Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 02.06.2014 № 338 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 02.06.2014 № 338 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Б.С.Камалиев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын.
3. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 440-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2114 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 25-26, 861-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі Ә.Қ. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 337-І бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге
арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 02.06.2014 № 338 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманы ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі
2. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама (бұдан әрі - ведомстволық сараптама) - осы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі - Комитет) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісіне талдау бағасын беру үшін жол саласы ұйымдарының өтінімі бойынша жүргізетін бағалау іс-қимылдары мен тұжырымдау жүйесі.
3. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама мыналарға ұсынылған материалдардың сараптамасын қамтиды:
1) қабылданған көлемді-жоспарлы және сындарлы шешімдердің қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтың негізділігіне, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне;
2) техникалық құжаттамада көзделген жөндеу көлемінің негізділігіне және орындылығына;
3) көрсеткіштердің, соның ішінде жөндеу есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына.
4. Ведомстволық сараптаманы жүргізу үшін Комитет төрағасының бұйрығымен Комитеттің қызметкерлерінен құрамы 5 адамнан кем емес сараптау тобы құрылады.
5. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар:
1) ведомстволық сараптама жүргізуге арналған еркін нысандағы өтініш;
2) техникалық құжаттама ұсынылады.
6. Техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
7. Бекітілген негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін Қазақстан Республикасының қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) жаңадан әзірленетін техникалық құжаттама үшін белгіленген тәртіппен ведомстволық қайта сараптамаға жатады.
8. Қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама оны әзірлегеннен және ведомстволық сараптаманы жүргізгеннен кейін үш жыл ішінде ол бойынша жөндеу басталмаған, ескірген болып есептеледі және пайдаланылуы мүмкін емес.
9. Ведомстволық сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен оны өтпеген бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама аяқталмаған болып есептеледі және оны пайдаланып, жөндеу жұмыстарын орындауға жол берілмейді.
10. Техникалық құжаттаманы осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген сараптамалық топтың оң қорытындысынсыз бекітуге жол берілмейді.
11. Оң қорытынды алған жағдайда сараптамалық топ техникалық құжаттаманы бекітуге ұсынады, егер ұсынылған құжаттар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда сараптамалық топ себептерді көрсете отырып, техникалық құжаттаманы пысықтауға қайтарады.
3. Қорытынды ережелер
12. Сараптамалық топтың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
13. Сараптамалық топтың мүшелері қаралатын техникалық құжаттама бойынша құпиялылықты сақтауы тиіс.