Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салуды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 206 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3880. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 қарашадағы № 704 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.11.10 № 704 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2  қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесіне сәйкес, Комиссияның жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу туралы шешімінің (2005 жылғы 12 қыркүйектегі хаттама) және "Киіктерді ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа оларды алуға тыйым салуды енгізу туралы" биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (05.09.2005 ж. N 03-1-2-7/6747) негізінде  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда, 2011 жылға дейін оларды алуға, сондай-ақ олардың мүйіздері мен өнімін жинауға, дайындауға, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салынсын.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 286 бұйрығымен.
      2. Жануарлар дүниесі басқармасы жыл сайын, 2006-2011 жылдар бойы:
      1) бюджетті қалыптастыру кезінде киіктерді қорғау, санын есепке алу және олар мекендейтін жерлерде қасқырларды ату жөніндегі іс-шараларға қаржы қаражатын ескерсін;
      2) киіктер санын есепке алу деректерінің негізінде оларды алуға тыйым салу мерзімін жою, өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар жасасын.
      3. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларының (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) киіктер алуға тыйым салуды қамтамасыз ету ату жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қ.Ш.Мұсабаевқа жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 286   бұйрығымен .
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы