Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2443 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2924. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысымен (қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз). 

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2011.07.15 № 309 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Бұйырамын :
      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде N 2573 тiркелген "Мемлекеттiк емес ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 421  қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733  бұйрығына (бұдан әрi - Бұйрық), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      Бұйрықтың 1-тармағында "1-5-қосымшаға" деген сөздер "1-3, 5-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Бұйрықтың 1-қосымшасының 8-тармағының екiншi абзацы және тиiсiнше 4-қосымшасы алынып тасталсын;

      Бұйрықтың 2-қосымшасында:
      15-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
8. | Ұйымның қаржылық-экономикалық | мың теңге |      |      |
   | жағдайы                       |           |      |      |
___________________________________________________________________

      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";
      көрсетiлген Бұйрықтың 3-қосымшасында:
      кестенiң реттiк нөмiрi 4-8-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.Бектұрғановқа жүктелсiн.

      Министр