"Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсететін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3793

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсететін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3497 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсететін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышында:

      "Мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын қызметтер" бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1, 2, 7, 8, 9, 24, 25, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-кодтарында:
      "ЖБ 8 2 260 006 000" деген жол "ЖБ 4 2 260 007 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 8 2 359 006 000" деген жол "ЖБ 4 2 359 007 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      9 "Пайдалану бағыттары" бағанында "125" деген сан алып тасталсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 3, 4, 5, 6-кодтарында:
      "ЖБ 4 2 261 006 100, 101" деген жол "ЖБ 4 2 261 006 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 4 2 360 003 000" деген жол "ЖБ 4 2 360 003 100, 101" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 4 2 360 005 100, 101" деген жол "ЖБ 4 2 360 005 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 4 3 360 10 100" деген жол "ЖБ 4 3 360 10 100, 101" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 6 1 360 16 000" деген жол "ЖБ 6 1 360 16 100" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 8 2 260 006 000" деген жол "ЖБ 4 2 260 007 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 8 2 359 006" деген жол "ЖБ 4 2 359 007 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 7-кодында:
      "РБ 4 2 225 00 000" деген жол "РБ 4 2 225 009 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 25-кодында:
      "РБ 4 2 613 008 100" деген жол алып тасталсын;
      "Сот сараптамасы органдары ұсынатын қызметтер" бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 55 және 56-кодтарында:
      "РБ 3 2 221 002 000" деген жол "РБ 3 9 221 002 000" деген жолмен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар ұсынатын қызметтер" бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 39, 42, 43 және 45-кодтарында:
      9 "Пайдалану бағыттары" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      ақылы қызметтер көрсету үшін қажетті жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алу және жөндеуге;
      ақылы қызметтер көрсету үшін тартылған мамандардың қызметіне ақы төлеуге;
      шаруашылық шығыстарға (жылытуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алуға, көлік қызметтеріне ақы төлеуге);
      үй-жайды жалдауға, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекілік материалдарды сатып алуға;
      мұрағаттану, құжаттану, археография және қосымша тарих пәндері мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиетті басып шығаруға (139, 141, 143, 144, 145, 146, 147, 149, 411)";
      "Мемлекеттік кітапханалар және мемлекеттік мұрағат-қорықтар көрсететін қызметтер" бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 47-кодында:
      "ЖБ 8 3 455 007 000" деген жол алып тасталсын;
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 48-кодында:
      "РБ 8 3 200 017 000" деген жол "РБ 8 1 200 008 100" деген жолмен ауыстырылсын;
      "ЖБ 8 3 262 008 000", "ЖБ 8 3 361 009 000", "ЖБ 8 3 455 006 000", "ЖБ 8 3 455 007 000", "ЖБ 8 3 460 006 000" деген жолдар алып тасталсын;
      "Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері көрсететін қызметтер" бөлімінде:
      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 52 және 53-кодтарында:
      "ЖБ 10 3 254 007 000" деген жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр