Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3 , 8, 11 баптарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылғыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ерейментау ауданы бойынша:
Новодолинка ауылдық округінің елді пункт-Өрнек ауылы басқа қоныстар дәрежесіне көшірілсін.
жоғарыда көрсетілген қоныстың халқы Новодолинск ауылдық округінің Новодолинка ауылының құрамына енгізілсін.
2) Тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Шортанды ауданы бойынша келесі елді пункттері қысқартылсын және есептік деректерден шығарылып тасталсын:
Новоселов округінің Зерновое ауылы;
Дамсинск селолық округінің N 34 разъезі.
3) Ерейментау ауданы бойынша Новомарковка ауылдық округінің Новомарковка, Тимофеевка, Жолбасшы селолары шекараларында және екі әкімшілік-аумақтық бірліктер:
Новомарковка селосының шекарасында Новомарковка селосы
Тимофеевка және Жолбасшы селолары шекарасында Ақмырза селолық округі, орталығы Тимофеевка селосы.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы