Өтініш-декларациясының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 27 маусымдағы N 174 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3742

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің  383 бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өтініш-декларациясының нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Техникалық реттеу және метрология бойынша басқарма осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге тапсырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Момышев Талғат Амангелдіұлына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

                                       Қазақстан Республикасы
                                 Индустрия және сауда министрлігінің
                                  Техникалық реттеу және метрология
                                          комитеті Төрағасының
                                    2005 жылғы 27 маусымдағы N 174
                                          бұйрығына қосымша

                Өтініш-декларациясының нысаны

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
____________________________________________________________________
     (сәйкестікті растау бойынша органның  атауы, мекен-жайы)
____________________________________________________________________
                                           КСД N ___________________
ӨТІНІШ-ДЕКЛАРАЦИЯ N ____  (қолдану құқығы берілмеген)
20 ___ ж. "___" ____ 20 ___ ж. "___ "  _____дейін қолдануға жарамды.
____________________________________________________________________
                        (кәсіпорын басшысы)
____________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
арқылы______________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы, СТН)
____________________________________________________________________
                             (мекен-жайы)
өзінің жауапкершілігі арқылы________________________________________
                                            (өнімнің атауы)
СЭҚ ТН _____________________________
____________________________________________________________________
             (партия көлемі, тауардың ілеспе құжаттары)
_______________________________________________ әзірленген өнімнің
        (елі, кәсіпорын атауы, фирмасы)
адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны  қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,  өтініш берген уақытта қолданылатын осы өнімге белгіленген
____________________________________________________________________
           (нормативтік құжаттың атауы және белгісі) 
барлық талаптарына сәйкестігін мәлімдейді және кедендік ресімдеуден соң өнімді өткізу ісін жүргізбейді және  өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органда тіркелген күнінен бастап _________ күн ішінде
                                          (бір айдан аспайтын)   
белгіленген тәртіппен растайды.

      М.О.                Кәсіпорын басшысы_____________________
                                              (қолы, аты-жөні)

      Осы өтініш-декларация
"___" _____________ 200 __ ж. N  ____________________  шарт бойынша
____________________________________________________________________
           (сәйкестікті растау бойынша органның атауы)
тіркелген және бақыланады.
      Өтінім беруші декларацияланған өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізуден бас тартқан жағдайда қолданыстағы заңдарға сәйкес шара қолдану үшін техникалық реттеу және метрология саласындағы өкілетті органның аймақтық органдарына ақпарат жөнелтіледі.

      М.О.    Сәйкестікті растау бойынша органның басшысы
              немесе өкілетті тұлға ________________ (қолы, Т.А.Ә.)