Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру жүйесін жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесінің әділет органдарының қолдануы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74
бұйрығына
мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
19-тармағы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Азаматтардың өтініші бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты қысқалау мерзімде алу үшін, құжаттарды ақылы негізде жеделдетіп әзірлеуді қолдану мүмкін.";
21-тармақтағы "10" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы