"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 14 қарашада N 2043 тіркелген, 2003 жылғы N 2 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерінің бюллетенiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.
Аталған бұйрықпен бекiтiлген Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi Ережеде:
37 тармақтағы үшінші абзацта "алу құқығына сенімхат" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты іске асыру басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.