"Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3830. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.

      "Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 82-ө  өкімін жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 470  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3111 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2004 ж., N 41-43, 1034-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      6-тармағының екінші абзацындағы "орын" деген сөз "орын мен кезең" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті (С.С.Хасенов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр