"Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 345 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3862. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.11 № 360 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  19-бабының 12-тармақшасына және  433-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 400  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3116 болып тіркелген және 2004 жылғы 30 қазандағы N 44 (201) "Официальная газетада", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. N 41-44, 1042-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауында және 1-тармақтағы "мемлекеттік шекарасында" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы бұйрықпен бекітілген Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      атауында және бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік шекарасында", "мемлекеттік шекарасы арқылы" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік шекара" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтағы "Иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі туралы мәліметтер" деген сөздер "Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Терең радиациялық тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі қабылданады:
      1) тауарды жүкті жөнелтушіге қайтару туралы;
      2) тауарды сараптамаға жіберу туралы;
      3) тауарды мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу туралы.";

      Ережеге 3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер журналы".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрлігі
      Атом энергетикасы
      комитетінің төрағасы

      2005 жылғы 26 тамыз

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің төрағасы

      2005 жылғы 5 қыркүйек