 № 5С-32-10 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Жер  Кодексінің күшіне енуіне байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2003 жылдың 20 қаңтарында N 1503 тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N С-22-6 "Көкшетау қаласының жерлерін аймақтау схемасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспе бөлігінде "Қазақстан Республикасының Жер туралы" Заңының 7 бабының 6,3 тармақтарымен" сөздері "Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11 бабының 1 тармағымен" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат                Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы              хатшысы