"Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1370 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенi журналында жарияланған 2001 ж. N 13, 349-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiнде:
5-тармақта "кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң бағыттары мен мамандықтарының" деген сөздер "бакалавриат мен магистратура мамандықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Магистратура жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады.";
12-тармақта "мiндеттi стандарттарына" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктеуiшiне, оқу-бағдарламалық құжаттамаларға, бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарының жұмысына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырлсын.
13-тармақта "әлеуметтiк-гуманитарлық, iргелi, психологиялық-педагогикалық пәндер және мамандықтар мен мамандандырулар пәндерi" деген сөздер "базалық және бейiндiк циклдарды қамтитын мiндеттi және таңдауы бойынша компоненттер пәндерi тiзбесiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Магистратураның бiлiм беру бағдарламасы:
1) базалық пәндер;
2) бейiндiк циклдарды қамтитын пәндер;
3) практика;
4) магистрлiк диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;
5) қорытынды аттестаттаудан тұрады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тарих пен философия ғылымы және шет тiлi бойынша магистранттарды даярлау мазмұны тиiстi кандидаттық минимумның бағдарламаларын барынша жақындатылған болуы тиiс. Магистратурада тапсырылатын тарих пен философия ғылымы және шет тiлiнен емтихандары кандидаттық емтихандарға теңестiрiлуi мүмкiн.";