Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1231қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасы бекiтiлсiн.
2. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегi
N 3-1-668қ "Астана қаласы мемлекеттiк коммуналдық меншiк (мүлiктер) объектiлерiн мүлiктiк жалдау (жалға беру) тәртiбi туралы қағидаларды бекiту туралы" қаулысының күшi жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2002 жылғы 22 мамырда
N 197 болып тiркелген; "Вечерняя Астана" газетiнiң 2002 жылғы 25 маусымдағы N 73 санында жарияланған, "Астана Ақшамы" газетiнiң 2002 жылғы 20 маусымдағы N 82, 2002 жылғы 25 маусымдағы N 84 сандарында жарияланған).
3. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi
N 3-1-293қ "Астана қаласының мемлекеттiк коммуналдық мүлiктерiн мүлiктiк жалдауға (жалға) беру қағидасын бекiту туралы" қаулысының күшi жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары А.С.Мамытбековке жүктелсiн.
Әкiм
Әкiмнiң бірінші орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiмнiң орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
Құжаттамалық сараптама
бөлiмiнiң меңгерушiсi
"Астана қаласының Қаржы
департаментi" мемлекеттік
мекемесiнiң директоры
Астана қаласы әкiмдiгінiң
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 3-1-457қ қаулысымен
бекiтiлген
Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкiн
мүлiктiк жалдауға (жалға) беру
Қағидасы
1. Осы Астана қаласының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн мүлiктiк жалдауға (жалға) беру Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген және меншiк нысаны мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан, барлық мемлекеттiк мекемелердiң және кәсiпорындардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi, мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға берудiң негiзгi қағидалары мен тәртiбiн белгiлейдi.
2-тарау. Қағидада қолданылған ұғымдар
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
баланс ұстаушы - иелiгiнде (балансында) мемлекеттiк коммуналдық мүлкi бар ұйым;
мүлiктiк жалдау (жалгерлiк) шарты - жалға берушi уақытша иелiк еткендегi және пайдаланғандағы ақысына жалгерге мүлiктi беруге мiндеттенетiн шарт;
мүлiктiк жалдау (жалгерлiк) - жалға берушi мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi уақытша иелiк еткендегi және пайдаланғандағы ақысына жалгерге беру;
жалға берушi - жалдау шартында меншiк иесi - Астана қаласының әкiмдiгi атынан уәкiлеттенген тарап. Астана қаласының аумағында мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға беру құқығы Астана қаласының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн басқаруға уәкiлеттi органға тиесiлi;
жалгер - мүлiктiк жалдау (жалгерлiк) шартында мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi белгілi мерзiмге, белгiлi ақыға және шартта белгiленген талаптармен уақытша иелiк етуге және пайдалануға алған тарап;
мүлiктiк жалдау (жалгерлiк) объектiсi - мемлекеттiк коммуналдық мүлік;
тендердi ұйымдастырушы - мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң объектiлерiн жалға беру бойынша тендердi өткiзуге жалға берушiмен уәкiлеттенген тұлға. Тендердi ұйымдастырушы жалға берушi болуы мүмкiн.
3-тарау. Тендер өткiзу тәртiбi
3. Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тек тендерлi негізде ғана жүргiзiледi:
мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге, акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға және заңды тұлғаларға жалға беру;
Астана қаласы әкiмдiгi қаулыларының негiзiнде коммуналдық меншiктiң стратегиялық маңызды объектiлерiн жалға беру;
Жалға берушiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын, баланстық құны ең төменгi 150 еселiк есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықтарды және ғимараттарды курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге жалға беру;
ауданы 100 шаршы метрге дейінгі орын-жайды бір жылға дейінгі мерзімге жалға беру.
Ескерту: 3-тармаққа толықтырулар енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 16-1008қ қаулысымен.
4. Тендер өткiзу кезiнде жалға берушi өзiне ұсынылған бастапқы талаптар негiзiнде мүлiктiк жалдауға ұсынылған объект үшiн жоғары жалгерлiк ақыны ұсынған тендер қатысушыларымен шарт жасасады.
5. Жалға берушi тендердi өткiзу үшiн комиссия құрады, оның құрамына Астана қаласы аудандары әкiмдерiнiң, баланс ұстаушының, жалға берушiнiң өкiлдерi кiредi.
Комиссияның төрағасы болып жалға берушiнiң өкiлi тағайындалады.
6. Комиссия жалға берушi белгiлеген мерзiмде және оған мүлiктiк жалдау объектiсi туралы ұсынылған деректер негiзiнде осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес есептелетiн, негiзгiлерiнiң бiрi жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң бастапқы көлемi болып табылатын тендердiң талаптарын әзiрлейдi.
7. Жалға берушi тендер өткiзуге жарияланған күнге дейiн, он бес күннен кешiктiрмей, мүлiктiк жалдауға ұсынылған объектiлер туралы ақпараттық хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарламаға төмендегi деректер енгiзiлуi тиiс:
1) жалға беру объектiсi жөнiнде мәлiмет, оның орналасқан жерi, сонымен қатар балансында объектiсi бар ұйымның атауы мен мекен-жайы;
2) мүлiктiк жалдау мерзiмi;
3) жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесi;
4) тендердiң шарттары;
5) тендер өткiзу күнi, уақыты және орны;
6) тендерге қатысуға өтiнiштердi қабылдау мерзiмi;
7) кепiлдi жарнаның сомасы;
8) жалға берушiнiң көзқарасы бойынша басқа да ақпараттар.
8. Тендерге жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
9. Тендерге қатысу үшiн жалға берушiге төмендегiлер көрсетiлген жазбаша түрде өтiнiштер берiледi:
1) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, есеп айырысу шоты (заңды тұлға үшiн);
2) аты-жөнi, мекен-жайы, төлқұжат мәлiметтерi (жеке тұлға үшiн);
3) қатысушы тендердi өткiзу талаптарымен танысқаны және келiскенi туралы растау.
10. Тендерге қатысу үшiн берiлген өтiнiшке төмендегi құжаттар қоса берiледi:
1) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң, жарғының көшiрмесi, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң куәлiгi, кепiлдi жарнаның салынғанын растайтын құжат;
2) жеке тұлғалар үшiн - жеке куәлiктiң көшiрмесi, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң куәлiгi, кепiлдi жарнаның салынғанын растайтын құжат.
11. Тендер басталғанша тендерге қатысушылар жөнiндегi мәлiметтердi жариялауға болмайды.
12. Комиссия төмендегi жағдайларда тендерге қатысуға өтiнiштi қабылдамауға құқылы:
1) тендерге қатысушы өзi туралы расталмаған мәлiметтер ұсынса;
2) тендерге қатысушысының iс-әрекетке қабiлетсiздiгi;
3) тиiстi түрде ресiмделмеген сенiмхат (өкiл үшiн);
4) кепiлдi жарнаның салынғанын растайтын құжаттың болмауы;
5) көрсетiлген мерзiмдi бұза отырып, берiлген өтiнiш;
6) басқа жалдау шарттары бойынша бюджет алдындағы қарыздары болса;
7) егер тендерге қатысушы бұрынғы тендер жеңiмпазы бола тұрып мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң жалдау шартын жасау және орындау бойынша мiндеттемелерiн орындамаса.
Басқа негiздерде өтiнiштi қабылдамауға рұқсат етiлмейдi.
Расталмаған мәлiметтер ұсынылған жағдайда, ондай дерек белгiленген кезден бастап тендерге қатысушы бiр жыл бойы тендерге қатыса алмайды.
13. Тендерге қатысушының құқығы:
1) жалға берiлетiн объект жөнiнде тегiн мәлiмет алуға;
2) объектiнi алдын-ала қарауға;
3) жалдау шарты жобасының талаптарымен танысуға;
4) жеке өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлi арқылы тендерге қатысуға;
5) жалға берушiге жазбаша хабарлап өзiнiң тендерге қатысу өтiнiшiн ол басталғанға дейiн бiр күн бұрын қайтарып алуына;
6) өзiнiң құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге.
14. Тендердi комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тендердi ұйымдастырушы өткiзедi.
Тендер басталар алдында тендердi ұйымдастырушы жалға берiлетiн мемлекеттiк меншiк объектiсiн, оның техникалық деректерiн және бастапқы жалдау ақысын хабарлайды.
15. Объектiнi мүлiктiк жалға алғысы келетiн бiрнеше тұлғалар қатысса, олардың арасында аукцион өткiзiледi. Ең жоғарғы жалдау ақысын ұсынған тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы болып танылады.
Жалға берiлетiн объектiге жалғыз қатысушы қатысса, онымен базалық мөлшерлеме бойынша жалдау шарты жасалады.
16. Аукционда жалдау мөлшерлемесi көтерiлуi де, төмендеуi де мүмкін.
Бұрынғы тендерде (тендерлерде) сұранысқа ие болмағандықтан жалға берiлмеген объектiлер бойынша жалдау ақысының төмендеуiне жол берiледi.
Жалдау ақысының мөлшерлемесi төмендеген кездегi кезектi бағаны хабарлаған сәтте объектiнi жалға алғысы келетiндiгi туралы бiр уақытта екi және одан аса қатысушылар тiлектерiн бiлдiрген жағдайларда тендердiң ұйымдастырушысы бағаны көтере бастайды.
17. Жалға берiлген объектiнiң жалгерi болып табылатын тендерге қатысушы тендер өткiзу кезiнде жалға беру құқығының артықшылықтарын пайдаланады, яғни тендер өткiзу кезiнде қатысушылардың барлығы тең баға ұсынса, сол коммуналдық мүлiк объектiсiнiң бұрынғы жалгерi жеңiмпаз болып табылады. Ол талаптар жөнiнде тендерге қатысушылар ол басталғанға дейiн ескертiлуi тиiс.
Объектiге басқа қатысушылар болмаса, Жалға берушi тендер өткiзу кезінде сол объектiнiң Жалгері болып табылатын тұлғамен бұрынғы шарттар бойынша жалға беру шартын жасайды.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1231қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
18. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiсi болып табылатын теңдер жеңiмпазы оған аукционда ұсынылғаннан 10 пайыз төмен мөлшерлемеде жалдау шартын жасасуға құқығы бар.
$5. Тендердiң қорытындыларын ресiмдеу
19. Тендер қорытындысы комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасымен ресiмделедi, онда төмендегiлер көрсетiледi:
1) комиссия құрамы;
2) тендер шарттары;
3) тендерге қатысушылар туралы деректер;
4) объектiнiң атауы;
5) тендер кезiнде белгiленген жалдау ақысының мөлшерлемесi;
6) тендер жеңiмпазы;
7) жалға берушi мен тендер жеңiмпазының шартқа қол қоюы бойынша мiндеттемелерi;
8) жеңiмпаздан кейiн жалдау ақысының ең жоғарғы мөлшерлемесiн ұсынған тендерге қатысушы.
20. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi тендер жеңiмпазына берiледi және оның жалдау шартын жасасу құқығын куәландырады.
21. Хаттамаға комиссияның тендерге қатысушы барлық мүшелерi қол қояды.
22. Тендер жеңiмпазы жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайда ол салған кепiлдiк жарнасы ұсталып қалады және жергiлiктi бюджетке аударылады. Мұндай жағдайда жалға берушi жеңiмпаздан кейiн жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң ең жоғарғысын ұсынған тендер қатысушысымен жалдау шартын жасасуға құқылы.
4-тарау. Жалдау шартын жасасу және объектiнi
жалгерге тапсыру тәртiбi
23. Мүлiктiк жалдау (жалгерлiк) объектiнi тапсыруды төменде көрсетiлген қабылдау-тапсыру актiсi бойынша жалға берушiнiң, баланс ұстаушының және жалгердiң уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi:
акт жасаудың күнi мен орны;
құжаттардың атауы мен деректемелерi, осыған сәйкес өкiлдер тараптардың мүдделерiн ұсынуға уәкiлеттi;
объектiнi тапсыру жүргiзiлетiн мүлiктiк жалдау шартының күнi мен нөмiрi;
жарамсыздығынан (егер болса) аударылуымен қоса тапсырылатын объектiнiң техникалық жағдайы;
тараптардың мөрлерiмен расталған өкiлдердiң қолдары.
24. Қабылдау-тапсыру актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi жалға берушiде сақталады, екiншiсi - жалгерге тапсырылады, үшiншiсi - баланс ұстаушыда болады.
25. Жалға берушi баланс ұстаушы жалгерге олардың арасындағы шартқа қол қойылған күннен бастап кемінде бiр ай мерзiмінде объектiні тапсыруды қамтамасыз етеді. Қабылдау-тапсыру актiсiне екі тарап қол қойған күннен бастап жалдау ақысы есептеледi.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1231қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
26. Жалдау шартының қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы бойынша немесе шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда жалгерлік объектiсін жалгер табиғи тозуды ескерумен қабылдау-тапсыру актiсi бойынша бастапқы жай-күйiнде, сондай-ақ қарыздардан және басқа да мiндеттемелерден бос күйінде баланс ұстаушыға қайтарады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1231қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
27. Бiр жылдан аса мерзiмге жасасқан шарт мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiстi. Жалдау шартын тiркеуден өткiзу жалгердiң есебiнен жүзеге асырылады.
28. Жалдау шарты төмендегiдей жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
жалгер таратылса;
жалға берушiнiң шешiмi бойынша жалгерге оның жазбаша келiсiмiмен басқа тең деңгейдегi объект ұсынылса;
жалгер шарт талаптарын бұзса;
заңнамада немесе шартта қарастырылған басқа да жағдайларда.
29. Қандай да болған негiздер бойынша жалдау шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда жалға берушi тендер өткiзiлгенге дейiн базалық мөлшерлеменi қолдана отырып, кез келген жалгермен жаңа жалдау шартын жасасуға құқылы.
Аталған жағдайларда тендер үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.
5-тарау. Жалдау ақысының есеп айырысу тәртiбi
30. Жалдау ақысы мемлекеттiк мүлiктiң жалдау шарттары бойынша осы Қағиданың 3-тармағы 3-бөлiгiнде мазмұндалған жағдайларды қоспағанда, Астана қаласының жергiлiктi бюджетiне аударылады.
31. Жалға ұсынылған жылжымайтын мүлiктiң жалдау ақысының базалық мөлшерлемелерi осы Қағиданың қосымшаларына сәйкес анықталған.
32. Жылжитын мүлiкке жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi жалға берушiмен төмендегiдей формулада есептеседi:
Жа = (Бқ * Өм)+ (Бқ * Қж),
12
Жа - мүлiктi жалдағаны үшiн айлық жалдау ақысының мөлшерлемесi, (теңге);
Бқ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) бастапқы құны, теңге;
Өм - Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес (жалға берушi мүлiктiк жалдауға тапсырылатын жабдықтардың жеделдетiлген өтелiмiне өтелiм мөлшерлемесiне түзету енгiзуге құқығы бар) анықтайтын, бекiтiлген активтер (мүлiктер) өтелiмiнiң шектi мөлшерi, пайыздар;
Бқ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) баланстық құны, теңге;
Қж - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi, пайыздар.
Жалдау объектiсi бөлек тұрған жылжымайтын объект болған жағдайда жалға берушiнiң шешiмiмен мұндай объектiге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi жеке ұқсастық түрiнде есептелуi мүмкiн.
33. Жалдау ақысының мөлшерлемесi аукционның нәтижесiнде өзгеруi мүмкiн.
34. Коммуналдық қызметтер және мүлiктi ұстау төлемдерi жалдау ақысына қосылмайды. Жалгер егер мұндай төлемдердi орталықтандырылған төлеу үшiн шоғырландырса, ол оларды бөлек тiкелей қызметтердi жеткiзушiге немесе баланс ұстаушының есеп айырысу шотына аударады.
35. Жалға берушi мен баланс ұстаушыға жалгерден жалдау ақысы және жалдағы мүлiктi ұстауға жiберiлетiн нақты шығындар төлемiнен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.
36. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi көтерiлген жағдайда, жалға беру шартында басқа да жағдайлар қарастырылмаса, жалға берушi бiр жақты тәртiпте, жылына бiр мәртеден жиi емес, жалдау ақысын өзгертуi мүмкiн.
6-тарау. Жалдау қатынастарын бақылау
37. Жалға берушi баланс ұстаушының осы Қағиданың талаптарын сақтауын, сонымен қатар жалгерлер өздерiнiң шарттық мiндеттерiн орындауын тексеруге құқылы.
7-тарау. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілiк
38. Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң баланс ұстаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртiпте:
1) жалған ақпарат ұсынғаны;
2) пайдаланылмаған мемлекеттiк коммуналдық мүлiктердi жасырғаны;
3) шарттық қатынастарды жасырғаны;
4) мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк емес ұйымдарға конкурстан тыс жалға бергенi (осы қағидада аталып өткен жағдайлардан басқа);
5) тендердiң талаптарын бұзғаны;
6) объектiнi тапсырудан немесе уақытында тапсырудан бас тартқаны үшiн жауапты.
39. Мемлекеттiң ерекше меншiк объектiсi болып табылатын тарихи және мәдени ескерткiштерi, тиiстi уәкiлеттi органдармен оларды қолдану және пайдалану шарттары келiсiлсе, жалға берiледi.
9-тарау. Қорытынды және ауыспалы ережелер
40. Осы Қағида күшiне енгеннен кейiн туындайтын қатынастарды реттейдi.
41. Осы Қағидада қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
Астана қаласы әкiмдiгінiң
2005 жылғы 28 маусымдағы
N 3-1-457қ қаулысымен
бекiтiлген
Астана қаласының мемлекеттiк
коммуналдық мүлкiн
мүлiктiк жалдауға (жалға)
беру Қағидасына
қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2008.03.04 N 16-277қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Жалға ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалгерлiк ақының
базалық мөлшерлемесi
Астана қаласының коммуналдық меншiгi болып табылатын, жалға ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалгерлiк ақының базалық мөлшерлемесi төмендегiлердi құрайды:
республикалық бюджеттен немесе басқа да әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, Астана қаласының мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғалар үшiн - бiр шаршы метрге айына 100 (жүз) теңге;
Астана қаласының жергiлiктi бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн - бiр шаршы метрге 0 (нөл) теңге;
басқа да заңды тұлғалар үшiн - бiр шаршы метрге айына 500 (бес жүз) теңге.