Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпараттық жүйенi бұдан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келiсiм бойынша) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн, Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiне жыл сайын 5 желтоқсаннан кешiктірмей ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісiм бойынша) жыл сайын 25 қаңтардан кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1374 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
құқықтық статистиканы және арнайы есепке
алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшін "Мемлекеттік құқықтық статистика және
негiздеме арнайы есепке алу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 6-бабының 7)
тармақшасы, "Прокуратура туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы , Қазақстан Республикасы
құқықтық саясатының тұжырымдамасы , Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетiн құру туралы" Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Бас
әзiрлеуші прокуратурасы
Бағдарламаның Қазақстанның мемлекеттiк құқықтық
мақсаты ақпараттық статистикалық жүйесiн
қалыптастыру және одан әрі реформалау
Бағдарламаның 1. Мемлекеттiк құқықтық ақпараттық
мiндеттерi статистикалық жүйенi құру.
2. Құқықтық статистика салалары кешенiн
дамыту.
3. Жаңа ақпараттық технологияларды
енгiзу.
4. Елдегі және өңiрлердегi заңдылық пен
құқықтық тәртiптiң жай-күйiн кешендi талдау
мен болжауды жетiлдiру, қоғамдағы құқықтық
құбылыстардың кешендi мониторингі жүйесiн
құру.
5. Қазақстанның мемлекеттік құқықтық
ақпараттық статистикалық жүйесiнiң әлемдiк
ақпараттық ортаға кірiгуі, құқықтық
статистикалық деректердi жариялау және
тарату жүйесiн жетiлдiру.
6. Yздiксiз кәсiби бiлiм беру мен
құқықтық статистика және арнайы есепке алу
саласында кадрлар даярлау жүйесiн құру әрi
жетiлдiру.
7. Халықаралық ынтымақтастық, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласындағы
қолда бар халықаралық тәжiрибенi зерделеу
Бағдарламаны iске 2005-2007 жылдар.
асыру мерзiмдерi
Қаржыландырудың Мемлекеттік бюджеттен 2005 жылға қаржы
көлемi мен көздерi шығындары талап етiлмейдi.
2006 жылы - 2582500 мың теңге; 2007 жылы
- 2232300 мың теңге. 2006-2007 жылдарға
арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар
көлемi тиiсті қаржы жылына анықталады
(нақтыланады).
Бағдарламаның Қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа,
iске асырылуынан нашақорлыққа қарсы күрестің нeгiзгі бағыттары
күтiлетiн нәтижелер бойынша салыстырмалы әрi сапалы статистикалық
деректер мен талдамалық ақпарат қалыптастыру.
Шешiмдер дайындау әрi қабылдаудың
пәрмендi жүйесiн құру, заңдылық сақтау мен
құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету
бойынша функцияларын iске асыру кезiнде
құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк
органдар қызметiнiң нәтижелiлiгiн арттыру.
Сапалы әрi шынайы ақпарат пен арнайы
есепке алудың мәліметтерiн дайындау және
ұсыну.
1. Кiрiспе
Қазiргi уақытта қоғамдық процестердi басқару мен дұрыс шешiм қабылдауда, соның iшiнде қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрi оларға қарсы күресуде, есiрткiнiң таралуын бақылауды жүзеге асыруда құқықтық статистикалық ақпараттың маңызы әлденеше есе артуда.
Осыған байланысты, Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн қалыптастырудың заңды қадамына айналады.
Қазақстан Республикасының дамуын сипаттайтын құқықтық статистикалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесiн құру, оларды алу, талдау мен болжау әдiснамасын жасау, жүйелi құқықтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру көзделуде, құқықтық статистиканың көрсеткiштерiн зерделеудiң басым бағыттары, әдiснаманы жетiлдiру мен ғылыми көзқарасты енгiзу анықталуда мемлекеттiң құқықтық жағдайы, елдегі қылмыстылық пен заңдылықтың деңгейi туралы халықаралық ұйымдарға қажеттi құқықтық статистика ақпаратын ұсыну жөнiндегі Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету, Бiрыңғай бiрiздендiрiлген статистикалық жүйенiң (бұдан әрi - ББСЖ) бiрiктірiлген деректер банкiнiң ақпараттық-техникалық кешенiн енгiзу әрi әкiмшілік құқық бұзушылық пен оларды жасаған тұлғалар туралы бастапқы болып табылатын құқық бұзушылықтардың орталықтандырылған деректер банкiн қолда бар геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйесiнiң компоненттерiмен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың құқықтық ақпаратқа қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн арнайы есепке алу жүйесiн құру жөнiндегi негізгi жобалық шешiмдердi әзiрлеу, кәсiпкерлiкті қолдау мен дамыту жөнiндегі шаралардың бiрi ретiнде құқықтық ақпаратқа деген қажеттiлігін қамтамасыз ететiн шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметiне тексерулер тағайындау туралы актiлердi тiркеуден мемлекеттiк органдардың бас тарту құқығын тиiмдi iске асыру мiндеттерi шешiлуде.
Сайып келгенде, қоғамдағы құқықтық жағдайларға кешендi мониторинг жүйесiн құру заңдылық пен құқықтық тәртiптi жаппай сақтауға негiзделген құқықтық мемлекеттi құрудың бiр компонентi болуы тиiс.
Бағдарламаны iске асыру мынадай негізгi қағидаттарды сақтай отырып, ұйымдастыру iс-шараларының кең кешенiн әзiрлеу мен орындауды көздейдi:
- құқықтық статистикалық ақпараттың тұрақтылығы, салыстырмалылығы, түсiнiктiлiгі мен ашықтығы;
- пәрменділігі мен нәтижелiлігі;
- iске асырылуы;
- жауаптылығы;
- сабақтастығы;
- тұрақтылығы;
- кешенділігі;
- жүйелілігі.
Бағдарламада құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы жұмысты ұйымдастырудың тиiмдiлігін одан әрi арттыруға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетiлдiруге себеп болатын iс-шараларды, деректер банкiнiң жалпыға бiрдей қол жетiмдiлігін қамтамасыз ететiн бiрiктiрiлген автоматтандырылған сәйкестендiру жүйелерiн құру жолымен құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды пайдалану жөнiндегi құқық қорғау органдарының мемлекетаралық ықпалдастығын қамтамасыз ету көзделедi.
Yш жылдық Бағдарламаны iске асыру мақсатында, республика - облыс - аудан деңгейлерiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектiлерiн тиiсті кешендi ақпараттандыруды, мемлекеттік басқару органдарының бiрыңғай ақпараттық құқықтық статистикалық кеңiстігін қалыптастыруды жүзеге асыру көзделуде. Мемлекеттік ақпараттық құқықтық статистикалық жүйе бiрыңғай ақпараттық қордың дiңгегi болуға тиiс.
2. Құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың
қазiргi жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаны жүзеге асыру нәтижелерінің бiрi - ведомстводан тыс және орталықтандырылған негiзде құрылған құқықтық статистика органдарын құру болып табылды әрi оларға қылмыстық құқықтық статистиканы қалыптастыру жөнiндегі iшкi iстер органдарының функциялары берiлдi. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығымен құқық қорғау органдары жүйесiн жетiлдiру, қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиiмділігін арттыру мақсатында, IIМ мен Әдiлет министрлiгiнiң статистикалық қызметтерiнiң базасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанында Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.
Осындай реформа жасаудың қажеттілігi, ең алдымен криминогендiк ахуал мен қылмыстылыққа қарсы күрестiң жай-күйiн шынайы көрсетудi болдырмайтын бұрынғы ақпараттық статистикалық жүйенiң кемiстіктерiнен туындады. Алғаш рет өз тарихында құқықтық статистика қадағалау органы - прокуратура қарауына берiлдi және осы қадамның баламасы бұрынғы кеңес кеңiстiгінде жоқ. Бұл елімiздегі криминалдық жағдайға әсерiн тигізетін себептердi объективтi әрi уақытылы анықтау жөнiндегі құқық қорғау органдарының қызметінiң тиiмдiлiгiн арттыруға әрi оларды жою жөнiндегі қажетті шаралар кешенiн белгілеуге мүмкiндiк бердi.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн жетiлдiру шеңберiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы таратылған Құқықтық статистика және ақпарат орталығының базасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган болып табылатын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылды. Құқықтық статистиканы қалыптастырудың, арнайы есепке алуды жүргiзудiң және осы саладағы қадағалауды жүзеге асырудың функцияларын үйлестiру қоғамдағы қылмыстықтың жай-күйi және қылмыстық қудалау органдары мен соттың қылмыстық iс жүргізу қызметiнiң сандық-сапалық көрсеткiштерi туралы, мемлекеттік органдардың кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау жөніндегі жұмысы, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қарсы қарсы күрес туралы мейлiнше шынайы ақпаратпен мемлекеттi жүйелi түрде қамтамасыз ету, құқықтық статистика және арнайы есепке алуды түпкілікті мүлде деңгейге көтеру жөнiндегі шара болып табылады, бұл мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алуды жүргiзуден бастап осы саладағы нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк органдардың орындауын қадағалауға дейiнгі ажырамас тетiк жасауға кең мүмкiндiк бередi.
Комитеттің негiзгі мiндеттерi - мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамыту, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, есiрткi заттардың заңсыз айналымына және заңдылықты бұзушылыққа қарсы күресті ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып саналады.
Осыған байланысты, Комитетке мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есептi жүргізу және осы саладағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегі мiндеттер жүктелген.
Осы мiндеттердi орындау үшiн Комитет Президент Әкiмшiлігін, Қауiпсiздiк Кеңесiн, Yкiметті, құқық қорғау, республиканың сот және басқа да мемлекеттік органдарын қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрестiң, елдегі заңдылықтың сақталуының жай-күйi туралы статистикалық және ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етедi.
Қазiргі уақытта Комитетте елдегі қылмыстық қудалау органдарының iздестірiлуiндегі қылмыс жасаған адамдар, хабар-ошарсыз кеткендер және танылмаған мәйiттер туралы қолда бар ақпараттың бүкiл көлемi жинақталған. Бұл қазiрдiң өзiнде, жалпы сипаттағы қылмыстарға, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына, нашақорлық пен психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi тиiмдi ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға, құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу мәселелерi бойынша республиканың барлық мемлекеттiк органдарының қызметін үйлестіруге мүмкiндiк бередi, ал болашақта терроризмге, экстремизмге, трансшекаралық және
халықаралық қылмыстылыққа, адамдар трафигiне және заңсыз көшіп-қонуға қарсы күрес пен заңдылықтың сақталуы әрi құқықтық тәртiптi қолдаудың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басқа да өзекті проблемаларында қуатты құралға айналуы тиiс. Бұдан басқа, Комитет мемлекетаралық ақпарат банкiн (МАБ) құру жөнiндегі келiсiм шеңберiнде Ресей Федерациясы ІІМ Бас ақпарат орталығымен ынтымақтастықты жүзеге асыруда, оған сәйкес Қазақстандағы арнайы есепке алу субъектiлерi туралы барлық деректер МАБ-қа жiберiледi, қажеттi нормативтiк құқықтық база үйлестiрiлген. Мысалы, Комитеттің аумақтық органдары арнайы есепке алу объектiлерiне карточка толтырған кезде, бiр көшiрмесiн РФ ІІМ МАБ-қа жiбередi. Сөйтiп, ТМД шеңберiнде құқық қорғау органдарының арасында жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Қазiргі уақытта, жетi жыл жұмыс iстегеннен кейiн, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының өзi қалыптасқан мемлекеттiк институт болып табылады. Бiрiншi кезекте, қылмыстылықтың жай-күйi, құқық қорғау органдарының, соттардың қызметi және бұл жұмыстың ақпараттық қамтамасыз етiлуi туралы статистиканы қалыптастырудың тиянақты режимi ұйымдастырылған. Арнайы есепке алуды жүргiзу, анықтамалық және мұрағаттық жұмыстарды
жүргiзу тиiстi деңгейде жүзеге асырылуда.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету, республикадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жай-күйi мен деңгейiн анықтауға, оларды түпкiлiктi жою жөнiндегі қажеттi шараларды әзiрлеу мен қолдануға мүмкiндiк бердi. Соңғы онжылдық барысында, нашақорлық пен психотроптық заттарды терiс пайдалану және республикадағы олардың заңсыз айналымы кең көлемде таратылу сипатын алды әрi экономика, құқықтық тәртiп, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың жай-күйiне, халықтың денсаулығы мен тектiк қорына терiс әсерiн тигiзуде.
Есiрткi заттарын пайдалануына байланысты медициналық мекемелерде есепке тұрған адамдардың жалпы саны 48 мың жуықты құрайды. Осыған байланысты, республикадағы нашақорлықтың жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты жүргізу нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын бағалауға, осы проблеманы одан әрi шешудiң стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкiндiк бередi.
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы шектеу сипатындағы нұсқамаларға ақпараттық қызмет көрсету тетігін енгiзумен бiрге, сотпен әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылған, iс-әрекет жасауға қабiлетсiз деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған тұлғаларды неғұрлым толық есепке алу белгiленген.
Өз қызметiнiң бүкiл кезеңінде, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласы заң жүзiнде реттелмеген едi және тек қызмет бабында пайдалануға арналған ведомстволық нұсқаулық кесiмдер
деңгейiнде ғана регламенттелдi.
Сондықтан, осы саланың дамуының келесi қадамы мемлекеттік
құқықтық статистиканы жүзеге асыру және арнайы есепке алуды жүргізудiң тәртібін заң жүзiнде бекiту болып табылды. Мысалы, 2003 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Мемлекеттiк құқықтық статистика және оны eceпке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң құқық саласындағы статистикалық, ақпараттық және есепке алу жүйелерiн басқарудың бiрыңғайлығы қағидаттарын айқындайтын нормативтік құқықтық кесiм болып табылады, олар осы саланың жұмыс iстеуi мен жетiлуiне оңтайлы жағдайды қамтамасыз етедi.
Заңмен алғашқы рет заңнамада: "мемлекеттік құқықтық статистика", оның "қылмыстық-құқықтық", "азаматтық-құқықтық" және "әкiмшiлiк құқықтық статистикаға" бөлінуi; уәкiлеттi орган мен қылмыстық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерінің құқықтары мен мiндеттерi; арнайы есепке алудың мақсаты мен түрлерi сияқты негізгі ұғымдар бекiтiлген.
Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау мақсатында Заңның 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына оларды тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған шаруашылық жүргізушi субъектiлердi тексерудi тағайындау туралы актiлердi тiркеуден бас тарту құқығы бекiтiлген. Осы қадам шағын және орта бизнесті дамытуға жасалған кедергілердi жоюға септігін тигізедi.
Сондай-ақ, Заңның 7-бабы 7-тармағының 5) тармақшасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақылы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мiндеттілігі көзделген. Осы функция елдiң бюджетiне қосымша қаржылық түсiмдердiң түсуiне әкеледi.
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi одан әрi жетiлдiру мен дамыту құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына қоғамдағы құқықтық құбылыстарға мониторингін жүзеге асыратын, қоғамдағы қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң бағдарламалары мен ұсынымдарын әзiрлейтiн басты талдау институты болып өзгертiлуiне мүмкiндiк бередi. Осы ұсынымдар заңдылық пен азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегі тиiмдi құралға айналуы тиiс. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестің перспективалық бағыттарының бiрi - кәсiпкерлiк қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қатысты субъектiлерi туралы деректер банкiн құру болып табылады.
Сөйтіп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметі статистикалық мәлiметтердi қалыптастыру мен криминалдық есепке алуды жүргiзудiң шеңберiнен әлдеқайда кең әрi ел Президентiнiң құқықтық мемлекет құру жөнiндегі жүргiзiп жатқан реформаларының аясында маңызды орын алады.
Алайда, осы уақытқа дейiн Қазақстандағы құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың көптеген шешiлмеген проблемалары
бар, олар ең алдымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын материалдық-техникалық, ұйымдастыру-кадрлық нығайтуға және құқықтық статистикалық мәліметтердi қалыптастыру мен арнайы есепке алуды жүргізу процестерiн автоматтандыруға байланысты.
Бiрыңғай бiрдейлендiрiлген статистикалық жүйеге (ББСЖ) бiрiктiрiлген, қылмыстылық, алдын ала тергеу мен анықтау органдарының қызметі, прокуратура органдарының жұмысы, сот төрелігін жүргiзу мен сот қаулыларының орындалуы жөнiндегi соттардың қызметі туралы, шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметін тексеру мәлiметтерi туралы статистикалық есептіліктi қалыптастыру жүйесi құрылды әрi жұмыс iстеуде. 2003 жылы республикалық бюджеттің қаражатына сатып алынған БҚБЖ-ның компоненттерi мен оны бағдарламалық қамтамасыз ету бастапқы есепке алу құжаттарын аудандық (қалалық) деңгейде жасау және статистикалық есептiліктi облыс - республика деңгейiнде қалыптастыруды электронды формат түрiнде автоматтандыру процестерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Алайда, Комитеттің аумақтық органдарының аудандық (қалалық), кей жерлерде облыстық деңгейде, тиiстi материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң болмауы, қолда бар бағдарламалық қамтамасыз етудi толық пайдалануға мүмкіндiк бермейдi. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын аудандық буынына дейiн толық автоматтандыру мен компьютерлендiрудi қамтамасыз ету мәселесiн шешу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көзделгенiмен, компьютерлiк және ұйымдастыру оргтехникамен жабдықтау және модемге қол жеткiзудi ұйымдастырудың жеткiлiксiз деңгейi, жергілiктi жерлердегi бiлікті кадрлардың болмауы республика шеңберiнде ББТЖ-ның қолда бар қорын толық пайдалануға мүмкiндiк бермеуде. Осыған байланысты, Бағдарламада осы проблеманы шешуге тиiсті қаржы қаражатын бөлу көзделедi.
Бұдан басқа, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын жеке салааралық пән (заңтану, статистика, криминология
және т.б.) ретiнде кадрлық қамтамасыз ету проблемасы бүгiнгi күнi неғұрлым өткiр қойылуда. Мысалы, Комитеттің кейбiр аумақтық басқармаларында құқықтық статистиканы қалыптастырумен немесе арнайы eсепті жүргiзумен арнайы бiлiмi жоқ, бiлiктiлiгiн арттырудан, тағылымдамадан көбiнесе өтпеген қызметкерлер айналысуда. ТМД аумағында осы саланы қайта құру және дамыту мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы орынға ие болғанына қарамастан, Қазақстанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласына арналған кадрларды дайындау және қайта дайындау орталығы жоқ. Соған байланысты, Бағдарламада С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Заңдылықтың, құқықтық тәртiптiң проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институтымен бiрлесiп, Комитет базасында Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер және құқықтық статистика мен арнайы есепке алу органдары кадрларының бiліктілігiн арттыру орталығын құру көзделген.
Сондай-ақ, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкiн жүргiзу жөнiндегі жаңа мiндеттердi жүзеге асыруы, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаруашылық жүргізушi субъектілердiң қызметiн тексерудi тағайындау туралы заңсыз актiлердi тiркеуден бас тарту құқығын және дамудың өзге де перспективалы бағыттарын қолдану мақсатында оларды кадрлық нығайту, ең алдымен, Комитеттiң орталық аппараты, жергілiктi жерлерiнде де штаттық оперативтiк қызметкерлердiң санын ұлғайту және оны 1500 адамға дейiн жеткiзу қажет.
Қазiрдiң өзiнде бекiтiлген Республикада нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы шеңберiнде тиiстi жедел талдау жасау үшiн құқық қорғау және өзге де органдардан заңсыз есiрткілер және есiрткiмен байланысты қылмыстар туралы мәліметтердi жинау жөнiндегі қызметті жүзеге асыратын Комитеттiң Нашақорлықтың жай-күйiн зерттеу және бағалау жөнiндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығын
материалдық-техникалық жағынан нығайту жұмыстары жүргiзiлуде.
Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында нашақорлықтың таралуына және есiрткi бизнесіне қарсы күрестi кешендi түрде ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын ұйымдастыру-кадрлық және техникалық жағынан одан әрi нығайту ғана емес, сонымен қатар нашақорлық қылмыстардың жасалуы туралы ақпарат алмасу жөнiндегі трансшекаралық ақпараттық желi құру мақсатында осы салада кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру қажет. Осыған байланысты, есiрткi және оның айналымына байланысты қылмыстар туралы Қазақстандағы қазiргi ақпараттық дерекқорлар, ұлттық заңнама жүйесi мен әдiснама Орталық Азия өңiрiндегi елдер үшін модель болуы, ал болашақта, мемлекетаралық ақпараттық деректер банкiнiң негізiн салуы мүмкiн. Бұл үшiн, Батыстың жетекшi елдерiмен және Ресей Федерациясымен наркотрафикке қарсы iс-әрекет бойынша тәжiрибе алмасуды жүргізу қажет.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында арнайы есепке алуды дамыту үшін неғұрлым маңызды проблемалық мәселелер мыналар болып табылады:
- арнайы есепке алуды жетілдiру әрi жаңалау;
- арнайы есепке алу субъектілерiмен үздiксiз жұмысты қамтамасыз ету;
- арнайы ақпарат алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
- арнайы есепке алу мәлiметтерiн алмасу мәселелерi бойынша құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы мәселелерiн реттейтiн халықаралық құқықтық кесiмдердi дайындау;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бiрiктірілген деректер банкiн құру.
Практика көрсеткенiндей, арнайы есепке алуды дамыту саласындағы негізгі перспективалы мiндеттердiң бiрi - қазiргі заман талаптарына жауап беретiн арнайы есепке алу процестерiн автоматтандыратын бағдарламалық қамтамасыз етудiң неғұрлым жоғары деңгейiн енгiзу, сондай-ақ геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенiң негiзi ретінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бiрiктірiлген деректер банкiн құру болып табылады.
Арнайы есепке алуды енгізу бойынша неғұрлым жетiлдiрiлген бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу қажеттілігі көрер көзге айқын болып отыр. Мысалы, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестіру туралы құжаттарды есепке алу үшiн қазiргі уақытта белгiленген бағдарламада ("Қазақстанда iздеу салу"), бiрiншiден, iздеу салынған адамдарды тануды жүргізу функциясына енгiзiлмеген, екiншiден, оны пайдалану көрсеткенiндей тиiмдiлігi шамалы болып табылады, үшiншiден, оны пайдалану кезiнде адами фактор ескерiледi, яғни, сұранысты қалыптастыру хабар-ошарсыз жоғалған адамды сипаттау
бойынша сәйкес келетін танылмаған мәйiттердi iрiктеп алу арқылы бағдарламалық қамтамасыз ету жолымен емес, алты мың бiрлiктен астам массивтен iрiктеп алу кезiнде барлық ықтимал нұсқаларды түгел ескеруге шамасы жетпейтін оператордың өзiмен жасалады, ал мұндай сұранысты әрбiр хабар-ошарсыз жоғалған адамға немесе танылмаған мәйiтке қалыптастыру қажет.
Тануды жүргізу тиiмділігінің шамалылығын мынадай көрсеткiштерден көруге болады. Осы бағдарламаның орын алған кезiнен берi 5000-ға жуық танылмаған мәйiттердiң жалпы санынан 63-i ғана танылған. Бұл - iздестiру туралы құжаттарды есепке алу бойынша күнделiктi жұмыстың нәтижесiнде iздеу салудың бастамашыларына әрдайым сәйкестендiру белгiлерінің сай келуi туралы жорамалдар жолданып отырған кездегi жетістік.
Қазiргі уақытта Ресей Федерациясы ІІМ Бас ақпарат орталығында "Oracle" деректер базасын басқару жүйесiнiң (ДББЖ) базасында құрылған және жұмыс iстейтiн бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылуда, ол нышандарын көзбен шолу арқылы салыстыра қарау жолымен ғана емес, сондай-ақ бет әлпетін суреттеу, адам қаңқасының сүйектерінің қалдықтарын, атап айтқанда, бас сүйегi, адам көзiнiң торқабығын салыстыру бойынша адамның биометриялық ұқсастығы жолымен iздеу салынған және анықталған адамдардың әртүрлі санаттарын тануды
жүргiзуге мүмкіндік беретiн әртүрлi ақпараттық-iздеу жүйелерiн құрудың кең мүмкiндiгін қамтамасыз ететiн қазiргi замандағы қуатты ДББЖ болып табылады.
Қазақстанда осындай бағдарламаны енгiзу хабар-ошарсыз жоғалған адамдарға, танылмаған мәйiттерге, өздерi туралы мәлiметтердi хабарлауға мүмкiндiгі жоқ балалар мен ауру адамдарға ғана емес, танылмаған мәйiттердiң сәйкестендiрушілiк белгiлерiмен қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған тұлғалардың ұқсас белгiлерiн салыстыру арқылы да тануды жүргiзуге мүмкiндiк туғызады, анықталынатын адамдардың дактилоскопиялық карталары жоқ кезде оның ерекше өзектілігі бар.
Көрсетiлген ДББЖ мүмкiндiктерi болашақта арнайы есепке алудың автоматтандырылған жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi, сондай-ақ арнайы ақпаратты халықаралық ақпарат алмасу бөлігінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының одан арғы жұмысына жаңа перспективалар ашады.
Соңғы жылдардың практикасы көрсеткенiндей, арнайы есепке алуды дамытудың осы кезеңiнде құқық қорғау органдарын ақпараттық қамтамасыз ету саласында бірiктiрiлген деректер банкiн құру қажеттілігі пісiп жетiлдi. Бұл құқық қорғау органдарының сұратуларын әзiрлеуге көп уақыт жұмсалатынынан туындады: орындалу мерзiмiмен қоса және почталық жөнелтiмдерiне де уақыт кетедi.
Мұндай банктi құру арқылы сұратуларды орындау және құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарына ақпаратты ұсыну (Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск конвенциясы келiсiмiнiң шеңберiнде) уақыты мейлiнше азайтылады.
Бұдан басқа, Комитеттің ақпараттық қорларына мүдделi мемлекеттiк органдарға қашықтан қол жеткiзудi ұсыну арқылы "Папилон" автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе базасында адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды одан әрi автоматтандыру қажет.
Тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, арнайы есепке алудың техникалық жарақталуын арттыру, арнайы бiлiм беру бағдарламаларын енгiзу, оларды жүргізуге қойылатын қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн арнайы есепке алу мәлiметтерiн қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс. Сонымен бiр мезгiлде, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары заңнамалық негiздерiнің жақындасуы, құқық қорғау саласындағы өзара iс-қимыл, әріптестік көмек болуы қажет.
Қазіргі уақытта, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының өзi қалыптасқан мемлекеттiк тетiк болып табылады. Бiрiншi кезекте, қылмыстылық жай-күйi, құқық қорғау органдарының, соттардың қызметi туралы статистиканы қалыптастырудың тиянақты режимi және осы жұмысты ақпараттық қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Арнайы есепке алуды жүргiзу, анықтамалық және мұрағаттық жұмыс тиiстi деңгейде жүзеге асырылуда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметiнiң саласы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлермен заң жүзiнде бекiтiлген әрi толық регламенттелген.
Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру мен дамытудың келесi кезеңдерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiн жинау, өңдеу, түсiндiру және сипаттау процестерiн автоматтандыруға көшiру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын қоғамдағы құқықтық құбылыстарға мониторинг пен оларды болжауды жүзеге асыратын басты талдау институты етiп өзгерту, осылардың негiзiнде қылмысқа және қоғамдағы өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бағдарламалары мен ұсынымдарын дайындау болып табылады.
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн құру және одан әрi реформалау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткiзу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектілерінің қызметін ақпараттандырудың міндеттерi кешенiн шешудi әрi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiн жинау, өңдеу, сақтау, жiктеу, түсiндiру, талдау, модельдеу және болжау процестерiн автоматтандыруды көздейдi:
1) бiрыңғай мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi құру;
2) құқықтық статистиканың салаларын кешендi дамыту;
3) жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу;
4) елдегi және өңiрлердегі заңдылық пен құқықтық тәртiптің жай-күйiн кешендi талдауды және болжауды жетілдiру, қоғамдағы құқықтық құбылыстардың кешендi мониторингi жүйесiн құру;
5) Қазақстанның мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiктiру, құқықтық статистикалық мәлiметтердi жариялау және тарату жүйесiн жетiлдiру;
6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында үздiксiз кәсiби бiлiм беру және кадрларды даярлау жүйесiн құру және жетiлдiру;
7) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, қолда бар халықаралық тәжiрибенi зерделеу.
4. Бағдарламаны іске асырудың негізгi бағыттары мен тетігi
1. Бiрыңғай мемлекеттiк құқықтық ақпараттық
статистикалық жүйенi құру
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын автоматтандыру шеңберiнде сотқа дейiнгi, соттық және атқарушылық iс жүргiзу процесiн шынайы статистикалық қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ББСЖ-ны енгiзу, ол өзiне мемлекеттік құқықтық статистикалық есептiліктi қалыптастыру, модемдiк байланысты қоса алғанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарын аудандық деңгейге дейiн компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін лицензияны алуды әрi ББСЖ бағдарламалық қамтамасыз етудi орнатуды; ББСЖ бағдарламалық компоненттерiмен жұмыс iстеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлерiн оқытуды қамтиды.
Арнайы есепке алуды электронды түрде жүргізу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және орнату қажет. Бұл Комитеттiң, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнiң тектерi бойынша және дактилоскопиялық картотекаларының мәлiметтерiн бiрыңғай электронды бiрiктiрiлген деректер банкiне бiрiктiру және құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға қашықтан қол жеткiзудi ұсыну болып табылады.
Бұл үшін:
1) анықтаудан, сот тергеуiнен және жазасын өтеуден жасырынған адамдар, хабар-ошарсыз кеткен адамдар және танылмаған мәйiттер туралы;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, белгілi бiр лауазымды иелену құқығынан айырылған, сот iс-әрекет жасауға қабiлетсiз деп таныған адамдар туралы;
3) мемлекеттiк органдардың тексеруiне ұшыраған және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар шаруашылық жүргізушi субъектiлер туралы;
4) құқық бұзушылықтар жасаған және құқық бұзушылықтар жасап әрi сол үшiн әкiмшiлiк немесе өзге де жауаптылыққа тартылған, сондай-ақ сот ic-әрекет жасауға қабiлетсiз деп таныған адамдар туралы мәлiметтерiмен бiрге iздеу салынған адамдар мен танылмаған мәйiттердiң басқа да санаттары туралы мәлiметтердi бiріктіру және салыстыру арқылы бiрiктiрiлген деректер банкiн құру қажет.
Бастапқы есепке алудың электронды құжаттарын аудандық деңгейде енгiзуден бастап және республикалық деңгейде ақпаратты жинақтау әрi алғашқы талдау жасаумен аяқтау арқылы арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң қолда бар ақпараттық массивi бойынша статистикалық есептiлiктi автоматты түрде қалыптастырудың, арнайы есепке алу мәлiметтерiн жүргізу мен салыстырудың және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң сұратуларын орындаудың бiрыңғай жүйесiн құру.
Бұл, бiрiншi кезекте, құқықтық статистикалық ақпараттың сапалығынан, уақытылы орындалуынан және шынайылығынан көрiнiс табады, оны қорытындылауға, түсiндiруге және "он-лайн" режимiнде орналастыруға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенi құру үшін негiз қалайды.
Геоақпараттық құқықтық статистикалық жүйенi құру құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алу мәлiметтерiн жүргізу, алынған ақпаратты талдау, ахуалды модельдеу және статистикалық көрсеткiштердi болжау процестерiн бастапқы автоматтандыруға негiзделедi.
Мұндай жүйенi қалыптастырудың бiрiншi (базалық) элементi бастапқы статистикалық есепке алудың электрондық құжаттарына негiзделген ББСЖ болуы тиiс. Жүйенiң келесi элементтерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу салалары бойынша бiрiктірiлген деректер банкi болады. Геоақпараттық жүйенiң негізгi компонентi алынған ақпаратпен алғашқы талдау iс-қимылын, оны модельдеу мен болжауды автоматты режимде жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызатын бағдарламалық қамтамасыз ету топтамасы болуы тиiс.
2. Құқықтық статистика бірыңғай кешендi салаларының дамуы
Құқықтық статистика салаларының бiрыңғай кешенiн бағыттар бойынша дамыту өзiне заң жүзiнде маңызы бар барлық оқиғаларды есепке алудың толассыз жүйесiн, кейiннен тиiсті шараларды iске асыру үшiн мәліметтердi құқық қолдану органдарына беру арқылы олардың түсiндiрулерiн, салыстыруларын, талдауларын және модельдеулерiн құру жөнiндегі iс-шараларды қамтиды. Бұл елдегi қылмыстар мен құқық бұзушылықтар субъектілерi туралы бастапқы ақпараттың үлкен көлемiнiң болуынан туындайды. Бұл ретте, мәліметтердiң әр түрлi санаттарына жататын ақпаратты салыстыру заңдылықтың жүйелi деңгейде сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi проблемалардың тұтас кешенiн шешуге мүмкiндiк туғызады.
Құқықтық статистика салаларының бiрыңғай кешенiн дамыту мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн стандарттау және бiрдейлендiру проблемаларын шешумен тiкелей байланысты және өзiне, сондай-ақ осы мiндеттердi шешу үшін қажетті ғылыми-әдiснамалық көзқарасты әзiрлеудi қамтиды.
Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн қалыптастыру, өңдеу, сақтау және пайдалану процестерiн регламенттейтiн мемлекеттiк стандарттар жүйесiн әзiрлеу әрi практикаға енгізу, Комитет жанынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі мемлекеттік стандарттардың электронды банкiн, сондай-ақ ақпаратты ұсыну кезеңiнде, "бip көзден жинау" кезеңiнде "бiр терезе" қағидаттары бойынша жұмыс iстейтiн ақпарат сервисінің бiрыңғай мемлекеттік электронды жүйесiн құру, мемлекеттік құқықтық деңгейдегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу дамытудың басым бағыты болып табылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жүргізетін құқықтық статистикалық бақылауға кодировка жасау мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында салалық статистикалық жiктеменi әзiрлеу және енгiзу.
Бұл ретте, жiктеме негіздерi мен кодировка әдiстерi Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына қайшы келмеуi тиiс.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бiрыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық сервис жүйесiн құру.
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында еуропалық стандарттарға қол жеткiзу стратегиясының мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс комиссиясын құру, өйткенi осы жұмыс алғашқы рет жүргізiлуде және мемлекеттiк статистика, стандарттау мен метрология саласындағы арнаулы білімдi, жалпы мемлекеттік мақсаттағы ақпараттық статистикалық жүйелердiң қызметін стандарттау кезiнде әлемдiк сахнада және мемлекет iшiнде қойылатын технологиялық және техникалық талаптардың толық топтамасын белгiлеу, сондай-ақ мәселенi зерделеу және одан әрi пысықтау үшін эталондық үлгі (стандарттар, әдiстемелiк ұсынымдар, халықаралық құқықтық актiлердiң көшiрмелерi және т.с.с.) болып қызмет ететін құжаттармен қоса стандарттаудың әлемдiк практикасын талдауды ұсынуды талап етедi.
Көрсетiлген стандарттар ҚР Президентiнiң жыл сайынғы халыққа Жолдауы мен ұзақ мерзiмдi "Қазақстан - 2030" Стратегиясының орындалуының мемлекетте жүйелi кiрiктiрiлген тиiмдi және сапалы құқықтық режимiнiң қалыптасуына құқықтық негiз қалауына арналған.
Құқықтық статистика мiндеттерiнiң күрделiлігі мен көп қырлылығы құқықтық статистикалық көрсеткiштер жүйесiн құрудың әдiснамалық қағидаттарын, әдiстемелiк тәсілдерiн әзiрлеуде, құқықтық статистикалық байқауды ұйымдастыру мен алынған ақпаратты өңдеуде көп қырлы (көп аспектiлі) көзқарасты талап етедi.
Жалпылама есепке алу мен есептілiкке негізделген, құқықтық статистикалық бақылауды ұйымдастырудың қолданыстағы жүйесi дәстүрлi түрде қолданылатын статистикалық әдiстердiң көмегімен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнен елдегі заңдылық пен құқық тәртiбiн объективтi сипаттайтын толық әрi сапалы ақпаратты жинауды қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстылық пен құқық бұзушылық статистикасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерiнiң мәлiметтерi негiзiнде қалыптастырылатын бастапқы есепке алу құжаттамасы негiзiнде қалыптастырылатыны мәлiм. Алайда, құқықтық статистикалық байқауларының дәстүрлi әдiстерi тiркелген қылмыстар мен құқық бұзушылық туралы ақпаратты осындай қоғамдық құбылыстардың жасырын сипаттағы деңгейiн бағаламай алуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, "оң" көрсеткiштердi көрсету және терiс көрсеткiштердi жасыру мақсатында статистикалық есептердi әдейi және
әдейi емес объективтi себептерден туындайтын бұрмалау, статистикалық есептiлiктің түрлерi мен деректердi ұсыну әдiстерiнiң жетiлдiрiлмеуi статистикалық есептiлiктiң бұрмалануы алынған ақпараттың шынайылығына әсер ететiн маңызды фактор болып табылады.
Осы жағдаят елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiптiң жай-күйiн құқықтық статистикалық байқаулардың әдiстерiн жетілдiру қажеттілiгiн туындатады.
Байқаудың жаңа әдiстерiн енгiзуге және алынған ақпаратты түсiндiруге жүйелi көзқарас iрiктемелi зерттеулердi, сауалнамаларды, сауал салуды жүргізуді, сарапшылық бағалауды, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың деректерiн кеңiнен пайдалану негізiнде құрылуы тиiс.
Осы мiндетті iске асыру үшiн қазiргі статистикалық байқауларды және оларды құқықтық статистика саласында қолдану дәрежесiн зерттеу жөнiнде кең ауқымды жұмыстар жүргiзу қажет.
Статистикалық есептіліктiң қолданыстағы нысандарын жетiлдiру, оларды оңтайландыруды жүргізу, халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру, мемлекеттік тiлге аудару қажет.
Осы мiндетті iске асыру шеңберiнде жасалған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және оларды тергеу нәтижелерi туралы ұлттық есептер жүйесiн құру мүмкiндiгiн зерттеу орынды, мұндай тәжiрибе АҚШ Әдiлет министрлiгінің Сот статистикасы бюросында енгізiлген.
Құқықтық статистика саласы бойынша әдiснаманы жетілдiру құқықтық статистикалық мәлiметтердiң шынайылығы проблемасын шешуге мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк және нормативтiк сипаттағы iс-шараларды бiлдiредi.
Кәсiпкерлік субъектілерiнiң қызметін тексерудi қоспағанда, мемлекеттік бақылаушы органдар жүргiзетiн барлық тексерулердi есепке алуды ұйымдастыру қажет.
Осы мiндеттердi шешу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары мен субъектiлерi тиiсті нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын бiрлесiп әзiрлеуi көзделуде.
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында, соның iшiнде Қазақстанда электронды үкiмет құру жүйесiнiң шеңберінде жаңа ақпараттық технологиялар енгiзу
Ақпаратты қағазсыз өңдеу технологиясына көшу үшін мыналар қажет:
- бастапқы статистикалық есептіліктiң электронды нысандарын енгізу және оны телекоммуникациялар арналары бойынша жинау;
- арнайы есепке алуды электронды режимде жүргізу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды жүзеге асыру;
- қылмыстар және құқық бұзушылық туралы мәлiмдемелер мен хабарламаларды есепке алу мен тiркеу жөніндегі функцияларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына берудi ұйымдастыру.
Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiнде құқықтық статистикалық ақпаратты электронды өңдеудi қамтамасыз ететiн жаңа ақпараттық технологиялар енгiзу, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы бiрыңғай ақпараттық ресурстар құруға мүмкiндiк беру.
Жаңа ақпараттық технологияларға көшудi қамтамасыз ету мақсатында мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
Интернеттi және Интернет технологияларын қолданып құқықтық статистикалық ақпарат субъектiлерiнiң және пайдаланушыларының қашықтан пайдалану жүйесiн құру және олардың "Қазақстандағы электронды үкiмет" жүйесiне кiрiгуi;
- деректердi зияткерлік талдау технологияларын игеру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алуға кiрген деректердiң шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн толық қағазсыз негiзiне кезең-кезеңiмен көшу.
Сөйтіп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жаңа технологияларды енгiзу аудандық буынға дейiнгi құқықтық статистиканың әрбiр субъектiсiне бiрiктiрiлген деректер базасында қамтылған мәлiметтердi жедел жiберудi, сұратулардың орындалу уақытын едәуiр үнемдеуге, мұрағаттық және басқа да қағаз картотекасын ұстау жөнiндегі ресурстарды босатуға мүмкiндік бередi.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мен бiрыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды құру құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға телекоммуникациялық қызмет көрсетудiң дамуына мүмкiндiк бередi.
4. Қоғамдағы құқықтық құбылыстарға кешендi мониторинг
жүйесiн құру
Қоғамдағы құқықтық құбылыстарға кешендi мониторинг жүйесiн құру өзiне мақсаты - қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мен заңдылықты сақтау жөнiндегі құқық қорғау органдарының қызметiмен байланысты проблемалық мәселелердi анықтау, ахуалдың даму үрдiстерiн болжау және қабылданатын шаралардың пәрмендiлiгi мен тиiмдiлiгiн бағалау болып табылатын, елдегі және өңiрлердегі криминогендiк жағдайды егжей-тегжейлi зерттеудi қамтиды.
Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртiптiк жай-күйiн кешендi талдау мен болжау жүйесiн жетiлдiру талап етедi:
- қылмыстылықтың мониторингі мен болжау ғылыми-талдау орталығын құру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының, оның iшiнде өңiрлердегі қызметінiң түйiндi бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу зертханаларын құру;
- азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуiн бiрыңғай есепке алуды ұйымдастыру;
- құқықтық статистикалық ақпарат субъектілерi мен пайдаланушыларды тарту арқылы заңдылық және құқықтық тәртiптiң жай-күйi мәселелерi бойынша статистикалық байқаулар жүргiзу.
5. Қазақстанның мемлекеттiк құқықтық ақпараттық
статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға
кiрiктiру, құқықтық статистикалық ақпаратты
жариялау мен тарату жүйесiн жетiлдiру
Қазақстанның мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесiн әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiктiру үшін мыналар қажет:
- дамыған елдерде жалпы қабылданған қылмыстылықтың жай-күйi мен заңдылықтың сақталуын бағалаудың статистикалық көрсеткiштерiн енгізу;
- статистикалық және талдамалық ақпаратты халықаралық тiлдерде жариялау;
- Интернет жүйесiндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "веб-сайтын" жетілдiру;
- барлық деңгейдегi пайдаланушыларды сапалы әрi қажетті құқықтық статистикалық ақпаратпен толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының полиграфиялық базасын құру және баспа қызметін жетілдiру;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жарияланымдардың кеңейтiлген жүйесiн (сериясын) бекiту;
- құқықтық статистикалық көрсеткiштер мен нормативтік-анықтамалық ақпараттың бiрыңғай жүйесінің каталогын басып шығару;
- құқықтық статистикалық ақпаратты пайдаланушылар каталогын басып шығару.
Құқықтық статистикалық ақпараттың жалпыға бiрдей қол жетімдi
деректерiн пайдаланушылардың құрамына мемлекеттік органдар, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан басқа, мүдделi шетелдік ұйымдар, үкiметтiк емес және қоғамдық бiрлестіктер, жеке компаниялардың кiруi көзделуде.
6. Yздiксіз кәсiби білiм беру мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында кадрларды даярлау жүйесiн құру
Үздiксiз кәсiби бiлiм беру мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында кадрларды даярлау жүйесi өзiне теориялық дайындықты, компьютерлiк сауаттылыққа үйретудi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу салалары бойынша сабақтас мамандықтарға зерделеудi, жоғары оқу орнынан кейiнгі дайындықты, мамандандыру мен біліктілік көтерудi қамтиды.
Көрсеткiштер, оларды есептеу әдiснамасы, статистикалық деректердi жинау, өңдеу, тарату және талдау әдiстерi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу процестерiн автоматтандыру жүйесi бөлiгiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алуды тиiсті реформалау бұл салада кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың
қазiргi жүйесiн әзiрлеу қажеттілігінен туындатады.
Бұл жүйенi дамыту тек құқықтық жоғары оқу орындарында олардың тиiсті бөлiмшелерiн (кафедраларын) ашуды, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау орталықтарын құруды, тиiстi семинарлар өткiзудi ғана қамтуы тиiс емес, сонымен қатар халықаралық тәжiрибенi, ең алдымен, ТМД елдерінің, Еуропалық Одақтың, АҚШ және басқа мемлекеттердiң қолда бар тәжiрибесiн зерттеудi талап етедi.
Бұл мiндеттi шешудегі аса маңызды iс-шара "Құқықтық статистика" мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы білім берудiң Мемлекеттік бiлiм беру стандартын әзiрлеу, оның негізiнде
үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзiрленуi әрi енгiзiлуi, оқу-әдiстемелік әдебиет дайындалуы және басып шығарылуы тиiс.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кадрларды, сондай-ақ барлық деңгейдегі оқу орындарының оқытушыларын
даярлау әрi қайта даярлау қамтамасыз етілуi тиiс.
Бұдан басқа құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметкерлерiн оқыту әрi олардың біліктілігін арттырудың маңызы зор. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С.Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртiп проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының бiліктілiгін арттыру институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті базасында Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары кадрларының бiлiктiлігін арттыру орталығын құру көзделуде.
Осы мақсатта мынадай бiрқатар iс-шараларды орындау қажет:
- елдiң мемлекеттiк жоғары заң оқу орындарында (ЖОО) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша бөлiмшелер (кафедралар) ашу;
"Құқықтық статистика" мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы бiлiм берудiң Мемлекеттiк бiлiм беру стандартын әзiрлеу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзiрлеу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттi басып шығару;
- Ғылыми-әдiстемелiк әзiрлемелер мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары кадрларының бiлiктілігін арттыру орталығын құру;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С.Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртiп проблемаларын зерттеу
және прокуратура органдары кадрларының бiлiктiлігін арттыру институтының базасы негізiнде "Құқықтық статистика" кафедрасын ашу.
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық тәжірибенi зерттеу
Республикадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алуды реформалау, статистикалық көрсеткiштер жүйесiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру жөнiнде қадамдар жасау, сондай-ақ қылмыстылыққа қарсы күрес және заңдылықты нығайтуға жәрдемдесетiн жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ұйымдармен және ТМД, Қытай, Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерiнiң ұлттық құқықтық статистика қызметтерiмен тұрақты өзара iс-қимылды және жан-жақты ынтымақтастықты ұйымдастыру зор маңызға ие болады.
Қазiргі уақытта, өңiрде трансшекаралық терроризмге, қылмыстың
ұйымдасқан нысандарына, нашақорлық қылмыстарына, қару мен оқ-дәрi саудасына, адамдар трафигіне қарсы iс-әрекет жасау түйiндi мәселесi өткiр қойылуда.
Осыған байланысты, құқық қорғау органдарының арасында тек
арнайы есепте тұрған адамдарға қатысты ғана емес, сонымен қатар талдау және әдістемелiк сипаттағы жедел ақпарат алмасу мәселелерiн шешу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектісi болып табылады.
Бұл үшiн автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу, талдамалық ақпаратты алмасу мәселелерi бойынша Ресей Федерациясының IIM БАО-мен ынтымақтастықты кеңейту көзделуде. Ғылыми және әдiснамалық ынтымақтастық саласында Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының жанындағы Заңдылық пен құқықтық тәртiптi нығайту ҒЗИ-мен, статистикалық деректер алмасу жөнiнде - Армения Республикасы Бас прокуратурасымен байланыс орнатылды.
Алайда, қылмыстылыққа қарсы күрес, қылмыскерлердің ұрланған мүліктi, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестіру және мәйiтті тану мәселелерi бойынша iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi кең ауқымды жобаларды iске асыру үшiн, тек тиiсті ведомстволар басшыларының саяси шешiмi ғана емес, сонымен қатар осындай ақпарат алмасу жөніндегi мемлекетаралық орталық құру, статистикалық есептiктiң мемлекетаралық нысандарын келiсу мәселелерiн шешу, мемлекетаралық конференциялар өткiзуге, практиканы зерделеу мен тәжiрибе алмасуға тиiсті бюджет қаражатын бөлу қажет. Ынтымақтастықтың осындай түрлерiн ТМД шеңберiндегі (ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестiру Кеңесi арқылы) құқық қорғау органдарының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бiрлескен күш-жiгерiмен жолға қою жоспарлануда.
Бұдан басқа, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы дамыған мемлекеттердiң тәжiрибесiн зерделеу мақсатында АҚШ Әдiлет министрлігі Сот статистикасы бюросымен және Федералдық тергеу бюросының статистикалық қызметiмен, Еуроодақ, Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiнің құқық қорғау және құқықтық статистика органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен байланыс орнату көзделуде.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында дамыған елдердiң тәжiрибесiн зерттеу мақсатында мыналар көзделедi:
- автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және
сатып алу, талдамалық ақпаратты алмасу мәселелерi бойынша Ресей Федерациясы IIМ БАО-мен ынтымақтастықты кеңейту;
- ТМД, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен статистикалық және құқықтық талдау ақпаратын және арнайы есепке алу мәлiметтерiмен алмасуды ұйымдастыру;
- ТМД елдерiнің құқықтық статистикалық ақпаратпен алмасу жөнiндегі мемлекетаралық орталығын құру;
- құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметтерi басшыларының мемлекетаралық конференциясын өткiзу;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша таяу және алыс шет елдердiң практикасын зерттеу және тәжірибе алмасу;
- AҚШ Әдiлет министрлiгi Сот статистикасы бюросымен және Федералдық тергеу бюросының статистикалық қызметiмен, Еуроодақ, Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiнiң құқық қорғау және құқықтық статистика органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен байланыс орнату.
8. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты, статистиканың жетiлдiру жөніндегі жекелеген жобаларды iске асыру бөлігінде халықаралық ұйымдар тарабынан техникалық көмек қаражаты, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргізiледi.
Бағдарламаны орындау үшiн 2005-2007 жылдары шамамен 4,5-6 млрд. теңге сомасына баламалы қаражатты игеру қажет. Шығындардың 35% ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзуге, консультациялық қызметтер мен мамандарды оқытуға, 45% - техникалық
және телекоммуникациялық құралдарын, бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз етуге, ақпараттық ресурстарды қорғауды дамытуға байланысты, өзге де ағымдағы шығыстар мен халықаралық ынтымақтастыққа арналатын шығындар 20% құрайды. Талап етілетiн қаражат республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне қарай әр жыл бойынша
жеке қаралуы тиiс.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі комитетiнiң қазiргi бюджеттiк бағдарламаларының шеңберiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының штат санын ұлғайту қажет.
Бағдарламаны iске асыруға 2005 жылы республикалық бюджеттiң қаражатынан қажеттi қаржыландыру көлемi талап етілмейдi, 2006 жылы - 2,582 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,5 млрд. теңге. 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар көлемi тиiсті қаржы жылына анықталады (нақтыланады).
9. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру:
- қылмыстылыққа қарсы күрес пен заңдылықты қадағалаудың негізгi бағыттары бойынша салыстырмалы және сапалы статистикалық деректердi және талдамалық ақпаратты тиiмдi қалыптастыруды қамтамасыз етуге;
- сәйкестендiру белгiлерi бойынша мәйiттердi тануға қатысты көрсеткіштердi арттыруға;
- бiрыңғай қағидаттар мен стандарттар негiзiнде заңдылықты сақтауды және құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегі шешiмдердi дайындау мен қабылдаудың пәрмендi жүйесiн құруға;
- қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық және әлеуметтік жүйесiн құруға арналған негіздi қалауға;
- заңдылықты сақтауды және құқықтық тәртiптi қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi iске асыру кезiнде құқық қорғау мен өзге де мемлекеттiк органдар қызметiнiң нәтижелілiгiн арттыруға;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына ұсынылатын бұрмалау бар бастапқы мәлiметтердiң санын төмендетуге;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын техникалық қайта жарақтандыру үшiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк негіз жасауға мүмкiндiк бередi.
7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2005.11.02. N 1091 , 2007.04.27. N 339 , 2008.02.12. N 134
Қаулыларымен.
____________________________________________________________________
Рет| Iс-шаралар | Аяқтау |Орын- |Орындау| Болжамды |Қар-
сa-| | нысаны |дауға |(iске | шығындар |жы-
ны | | |(iске |асыру) |(млн. теңге) |лан-
| | |асы- |мерзiмi|______________|дыру
| | |руға) | |2005|2006|2007|көз-
| | |жауап- | | | | |дері
| | |тылар | | | | |
___|__________________|_________|_______|_______|____|____|____|____
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
____________________________________________________________________
1. Бiртұтас мемлекеттiк құқықтық ақпараттық
статистикалық жүйенi құру
____________________________________________________________________
1. Қазақстанның Қазақстан БП 2008
бүкіл аумағын- Республи- (келi- жылғы - 880,1 190,7 РБ
да ББСЖ касының сiм 1
енгiзу Yкiметіне бой- тоқсан
есеп ынша)
2. Арнайы есепке Пайдалану- БП 2007
алуды электрондық ға беру (келi- жылғы - - 50,0 РБ
жүргiзуге арнал- актiсi сiм 3
ған бағдарламалық бой- тоқсан
қамтамасыз етудi ынша)
әзiрлеу және
орнату
3. Статистикалық Пайдалану- БП 2007
есептіліктi авто- ға беру (келi- жылғы - 168,9 50,0 РБ
матты түрде қалып- актiсi сiм 4
тастырудың, арнайы бой- тоқсан
есепке aлу мәлi- ынша)
меттерiн жүргiзу
мен салыстырудың
және арнайы есепке
алу мәлiметтерiнiң
қолда бар ақпарат-
тық жиынтығы
бойынша құқығын
статистика мен
арнайы есепке алу
субъектілерiнiң
сауалдарын орын-
даудың бiрыңғай
жүйесiн құру
____________________________________________________________________
2. Құқықтық статистика салаларының
бiртұтас кешенін дамыту
____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік құқық- Пайда- БП 2006 - 68,4 - РБ
тық статистика лануға (келі- жылғы
және арнайы есепке беру сiм 4-тоқ-
алу саласындағы актiсi бойын- сан
салалық статисти- ша),
калық сыныптауышты ИСМ
және мемлекеттiк
стандарттар
жүйесiн әзiрлеу
және практикаға
енгiзу
5. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.11.02. N 1091 қаулысымен)
6. Құқықтық статис- Қазақстан БП 2007
тика және арнайы Республи- (келi- жылғы - 140 - РБ
есепке алу аясында касының сiм 1
ақпараттық қызмет Yкiметіне бой- тоқсан
көрсетудiң бiрың- есеп ынша),
ғай мемлекеттiк ААЖ
электрондық жүйесiн
құру
7. Мемлекеттiк құқық- ҚР БП 2005
тық статистика Премьер- (келi- жылғы Талап етілмейді -
және арнайы есепке Министрi сiм 4
алу саласында өкiмінiң бой- тоқсан
Еуропалық стан- жобасы ынша),
дарттарға қол жет- ИСМ
кiзу стратегиясы
мiндеттерiн iске
асыру жөнiндегi
ведомствоаралық
жұмыс комиссиясын
құру
8. Статистикалық Статисти- БП 2007
есептілiктiң қол- калық (келi- жылғы - 31,7 33,4 РБ
даныстағы нысанда- есептiлiк сiм 4
рын жетiлдiру, нысанда- бой- тоқсан
оларды оңтайланды- рын ынша)
руды жүргізу, бекiту
халықаралық стан-
дарттарға сәйкес-
тендiру, құқықтық
статистикалық
есептілікті мемле-
кеттiк тiлде жүр-
гізудi ұйымдастыру
9. Құқықтық статисти- Қазақстан БП 2007
ка және арнайы Республи- (келi- жылғы - 133,8 79,6 РБ
есепке алу орган- касы сiм 4
дарында қылмыстар Президенті бой- тоқсан
мен құқық бұзушы- Әкімшілі- ынша)
лықтар туралы гіне есеп
арыздар мен
өтiнiштердi балама
есепке алу мен
тіркеудiң экспери-
менттік жүйесiн
құру
10. Кәсiпкерлiк Қазақстан БП 2008
субъектілерiнiң Республи- (келi- жылғы - 138,7 187,5 РБ
қызметiн тексерудi касының сiм 1
қоспағанда, мемле- Yкiметіне бой- тоқсан
кеттiк бақылаушы есеп ынша)
органдар жүргiзе-
тiн барлық тексе-
рулердi есепке
алуды ұйымдастыру
____________________________________________________________________
3. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу
____________________________________________________________________
11. Бастапқы статисти- Бағдарла- БП 2007
калық есептiлiктің малық (келi- жылғы - - 150 РБ
электрондық нысан- қамтама- сiм 4
дарын енгізу және сыз бой- тоқсан
оны телекоммуника- етудi ынша)
ция арналары қабылдау
бойынша жинауды актiсi
ұйымдастыру
12. Арнайы есепке Бағдарла- БП 2007
алуды электрондық малық (келi- жылғы - - 280 РБ
режимде жүргiзу қамтама- сiм 4
сыз бой- тоқсан
етудi ынша)
қабылдау
актісi
13. Құқықтық статисти- Бағдарла- БП 2007
ка және арнайы малық (келi- жылғы - - 450 РБ
есепке алу орган- қамтама- сiм 4
дарын техникалық сыз бой- тоқсан
және технологиялық етудi ынша)
қайта жарақтанды- қабылдау
руды жүзеге асыру актісi
14. Құқықтық статисти- Қазақстан БП 2008
ка және арнайы Республи- (келi- жылғы - - 130 РБ
есепке алу орган- касының сiм 1
дары мен субъектi- Yкiметіне бой- тоқсан
лерiнiң бөлінген есеп ынша)
деректер базасы
әкiмшiлерiнiң
қызметiн құру
____________________________________________________________________
4. Қоғамдағы құқықтық құбылыстардың кешенді мониторингі
жүйесін құру
____________________________________________________________________
15. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.27. N 339 қаулысымен)
16. Аймақтарды қоса Қазақстан БП 2008
алғанда, құқықтық Республи- (келi- жылғы - 75 45 РБ
статистика және касының сiм 1
арнайы есепке алу Yкiметіне бой- тоқсан
органдары қызметi- есеп ынша)
нiң басты бағытта-
ры бойынша ғылыми-
зерттеу зертхана-
сын құру
17. Азаматтардың Қазақстан БП 2008
мемлекеттiк орган- Республи- (келi- жылғы - 260 160 РБ
дарға өтiнiштерi- касының сiм 1
нiң бiрыңғай есе- Yкiметіне бой- тоқсан
бiн ұйымдастыру есеп ынша)
18. Құқықтық статисти- Статис- БП 2008
ка субъектiлерi тикалық (келi- жылғы - 120 135 РБ
мен пайдаланушыла- бақылау сiм 1
рын тарта отырып бойынша бой- тоқсан
заңдылық пен есептi ынша)
құқықтық тәртiп Қазақстан
жай-күйi мәселеле- Республи-
рi бойынша статис- касының
тикалық бақылау Үкiметiне
жүргiзу табыс ету
____________________________________________________________________
5. Қазақстанның мемлекеттiк құқықтық ақпараттық
статистикалық жүйесін әлемдiк ақпаратты ортаға біріктіру,
құқықтық статистикалық ақпаратты жариялау мен тарату
жүйесiн жетілдіру
____________________________________________________________________
19. Қылмыскерлiк пен Қазақстан БП 2007
заңдылықты сақтау Республи- (келi- жылғы Талап етілмейді -
жай-күйiн бағалау- касының сiм 1
дың дамыған елдер- Yкiметіне бой- тоқсан
дегi жалпыға таны- есеп ынша)
мал статистикалық
көрсеткiштерi
жүйесiн енгізу
20. Статистикалық және Қазақстан БП 2008
талдамалық ақпа- Республи- (келi- жылғы - 1,2 1,7 РБ
раттарды халықара- касының сiм 1
лық тiлдерде Yкiметіне бой- тоқсан
жариялау есеп ынша)
21. Бас прокуратураның Bеб-сайтты БП 2007
Интернет желiсiн- жаңарту (келi- жылғы - 0,9 0,9 РБ
дегі веб-сайтын сiм 4
жетiлдiру бой- тоқсан
ынша)
22. Баспаханалық Қазақстан БП 2008
базаны құру және Республи- (келi- жылғы - 40 80 РБ
құқықтық статисти- касының сiм 1
ка және арнайы Yкiметіне бой- тоқсан
есепке алу орган- есеп ынша)
дарының баспагер-
лiк қызметiн
жетiлдiру
23. Құқықтық статисти- Құқықтық БП 2005
ка және арнайы статисти- (келi- жылғы Талап етілмейді -
есепке алу сала- ка және сiм 4
сындағы жарияла- арнайы бой- тоқсан
нымдардың кеңей- есепке ынша)
тiлген жүйесiн алу сала-
(сериясын) бекiту сындағы
жарияла-
нымдар
жөнiндегi
iс-шара-
лар
жоспары
24. Құқықтық статисти- Жарияла- БП 2006
калық көрсеткiш- ным (келi- жылғы - 1,8 - РБ
тердiң және норма- сiм 4
тивтiк-анықтамалық бой- тоқсан
ақпараттардың ынша)
бiрыңғай жүйесiнiң
тiзiмдемесiн
шығару
25. Құқықтық статис- Жарияла- БП 2006
тикалық ақпаратты ным (келi- жылғы - 1,8 - РБ
пайдаланушылардың сiм 4
тiзiмдемесiн бой- тоқсан
шығару ынша)
____________________________________________________________________
6. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
үздiксiз кәсiптiк білiм беру мен кадр даярлаудың жүйесiн құру
____________________________________________________________________
26. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.12. N 134 Қаулысымен)
27. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.12. N 134 Қаулысымен)
28. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.12. N 134 Қаулысымен)
29. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.27. N 339 қаулысымен)
30. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.27. N 339 қаулысымен)
____________________________________________________________________
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
халықаралық тәжiрибелердi зерделеу
____________________________________________________________________
31. РФ IIМ БАО-мен Ынтымақ- БП 2005
автоматтандыру, тасу, (келi- жылғы Талап етілмейді -
бағдарламалық техноло- сiм 2
қамтамасыз етудi гиямен бой- тоқсан
әзiрлеу және сатып және ынша),
алу, талдамалық тәжiрибе ІІМ,
ақпараттармен алмасу, СІМ
алмасу мәселелерi бiрлескен
бойынша ынтымақ- iс-шара-
тастықты кеңейту лар
жоспары
туралы
шарт
жасасу
(Қазақстан
Республи-
касының
Үкiметiне
есеп)
32. ТМД, ШЫҰ мүше- Мемлекет- БП 2005
мемлекеттер ара- аралық (келi- жылғы Талап етілмейді -
сында статистика- келiсiм сiм 3
лық және талдама- бой- тоқсан
лық құқықтық ынша),
ақпараттармен және СІМ
арнайы есепке
алумен алмасуды
ұйымдастыру
33. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.12. N 134 Қаулысымен)
34. Құқық қорғау Конферен- БП 2005
органдары ақпарат ция (келi- жылғы - 2,5 - РБ
қызметi басшылары- сiм 4
ның мемлекетара- бой- тоқсан
лық конференциясын ынша),
өткiзу СІМ,
IIМ
35. Таяу және алыс Қазақстан БП 2008
шетелдермен құқық- Республи- (келi- жылғы - 3,5 4,5 РБ
тық статистика касының сiм 1
және арнайы есепке Yкiметіне бой- тоқсан
алу мәселелерi есеп ынша)
бойынша тәжiрибе
алмасу практикасын
зерделеу және
тәжiрибе алмасуды
ұйымдастыру
36. АҚШ Әдiлет Қазақстан БП 2008
министрлiгі Феде- Республи- (келi- жылғы Талап етілмейді -
ралдық тергеу касының сiм 1
бюросының сот Yкiметіне бой- тоқсан
статистикасы және есеп ынша),
статистикалық СІМ
қызмет бюросымен,
Еуроодақ, Азия-
Тынық мұхит өңiрi
елдерінің құқық
қорғау және статис-
тикалық органдары-
ның тиiстi бөлiм-
шелерiмен байланыс
орнату
____________________________________________________________________
2005 жылға - қаржы шығынын талап етпейді; Республикалық бюджеттен 2006 жылға - 2582500 мың теңге; 2007 жылға - 2232300 мың теңге.
Ескерту: 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар көлемi тиiсті қаржы жылына арнап анықталатын (нақтыланатын) болады.
ББСЖ - Бiрыңғай бiрдейлендiрiлген статистикалық жүйе;
ТМД - Тәуелсiз мемлекеттер достастығы;
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы;
АҚШ - Америка құрама штаттары;
ЖОО - Жоғары оқу орны;
РФ IIМ БАО - Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнiң Бас ақпарат орталығы;
С.Есқараев атындағы институт - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы Заңдылық, құқықтық тәртiп проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институты