Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3847

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиялау мәселелерi жөнiндегi кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының кейбiр қаулыларына лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2233 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 21 сәуiр - 4 мамырда жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2233 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 17 қыркүйектегi N 341 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2534 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 20 қазан - 2 қарашада жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      4. Төлем жүйелерi департаментi (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
2005 жылғы 27 тамыздағы    
N 93 қаулысына қосымша    

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлетiн қаулыларының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 662 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 1999 жылғы 18-31 қаңтарда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы  N 390 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1334 тiркелген), 2002 жылғы 13 мамырдағы  N 169 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1886 тiркелген) қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге, мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану ережесiнде:
      13-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында банкаралық клирингтi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргiзуге лицензия беру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 16 маусымдағы N 273  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1212 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2000 жылғы 31 шiлде - 13 тамызда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2796 тiркелген) бекiтiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге, мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында банкаралық клирингтi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргiзуге лицензия беру ережесiнде:

      4-тармақтың 5) тармақшасындағы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы" деген сөздер өзгермейдi;

      6-тармақтағы "уәкiлеттi орган белгiлеген" деген сөздер "осы Ереженiң 1-1-қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын:

                                        "Қазақстан Республикасында
                                           банкаралық клирингтi
                                             жүзеге асыру және
                                          Қазақстан Республикасы
                                           Ұлттық Банкiнiң банк
                                         операцияларының жекелеген
                                         түрлерiн жүзеге асыратын
                                       ұйымдарға банкаралық клиринг
                                          жүргiзуге лицензия беру
                                           ережесiне 1-1-қосымша

           Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
        асыратын ұйымдарға теңгемен банкаралық клирингтi
                           жүзеге асыруға
                              ЛИЦЕНЗИЯ

                               нөмiрi _____
                       берiлген күнi _____ жылғы "___"_____

      Осы лицензия Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының __________ жылғы "___"__________ N __________
қаулысына сәйкес __________________________________________________
           (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
___________________________________________________________________
  ұйымның атауы және орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркелген күнi
                             және нөмiрi)

берiлдi және теңгемен банкаралық клирингтi жүзеге асыру құқығын
бередi.
      Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшiншi
тұлғаларға берiлмейдi.
      Осы лицензия бiр данада берiледi.

      Төрағаның орынбасары                                     ".

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.28 N 57 қаулысымен.