Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2
қаулысымен
бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесіне сәйкес, Комиссияның жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу туралы шешімінің (2005 жылғы 12 қыркүйектегі хаттама) және "Киіктерді ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа оларды алуға тыйым салуды енгізу туралы" биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (05.09.2005 ж. N 03-1-2-7/6747) негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. Киіктерді ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды алуға тыйым салу белгіленсін.
2. Жануарлар дүниесі басқармасы жыл сайын, 2006-2011 жылдар бойы:
1) бюджетті қалыптастыру кезінде киіктерді қорғау, санын есепке алу және олар мекендейтін жерлерде қасқырларды ату жөніндегі іс-шараларға қаржы қаражатын ескерсін;
2) киіктер санын есепке алу деректерінің негізінде оларды алуға тыйым салу мерзімін жою, өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар жасасын.
3. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларының (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) киіктер алуға тыйым салуды қамтамасыз ету ату жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Н.А.Хадыркеевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы