"Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 50/105 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3954

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңының  12,  50-1 баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 128/164  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3038 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 17/39 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен реттелмейтін бөлігінде пайдаланудың тәртібі жөніндегі ережелерде:

      4-тармақта:
      3) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін іске қосудың мөр басылып жабылған паролін ашады және оны енгізу жолымен электрондық сайлау жүйесін іске қосады. Бұл ретте парольдің сақталу шараларының бүтіндігіне алдын-ала көз жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы".

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы