"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңын
іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374
Қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара Жоспарының 10-тармағына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шара қабылдасын және осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2005 жылғы 22 желтоқсандағы
N 69 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік мекемелердің қызметіне
тексерісті есепке алу бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексерісті есепке алу бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелер қызметінде бақылау және қадағалау өкілеттігіне ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістерді есепке алуды белгілейді.
2. Тексерістерді тағайындау туралы актілерді тіркеуді (бұдан әрі - тексерістер тағайындау туралы акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Қалалар және аудандар аумақтарында, әскери гарнизондарда және көліктік аймақтарда тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеуді аумақтық меншіктілікке сәйкес уәкілетті органның тиісті бөлімшелері жүзеге асырады.
4. Аталған есепке алу субъектілері (бұдан әрі - есепке алу субъектілері) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар болып табылады.
5. Осы Нұсқаулық:
1) жедел-іздеу іс-шаралары шегінде;
2) қозғалған қылмыстық істерді, сот әділдігін және орындау өндірісін, төтенше жағдайларды тергеу шегінде;
3) өзінің аумақтық, құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелеріне қатысты есепке алу субъектілері тексеріс өткізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
6. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ресімдеуде аталған Нұсқаулықпен белгіленген талаптар бұзылған жағдайда уәкілетті орган оларды қосымша ресімдеуге қайтарады.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тексеріс объектісі - тексерілетін мемлекеттік мекеме;
2) тексеріс - заңнамалық актілермен белгіленген құзырет шегінде бақылау немесе қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың объектілерге барып олардың Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын сақтауын анықтау мақсатында тексеру жүргізу іс-әрекеттері;
3) тексеріс тағайындау туралы акті - тексерілетін объектіге тексеріс жүргізу үшін негіз болып табылатын есепке алу субъектісінің құжаты (қаулы, нұсқама, бұйрық, тапсырма, жолдау қағазы және т.б.).
3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну,
тіркеу және жүргізу
8. Тексерісті тіркеу, барлық қажетті деректемелерді міндетті түрде толтыра отырып, есепке алу субъектісі шығарған тексеріс тағайындау туралы акті және осы Нұсқаулықтың 1 к қосымшасына сәйкес N2-П нысанды карточка (бұдан әрі - N 2-П нысанды карточка) негізінде жүзеге асырылады.
9. Тексеріс тағайындау туралы акті және N 2-П нысанды карточка тексеріс басталғанға дейін тексерілуші объектінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады.
Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелерде тексеруді тіркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырылады.
10. Тексеріс тағайындау туралы акті уәкілетті органға екі данада (түпнұсқа және көшірме) ұсынылады. Тіркеуден кейін, актінің түпнұсқасы кешіктірілмей есепке алу субъектісіне қайтарылады. Актінің көшірмесі уәкілетті органда қалады.
11. Уәкілетті органның қызметкері тіркеу үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын, N 2-П нысанды карточкаларды және оларға талон-қосымшаларды алғаннан кейін, осы Нұсқаулықтың 2 к қосымшасына сәйкес Актілерді тіркеу журналына (бұдан әрі - Журнал) есепке алу субъектісіне қайтарылатын актіге қойылатын бір мезгілде N 2-П нысанды карточканың тіркеу нөмірі болып табылатын реттік нөмір бере отырып мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеру туралы тиісті жазба енгізеді.
12. Тексеріс тағайындау актісінің келесі бетіне уәкілетті органның қызметкері осы Нұсқаулықтың
5 қосымшасына
сәйкес тексеріс тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр қояды.
Уәкілетті орган тексерісті тіркеуде тексеріс тағайындау актісі мен N 2-П карточкасы ұсынылған сәттен бастап дереу жүзеге асырады.
13. Тексеру мерзімі ұзартылған немесе ол тоқтатылған, жаңартылған, сондай-ақ есептен шығарылған жағдайда есепке алу субъектісі уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес N 2.1.-П нысанды карточканы (бұдан әрі - 2.1.-П нысанды карточка) тексерістің жоспарланған аяқталу мерзімінен кешіктірмей ұсынады.
4. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкаларды,
оларға қосымша талондарды және Журналды толтыру
14. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкалардың сол жағында орналасқан деректемелерді тексерісті жүзеге асырушы адамдар қысқартусыз жазба әріптермен толтыруы тиіс.
15. N 2-П нысанды, N 2.1-П нысанды карточкалардың оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерінде уәкілетті органның қызметкері толтыратын код белгілерінің нөмірлері көрсетіледі.
16. N 2-П нысанды карточкада:
тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
4) 4-ші тармақта тексерілуші объектінің атауы;
5) 5-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс негізі: 1 - жоспарлық, 2 - тапсырмалар немесе сұраулар бойынша, 3 - өтініштер бойынша, 4 - заң бұзушылық сипаттарын тікелей анықтау бойынша, 5 - азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп туындау және авариялық жағдайларда, 6 - алдыңғы тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау, 7 - ұсынылған мәліметтердің нақтылығын қайта тексеру, 8-өзге де;
6) 5.1-тармақта тексеріс жүргізу мәселесі;
7) 6-шы тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
8) 7-ші тармақта тексерісті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы (есепке алу субъектісі);
9) 7.1-тармақта тексерісті жүзеге асырушы адам (адамдар) мәліметтері;
10) 8-ші тармақта тексеріс жүргізу мерзімі;
уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді:
11) 9-шы тармаққа прокуратура немесе уәкілетті органдар анықтаған тіркелмеген тексерістер туралы деректер;
10, 11, 12 тармақтарда N2-П нысанды карточканың келіп түскен күнін, Журнал бойынша реттік нөмірін, карточканы қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, лауазымы мен қолы қамтылады.
17. N2.1-П нысанды карточкада:
тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
2) 2-ші тармақта тексеруді тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
6) 6-шы тармақта тексеріс мерзімінің ұзартылған күні;
7) 7-ші тармақта тексерістің тоқтатылған күні;
8) 8-ші тармақта тексерістің жаңартылу күні.
10-14-тармақтарды уәкілетті органның қызметкері толтырады.
18. N2-П, N2-1-П нысанды карточкалар уәкілетті органның Журналында тіркелген сәттен бастап есепке алынды деп саналады.
19. Тексеріс нәтижелері бойынша әрбір тексерілген объектіге белгіленген үлгіде, тексерісті жүзеге асырушы адам қысқартусыз жазба әріптермен толтыратын және тексеріс біткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылатын, осы Нұсқаулықтың 3 к
қосымшасына
сәйкес N 2-П нысанды карточканың қосымшасы болып табылатын, талон-қосымша (бұдан әрі - талон-қосымша) толтырылады.
Талон-қосымшада:
тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексерісті тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
6) 6-шы тармақта тексерісті тағайындау туралы актінің уәкілетті органда тіркелген күні және уәкілетті органның Журналы бойынша оның тіркеу нөмірі;
7) 7-ші тармақта тексерістің басталған күні;
8) 8-ші тармақта тексерістің аяқталған күні;
9) 9-шы тармақта тексеріс жүргізудің нәтижелері;
10) 10-шы тармақта тексеріс жүргізген адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы, қызмет телефонының нөмірі;
уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді;
11) 11-ші тармақта талон-қосымшаның уәкілетті органға келіп түскен күні;
12) 12-ші тармақта уәкілетті органның талон-қосымшаны қабылдап алған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы.
20. Уәкілетті органның қызметкері талон-қосымшаны алу кезінде есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің түпнұсқасының келесі бетіне тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын және алған күнін көрсете отырып қол қояды.
22. Тексерісті тағайындау туралы актіні, N 2-П нысанды карточканы және талон-қосымшаны тіркеу олар туралы Журналға мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
24. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс. Жазбалар толық, айқын, таза түрде енгізіледі, түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді. Қате жазбалар келісіледі және жауапты адамның қолымен куәландырылады.
Уәкілетті органның қызметкері Журналға мынадай жазбалар енгізеді:
1) 1-ші бағанға ақпараттық есептік құжаттардың реттік нөмірі;
2) 2-ші бағанға тексеріс тағайындау туралы акті мен N2-П нысанды карточканың тіркелген күні мен уақыты, есепке алу субъектісіне қайтарылатын тексеріс тағайындау туралы актіге қойылатын осы құжаттардың тіркеу нөмірлері, сондай-ақ құжаттарды тапсырған есепке алу субъектісі қызметкерінің қолы;
3) 3-ші бағанға есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі мен оның шығарылған күні;
4) 4-ші бағанға есепке алу субъектісінің атауы, тексерісті тағайындаған адам тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) 5-ші бағанға тексерісті жүргізуші адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
6) 6-шы бағанға тексерілетін объектінің атауы және оның орналасқан жері;
7) 7-ші бағанға тексеріс тағайындау негізі;
8) 8-ші бағанға тексерісті жүргізу мерзімі;
9) 9-шы бағанға тексеріс мерзімінің ұзартылуы немесе оның тоқтатылуы туралы;
10) 10-шы бағанға уәкілетті органға талон-қосымшаның тапсырылған күні туралы;
11) 11 бағанға тағайындалған тексерістердің жүргізілмеген негіздері:
1-ші индекспен есептен шығарылған жүргізілмеген тексерістер және тіркелген тексерістердің жүргізілмеу негіздері көрсетіледі;
2-ші индекспен қосымша ресімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілер.
5. Комитеттің және оның аумақтық органдарының
"Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс
тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П
нысанды статистикалық есептілікті құруы және ұсынуы
25. N 2-П карточкалары және уәкілеттік органның Журналы негізінде, осы Нұсқаулықтың 4 қосымшасына сәйкес, әрбір есепке алу субъектісі және N 2-П нысанды жалпы жинақтық есеп бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылатын "Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П (бұдан әрі - N 2-П есеп) нысанды статистикалық есептілік жасалады.
26. N2-П нысанды есептің толықтылығына, объективтілігіне, дұрыстығына жеткіліктілігі мен уақытылы ұсынылуына оны жасау бойынша міндет жүктелген уәкілетті органның қызметкері, сондай-ақ уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не есепті жасау кезеңінде оның міндетін атқарған адам жауапкершілік көтереді.
27. Аумақтық органдардан келіп түскен N2-П нысанды есептердің негізінде Комитет әрбір есепке алу субъектісі бойынша есептер және республика бойынша жалпы жинақтық есеп жасайды.
28. N 2-П нысанды есеп мәліметтердің жолдары мен бағандары барлық есепке алу субъектілері бойынша сәйкес келетін үдемелі нәтижемен бірыңғай нысанда құрылады:
1) 1-жолда есептік кезеңнің аяғына талон-қосымша келіп түспеген жүргізілмеген тексерістердің қалдығы көрсетіледі;
2) 2-жолда тексеріс тағайындау туралы тіркелген актілердің жалпы саны көрсетіледі;
3) 3-жолда тексерілген объектілердің саны көрсетіледі (N2-П нысанды қойылған карточкалар бойынша);
4) 4-жол (талон-қосымшасы болған кезде) аяқталған тексерістердің санын көрсетеді;
5) 5-жол тексеру түріне тәуелсіз есептік кезеңде екі реттен көп тексерілген объектілер санын көрсетеді;
6) 6-жол есептік кезеңде әр түрлі себептер бойынша жүргізілмеген тағайындалған тексеріс санын көрсетеді;
7) 7-жол тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркемей жүргізілген тексерістердің жалпы санын көрсетеді;
8) 8-жол тіркелмеген тексерістердің жалпы санынан есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы акті шығармай жүргізген тексерістер туралы мәліметтерді көрсетеді;
9) 9-жол қосымша рәсімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;
10) 1-8 бағандардың көрсеткіштері тексеріс тағайындау негізіне тәуелді, ондағы ұсынылған код белгілеуге сәйкес N2-П нысанды карточканың 5-тармағының мәліметтерінен құрылады.
29. Аумақтық органдар N2-П нысанды есептерді Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне тапсырады. N2-П нысанды есепті тапсыру күні, оның Комитетке электрондық поштамен келіп түскен күні болып саналады.
30. Түпнұсқа және электрондық поштамен келіп түскен мәліметтердің арасында айырмашылықтар болған жағдайда электрондық пошта бойынша келіп түскен есептердің мәліметтері негізге алынады.
31. Республика бойынша N2-П нысанды жинақтық есепті Комитет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күні тапсырады.
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 1-қосымша
2-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН
ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
1. ______________________________________
3. Республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық - 4.
|
1. /_/_/_/
3. /_/ |
4. Тексеретін объектінің атауы __________
5. Тексеріс негізі: 1 - жоспарлық,
5.1. Тексеріс мәселесі __________________
6. Тексеріс тағайындау туралы актінің
8. Тексерістің өткізілу мерзімі:
9. Тексеріс уәкілетті органда тіркелмей
11. ҚСжАЕКБ тіркеу журналы бойынша тіркеу
|
4. /_/_/_/
5. /_/
5.1. /_/_/_/
9. /_/
|
13. Басқа да белгілер ___________________ |
|
Ескерту:
толтыру бойынша карточка ресми статистикалық құжат болып
табылады; Оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтер
енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 2-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау
туралы актілерді, N2-П нысанды карточкаларды және оларға
талон-қосымшаларды тіркеу журналы
NN |
Тексеріс тағайындау туралы актінің және N2-П нысанды карточканың тіркелген күні және уақыты, Уәкілетті органның тіркеу нөмірі, сондай-ақ құжаттарды тапсырған адамның қолы |
Есепке алу
|
Есепке алу
|
Тексерісті жүзеге асыратын адамның (адамдар) аты-жөндері, лауазымдары |
Тексеріс
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Тексеріс тағайын.
|
Тексеріс жүргізу мерзімі |
Тексерістің мерзімін ұзарту не оны тоқтату туралы белгі |
Уәкілетті органға N2-П нысанды карточкаға талон- қосымшаны ұсынған күн |
Тексеріс жүргізілген жоқ |
|
1 -
|
2 -
|
||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 3-қосымша
N2-П нысанды мемлекеттік мекемелердің қызметіне
тексерicті есепке алу карточкасына талон-қосымша
1. ______________________________________
3. Республикалық (1), облыстық (2), қалалық (3), аудандық (4).
|
1. /_/_/_/ 2. /_/_/_/_/
3. /_/ |
4. Тексерілетін объектінің атауы ________
5. Тексерісті тағайындау туралы актінің
7. Тексеріс басталған күн "__" _____200_ж.
9. Тексеріс нәтижелері:
11. Талонның ҚСжАЕК немесе ҚСжАЕКБ келіп
12. Талон-қосымшаны қабылдаған адам
|
7. /_/_/ /_/_/ /_/_/
|
Ескерту:
толтыру бойынша кәртішке ресми статистикалық құжат болып
табылады; Аталған құжатқа қол қойған тұлғалар көрінеу жалған
мәліметтер енгізгені үшін заңмен анықталған тәртіпте жауапқа
тартылады.
Кәртішкенің сақталу мерзімі 2 жыл.
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 4-қосымша
"Мемлекеттік мекемелерде тексеріс тағайындау
актісін тіркеу туралы" N 2-П нысанды есеп
|
|
Бар-
|
Жос-
|
Тапсырмалар немесе сұраулар бойынша |
Өтініштер бойынша |
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
Есептік кезеңнің соңында аяқталмаған тексерістер қалдығы |
1 |
|
|
|
|
Тексеріс тағайындау туралы тіркелген актілер саны |
2 |
|
|
|
|
Тексерілген объектілер саны (2-П нысанды қойылған карточкалар) |
3 |
|
|
|
|
Аяқталған тексерістер саны (талон-қосымшаның болған кезде) |
4 |
|
|
|
|
Есептік кезеңде 2-реттен көп тексерілген объектілер саны |
5 |
|
|
|
|
Әр түрлі себептер бойынша жүргізілмеген тағайындалған тексерістер саны |
6 |
|
|
|
|
Тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркемей жүргізілген
|
7 |
|
|
|
|
Тексеріс тағайындау туралы акті шығармай есепке алу субъектілері жүргізген тексерістердің саны (7 жолдан) |
8 |
|
|
|
|
Қосымша ресімдеуге қайтарылған тексерістер тағайындау туралы актілердің саны |
9 |
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Заң бұзушылық сипаттарын тікелей анықталуы бойынша |
Азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп туындауы және авариялық жағдайларда |
Алдыңғы тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау |
Ұсынылған мәліметтердің нақтылығын қайта тексеру |
өзге де |
Б |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 5-қосымша
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке
_________________________________ облыс (аймақ) бойынша
Тексеріс тағайындау туралы акті
N _______________ "____"_________________200__жыл.
Уәкілетті орган қызметкерінің қолы
|
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке
Тексеріс тағайындау туралы акті
N _______________ "____"_________________200__жыл.
Уәкілетті орган қызметкерінің қолы
|
Мемлекеттік мекемелердің
қызметіне тексерісті есепке
алу Нұсқаулығына 6-қосымша
2.1-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ
ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
1. ______________________________________
3. Республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық - 4.
|
1. /_/_/_/
3. /_/ |
4. Тексеретін объектінің аталуы _________
5. Тексеріс тағайындау туралы актінің
10. Өткізілмеген тексеріс есептен алынды - 1; 11. Қайтарылды - 2.
12. Қайта жасауға ҚСжАЕК немесе ҚСжАЕКБ
13. N2-П нысанды тіркеуге карточканы
|
7. /_/_/ /_/_/ /_/_
8. /_/_/ /_/_//_/_/
12. /_/_//_/_//_/_/
|
Ескерту:
толтыру бойынша кәртішке ресми статистикалық құжат болып
табылады; Аталған құжатқа қол қойған тұлғалар көрінеу жалған
мәліметтер енгізгені үшін заңмен анықталған тәртіпте жауапқа
тартылады.
Кәртішкенің сақталу мерзімі 2 жыл.