Астана қаласындағы жер учаскелерiне құқық табыстау Ережелерiн бекiту туралы

Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 39/7-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 11 мамырда N 328 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 12 қазандағы N 294/37-ІІІ шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

       "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 16-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "еңбек сіңірген" деген сөздерден кейін "не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға жауап беретін" деген сөздермен және "адамдардан" деген сөзден кейін "және олардың отбасы мүшелерінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 21-бап 4) тармақшадағы "тіркелмесе" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті