"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 716 Бұйрығы. Қазақстан Респбликасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3966

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің базасын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1216 тіркелген, N 1632 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 595  бұйрығына  енгізілген толықтыруларымен; N 2053 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 713  бұйрығына  енгізілген өзгерістер және толықтырулармен; N 2570 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 91  бұйрығына  енгізілген өзгерістер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы лицейлерінің қызметтерін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерінде:
      1-тармақтағы "жоғарғы сатысында" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Лицей жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11-сыныптарының базасында мынадай құрылымдар бойынша ұйымдастырылады:
      бастауыш саты (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметінің негізгі іскерліктері мен дағдыларын игеруді, теориялық ойлаудың элементтерін, өзін-өзі бақылау дағдылары мен өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабілеттерінің дәрежесін анықтауға бағытталған;
      негізгі саты (негізгі мектептің 5-9 сыныптары) оқушының базалық дайындығымен қатар бейін алды дайындықты қамтамасыз ететін негізгі мектептің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгерудің негізінде оқушының жеке басын қалыптастырудың шарттарын қамтамасыз етеді;
      жоғарғы саты (10-11 сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушылардың жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.
      Лицейдің негізгі және жоғарғы сатылары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істейді.";

      бірінші абзацтың 11-тармағындағы "жалпы орта білім берудің негізгі сатысын аяқтаған" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Есбосынова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр