Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ә. Жеңісов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 10-1/52 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің күші жойылды деп танылған бұйрықтардың тізімі

      1) «Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын мемлекеттік қаражаттандырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1491 тіркелген, 2001 жылғы № 23, 409-құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған);
      2) «Өсімдіктер карантині бойынша фитосанитариялық бақылауға алынатын карантинге жатқызылатын негізгі өнімнің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1898 тіркелген);
      3) «Мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 340 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2410 тіркелген);
      4) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 13 шілдедегі № 373 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 тіркелген, 2005 жылғы № 15, 114-құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған);
      5) «Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 470 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 тіркелген);
      6) «Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 526 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйек, № 110 (734) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      7) «Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық домдау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 тіркелген, 2006 жылғы 1 қыркүйек № 158 (964) "Заң газеті" жарияланған);
      8) «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 19 маусымдағы № 360 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5725 тіркелген, 2009 жылғы 7 тамыз № 119 (1542) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      9) «Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 766 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6731 тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыз № 94-97 (26499) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).