Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамысының 2005 жылғы 29 қазандағы N 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3951

Қолданыстағы

      "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министрі
      2005 жылғы 15 қараша

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2005 жылғы 29 қазандағы  
N 133 қаулысымен бекітілген 

Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының
шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесі

      1) N 200 немесе N 210 декларациясы нысаны бойынша жеке табыс салығы туралы салық декларациясы (салық төлеушінің данасы);
      2) Қолма-қол шетел валютасының Қазақстан Республикасына әкелінуін растайтын кеден декларациясы.