БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 679 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы
N 762
; 2004 жылғы 24 наурыздағы
N 184
; 2005 жылғы 26 сәуірдегі
N 249
бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы N 343
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді" бекіту туралы"
аталған бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың және азаматтарға жүргізуші куәлігін берудің тәртібі туралы ережелерде:
10-тармақта:
бірінші абзацтағы "ЖП бөлімшелерінде теориялық және практикалық емтихандарды, "Е" категориясына - практикалық емтихан, ал трамвай немесе троллейбус басқаруға теориялық емтихан тапсырғандарға беріледі." деген сөздер ", сондай-ақ трамвайды немесе троллейбусты басқару құқығының жүргізуші куәлігі ЖП бөлімшелерінде теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан ЖП қызметкерлерінің қатысуымен оқу аяқталғаннан кейін оқу ұйымдарында өткізіледі.";
47-тармақтың екінші абзацындағы "және практикалық емтихандарды" деген сөздер "емтиханды" деген сөзбен ауыстырылсын;
52-тармақтағы "теориялық және практикалық емтихан" деген сөздер "теориялық емтихан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшада "практикалық" деген баған және "алғашқы рет немесе қайтадан", "тапсырды, тапсырмады" деген кіші бағандар алынып тасталсын;
8-қосымшада "практикалық" деген баған және "топ бойынша", "әрбір шебер бойынша" деген кіші бағандар алынып тасталсын;
"Көлік құралын жүргізу құқығын алу үшін біліктілік емтиханын өткізу әдістемесі" деген 12-қосымшада:
2, 3, 5-тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Емтихан теориялық білімдерін тексеру және көлік құралдарын басқару құқығын беру мақсатында жүргізіледі.";
3, 4-тараулар алынып тасталсын; 2, 3-қосымшалар алынып тасталсын.