Астана қаласының ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын және Қазақстан Республикасының Жер кодексін басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ :
1. Астана қаласы мәслихатының мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығы) алу (сатып алу) бойынша Астана қаласы мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара қарым-қатынас Ережелері туралы", (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелген N 327, 2004 жылғы 15 мамырдағы "Астана хабары", 2004 жылғы 20 мамырдағы "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2005 жылғы 29 наурыздағы N 128/17-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығы) алу (сатып алу) бойынша Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара қарым-қатынас Ережелері туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірде тіркелген N 384 , 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Астана хабары", 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне :
аталған шешіммен бекітілген Ереженің 1-тармағында "1996 жылғы 8 сәуірдегі N 403 Үкіметтің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және сатып алу тәртібі туралы Ережемен" сөздері алынып тасталсын.
аталған шешіммен бекітілген Ереженің 2-тармағының 2-тармақшасының 8-абзацындағы "жер ресурстары жөніндегі орган - жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" сөздері "Жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігімен уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережелері туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелген N 328, 2004 жылғы 15 мамырдағы "Астана хабары", 2004 жылғы 15 мамырдағы "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2004 жылғы 19 қарашадағы N 97/4-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ "Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережелері туралы" шешімімен бекітілген жер учаскелеріне құқық беру Ережелеріне өзгерістер енгізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 23 желтоқсанда тіркелген N 363 , 2005 жылғы 8 қаңтардағы "Астана хабары", 2005 жылғы 11 қаңтардағы "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне :
аталған шешіммен бекітілген Ереженің 2-тармағының 3-тармақшасының 6-абзацындағы "жер ресурстары жөніндегі орган - жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" сөздері "Жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігімен уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы