"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2443 тіркелген, 2003 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 17 басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2924 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер жарияланған акциялардың санын ұлғайту жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялар санын ұсақтау арқылы (бұдан әрі - акцияларды ұсақтау) жүзеге асырылған жағдайда, уәкілетті орган куәлікте және ілеспе хатында жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұсақтау есебінен ұлғайғандығын көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Акциялар шығарылымының проспектісіне акцияларды ұсақтаумен байланысты өзгерістер енгізілген жағдайда, эмитент уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепке енгізілген өзгерістерді және акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаның түпнұсқасын уәкілетті органға ұсынады.
Көрсетілген өзгерістер назарға алынып, уәкілетті орган акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде ауыстырады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2750 тіркелген, 2004 жылы Финансовый вестник N 2-3 журналында жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3103 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3577 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:
22-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1. жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялардың санын ұлғайтумен байланысты (акцияларды ұсақтау) тіркелген тұлғаның жеке шотына акциялардың санын ұлғайту туралы жазба жазу;";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер бар:
1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлға жеке шотының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) акцияларды ұсақтау үйлесімдігі;
7) операцияларды жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8) акцияларды ұсақтауға берілген нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.";
29-тармақта "тіркеуші" деген сөзден кейін ", осы Ереженің 29-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Тіркеуші акцияларды ұсақтау операциясын эмитент ұсынған жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұлғайту есебінен ұлғайтылғанына нұсқауы бар уәкілетті орган эмитентке берген ілеспе хаты, сондай-ақ жарияланған бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару арқылы акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлуге шығарған эмитенттің бұйрығы негізінде жүргізеді.".
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.