Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының мен Ақмола облысы әкімшілігінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 3С-11-20 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N 3135 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селоларының» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылдарының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы"  Заңының 3 8, 11   баптарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ерейментау ауданы бойынша:
      Новодолинка ауылдық округінің елді пункт-Өрнек ауылы басқа қоныстар дәрежесіне көшірілсін.
      жоғарыда көрсетілген қоныстың халқы Новодолинск ауылдық округінің Новодолинка ауылының құрамына енгізілсін.
      2) Тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Шортанды ауданы бойынша келесі елді пункттері қысқартылсын және есептік деректерден шығарылып тасталсын:
      Новоселов округінің Зерновое ауылы;
      Дамсинск ауылдық округінің N 34 разъезі.
      3) Ерейментау ауданы бойынша Новомарковка ауылдық округінің Новомарковка, Тимофеевка, Жолбасшы ауылдары шекараларында және екі әкімшілік-аумақтық бірліктер:
      Новомарковка ауылының шекарасында Новомарковка ауылы.
      Тимофеевка және Жолбасшы ауылдары шекарасында Ақмырза ауылдық округі, орталығы Тимофеевка ауылы.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат            Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы