"Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 2043 тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 ж

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 136 Бұйрығымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзілiмiнде:
      F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі