"Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiн, олардың түрлерi мен көлемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 мамырдағы N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3670

Қолданыстағы

      Халықтың денсаулығын сақтау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiн, олардың түрлерi мен көлемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2609 тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiнде:
      20-тармақтағы "және тамақтану" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Емдеу-алдын алу iсi департаментi (Нерсесов А.В.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) заңнамада белгiленген тәртiппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрi С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы